Чили мен Аргентина жағалауына жақын орналасқан Дрейк бұғазы аумағында бірқатар күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап.
Жұма күні таңғы уақытта алғашқы жерасты дүмпуі 7,4 магнитудамен тіркеліп, цунами қаупі жарияланған. Тұрғындар жағалаудан
жедел түрде эвакуацияланды.
Сейсмологтар күні бойы 5-тен 6,4-ке дейінгі магнитудадағы 13 афтершок болғанын хабарлады. Барлық жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Чили президенті Габриэль Борич жағдайға байланысты барлық қажетті ресурстар жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз