Қайта оралған Хан Кене. Еңселі ескерткіш орнына қонды

1017
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/6e958388-3673-4c8e-a837-9b7135e020fa-960x500.jpeg?token=97b0f25ada65287ee2a77aa6308aa7a4

Астанада Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта өз орнына қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Өткен жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Кенесары ханның ескерткіші алынып тасталған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болды. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, расталмаған ақпарат тараған болатын. Шын мәнінде ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Енді қазір бұрынғымен салыстырғанда биіктігі де ұзартылды. Бүгін, міне, жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды" - деді Ерлан Қарин.

Өткен жылы қараша айында Ресей президенті Владимир Путин келер алдында Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан ескерткішті уақытша алып тастаған болатын.  Астананың Мәдениет басқармасы оның себебін ескерткіштің қауіпті деп танылғанымен және іргетасы қисайып, құлау қаупінде тұрғанымен түсіндірген еді.

Комментарии