"Президентке қастандық жасағандар жазаланады". Беларусь билігі жаңа заң жобасын ұсынды

1087
Adyrna.kz Telegram
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдің қазіргі парламентіне мен бұрынғы президент пен олардың отбасы мүшелеріне қарсы қоқан-лоққы үшін қылмыстық жауапкершілік шараларын кеңейтетін заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Президенттің бұл шешімі мемлекет басшысы мен оның жақын туыстары мемлекеттік қызметте жүргенде де, қызметтен кеткеннен кейін де қорғауды күшейтуге бағытталғаны айтылды.

Заң жобасындағы ұсынылған түзетулерге сәйкес, зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқыту, ел президентіне немесе оның отбасына қарсы бағытталған мүлікті жою немесе бүлдіру үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланбақ.

Ал онша ауыр емес бұзушылықтар жасаған жағдайда үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалады. Осыған ұқсас шаралар Беларусьтің бұрынғы президенті мен оның туыстарына қарсы кез келген әрекеттерді жасағандарға да қолданылмақ. Қабылданатын шаралардың арқасында олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін де сақталатын ерекше мәртебесін көрсетеді.

Пікірлер