Динара ЗӘКИЕВА: Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат

989
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 1 маусым күні ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қазақстандағы барша баланы және ел азаматтарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Закиева біздің ақылды, талантты, үміт артқан балаларымызбен мақтанатынын жеткізді.

Еліміздің бетке ұстар азаматтары боласыздар деп сенемін. Сіздерге шын жүректен қызықты да танымды балалық шақ, бақыт, денсаулық және амандық тілеймін!, - деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Бұдан кейін Динара Закиева барша ата-ананы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, елімізде біз бұл салтанатты күнді дәстүрлі түрде мереке ретінде атап өтетінімізді еске салды.

Балалар еліміздің ең маңызды құндылығы! Сонымен қатар, балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау қоғамның әр мүшесі үшін басымдық екенін бәріміз түсінуіміз керек! Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат.Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдыры үшін бірінші кезекте біз жауапты екенінімізді үнемі есте ұстауымыз керек" деді ол.

Оның айтуынша, бір өкініштісі, статистика балаларға қауіптің жиі төнетінін көрсетеді.

Күн сайын үш бала терезеден құлап, уланудан, жарақаттанудан, көлік апатынан қайтыс болып жатыр. Зорлық-зомбылыққа қатысты трагедиялардың көбін болдырмауға болушы еді, 70% жағдайда айналадағы адамдар уақытында әрекет етпеді.Сондықтан бүгін, Балаларды қорғау күні, мен, қымбатты ата-аналар, ересектер, бәріңізді, балаларға сезімталдық пен жауапкершілік танытуға, балалар қорғаушысы болуға, оларға қиын жағдайда көмектесуге, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті болдырмауға шақырамын! Біздің балалық шақты қорғаудың ұлттық жүйесінде біз биліктің барлық тармақтарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылы мен қолдауына сенеміз. Бәріміз бірге балаларымыздың бақытты балалық шағы үшін қажет нәрсенің бәрін жасай алатынымызға кәміл сенемін!,-деп сөзін қорытындылады уәкіл.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dinara Zakiyeva (@zakiyevadinara)

 

Пікірлер