Имамоғлу билікке қатысы бар брендтерге бойкот жариялауға үндеді

890
Adyrna.kz Telegram
Фото: 1news.az/
Фото: 1news.az/

Қамауда отырған Экрем Имамоғлу Түркияның қазіргі билігіне қатысы бар брендтер мен компанияларға бойкот жариялауға үндеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіне жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мен партиямыздың төрағасы Өзгүр Өзел ұсынған бойкотты қолдаймын. Миллиондаған азаматтарымызды осы бойкотқа қосылуға шақырамын», – дейді Имамоғлу.

Оның пікірінше, бойкот мақсаты – біздің БАҚ пен кәсіпті жою емес, қайта оларды бұғаудан босату, еркіндікке жеткізу.

«Олар жылдар бойы демократияға қарсы биліктің, азғантай ғана топтың айтқанына көніп келді. Олар қоғамды үрейде ұстап отыр. Уақыт өзгерді. БАҚ пен кәсіпке де таңдау жасайтын кез келді», – деп үндеді Имамоғлу.

Айта кетсек, Халық республикалық партиясының төрағасы Өзгүр Өзел өткен аптада Түркияда билікті жақтайтын брендтер мен компанияларға бойкот жариялауға шақырған.

Еске салайық, Түркия президенті Реджеп Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоғлу өткен аптада қамауға алынған. Оған жемқорлық жасады, терроршы топтарға көмектесті деген айыптар тағылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер