Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

1487
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/bc7b7474-0dd9-4bb7-b0c0-a1d16feb86a5-960x500.jpeg?token=13092663f9922f5a9747127b89d653ba
Астанада 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Фейерверк 9 мамыр күні сағат 22:00-де екі негізгі локациядан атылып, елордалықтар мен қонақтарға жарқын әсер сыйламақ: Әрбір алаңда шамамен төрт мыңға жуық отшашу атылады. Мерекелік шараны ұйымдастыруға демеушілер қаржы бөлген. Астаналық әкімдік тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және отшашуды арнайы белгіленген орындардан тамашалауға шақырды. Жарқыраған фейерверк бейбіт өмір мен қаһармандар ерлігінің нышанына айналмақ.
Комментарии