Шерзат ісі. Сот үкімі 5 маусым күні шығарылады

941
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/bbdb6f56-4d59-4bbe-9c61-c322ca28133a-960x500.jpeg?token=cddb774ecbe60a58bc5071c932d370b2

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында үзіліс жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.

«Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда сағат 16.00- де жарияланатын болады», - деді судья Ержан Жанұзақов. Жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырыстары Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. Сотталушылардың бәрі істеген ісі үшін өкінетінін айтты.

Еске салайық, кеше прокурор қандай жаза сұрағаны айтылды.

Сонымен қатар прокурор куәгер қыздардың іс-әрекетін қайта тексеру керек екенін атап өтті.

Ал сотталушының адвокаты Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғауды өтінді.

Бүгін Дархан Әскентай мен Равиль Сәкиев соңғы сөзін айтты.

Олардан кейін Нұрбол Тоқтаубаев пен Азамат Тоқтаубаев сөз сөйледі.

Жарыссөзде тағы 4 айыпталушы соңғы сөзін айтқанын жаздық.

Комментарии