Қаралы жексенбі. Қостанайда бір әулеттен 4 адам уланып қайтыс болды

1009
Adyrna.kz Telegram
Сурет: egemen.kz
Сурет: egemen.kz

Қостанай облысында төрт адам көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды. Қайғылы оқиға 17 қараша күні Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіне қарасты Қарынсалды ауылында болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көмірқышқыл газынан улану салдарынан төрт адам, соның ішінде 2021, 2022 және 2016 жылы туған балалар мен 1957 жылы туған атасы қайтыс болды. Тағы үш адам – әкесі, анасы және 2020 жылы туған ұлы Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді»,—делінген хабарламада.

«ТобылИнфо» басылымының мәліметінше, отбасы аз қамтылған санаттан болған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада жекеменшік үйдегі өрттен төрт бала қаза тапқанын жазған едік.

Пікірлер