"Экономикалық тұрғыдан болашағы жоқ халық... Бәрібір ертең құритын халық..."
"Адырна" ұлттық порталының "Таразы" бағдарламасының кезекті қонағы - тарихшы, академик Хангелді Әбжан.
ХХ ғасырда болған ашаршылық тақырыбында сөз қозғалды. Профессор:
- Біз неден өлмедік? Біз жоңғармен соғыста да өлдік, Қытаймен қақтығыстан да, көтеріліс, соғыс тұсында да өлдік, ашаршылықтан да қырылдық. 1897 жылы Ресей империясы санақ жүргізгенде қазақтың саны 4 млн болды, ал өзбектің саны 700 мыңдай ғана болды. Ал қырғыз
сынды басқа халық саны жүз мыңдай ғана болды. Біздің зиялылар Ресей империясының зиялыларымен де иық тірестіріп тұрды. Тынышбаев, басқа азаматтардың үлкен саясатқа араласуы интеллектуалды жоғары тұрғанын көрсетті. Олар өз қарсыластарына амал қалдырмады. Қазақ зиялылары империяның зиялылары болды. Неше түрлі дау-дамайға қатысып, жобалар ұсынды. Ең сорақысы - ашаршылық, - деп пікір білдірді.
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында шыққан сұхбатты толық тамашалаңыз!
https://youtu.be/nWbkftO83Xg?si=uXp8XzMrLjFwk-Xt
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз