32 сағатқа созылған отадан соң дәрігер сұлап түсті

399
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kb9XXj2i8sNShiW7fgkjPVyiMGBt6Xoy8akcIq1w.webp

Әзербайжандық дәрігер Парвин Мирзалиев тоқтаусыз 32 сағат бойы ота жасап, оны сәтті аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Операцияның себебі – мидың алып артериовенозды мальформациясы болған.

Бұл – қан тамырларының туа біткен аномалиялық өрілуі.

Мұнда артериялар капиллярлық желіні айналып өтіп, тікелей веналармен қосылады.

Ота соңында дәрігер шаршап талып қала жаздағанымен, өзін жинап, «Жеңіс!» белгісін көрсетіп, тағы бір науқасқа жаңа өмір сыйлады.

Комментарии