Павлодарда ұзату тойына барған қонақтар жаппай уланып қалған

321
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_3331-960x500.jpeg?token=0021629ae38e9b53c5cf3a02b73334dc

Павлодарда қыз ұзату тойына барған қонақтар жаппай уланып қалды. Оқиға облыс орталығындағы банкет залының бірінде орын алған. Бұл туралы ұзатылған қалыңдық Азиза Исабай видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Тойдан кейінгі келесі күні  бірнеше адам өздерін нашар сезініп, ауыра бастаған. 8 маусым күні іш өту, құсу және дене қызуының көтерілуі белгілерімен жедел жәрдемге 33 адам жүгінген, оның ішінде бір жүкті әйел мен бір бала болған.

 “26 ересек науқас ауруханаға жеткізілді, бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың барлығына тағамнан орташа ауырлықтағы улану диагнозы қойылды, жағдайы ауыр науқастар жоқ”, –  деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясында.  

Ал 9 маусымда тойға барған басқа да науқастарда медициналық көмекке жүгінген. Барлығы 15 адам

жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілсе, 14 адам үйлерінен ем алуға жіберілді. 

“Бүгінгі күні ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы интоксикация, диарея және гипертермиялық синдромға байланысты орташа ауыр деп бағалануда. Олар толықтай ем қабылдап жатыр. Ал амбулаторлық емделуден өткендерге ұсыныстар берілді”, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында. 

Ұзатылған қалыңдық Азиза Исабай мұндай жағдай мейрамхана асханасының кесірінен болғанын айтады. 

Салат жеген қонақтардың барлығы уланған. Салат жемей, бәліш қана жеп, шырын ішкен  күйеуміз екеуміз және қонақтардың балалары аман қалды. Банкет залының асханасынан сынама алынды, жауабын күтеміз”, – деп ашулы Азиза Исабай.

Оның айтуынша, банкет залының әкімшілігі қонақтардың жаппай уланып жатқанын біле тұра, шаралар өткізуді жалғастырып отыр.

Комментарии