Ресей коммунистері Хрущевтің Сталин туралы баяндамасын қате деп таныды

381
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r0HLGF8dRADCeyNYHER1FsXi7im17AfltrGNtYYV.jpg

Ресей Коммунистік партиясы Иосиф Сталиннің жеке басқа табынуын айыптаған Никита Хрущевтің баяндамасын қате деп таныды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Мәскеу облысында өткен съезде қабылданған қарарда Хрущевтің ХХ партия съезінде жасаған «Жеке басқа табыну және оның салдары» атты баяндамасы «қате және саяси тұрғыдан біржақты» деп сипатталған. Бұған дейін «Интерфакс» агенттігі қарар жобасының мәтінін жариялап, оның Сталинге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге бағытталғанын жазған болатын.

Жобада: «Хрущевтің баяндамасы шындыққа жанаспайтын деректер мен И.В. Сталинге қарсы жалған айыптауларға толы. Онда Сталиннің мемлекеттік және партиялық қызметі туралы ақиқат бұрмаланған», – делінген.

Коммунистер Ресей президенті Владимир Путинге Волгоград қаласы мен Волгоград облысына бұрынғы атауын — “Сталинград” пен “Сталинград облысы” — қайтару туралы ұсыныс жолдайтынын мәлімдеді.

Соңғы жылдары Ресейдің ондаған қаласында Сталинге арналған ескерткіштер

Новости по теме

орнатылған. Мәселен, 2025 жылдың мамыр айында Мәскеу метросында Сталин бейнеленген мүсіндік композиция ашылды. Бұл ретте, сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштердің жойылып жатқаны да атап өтіледі. Биыл сәуір айында Волгоград әуежайына «Сталинград» атауы берілді.

1956 жылы 25 ақпанда Никита Хрущев КОКП ХХ съезінің жабық отырысында «Жеке басқа табыну және оның салдары» атты тарихи баяндамасымен шыққан болатын. Онда Сталин режимінің бірқатар қылмыстары атап көрсетіліп, олар бір адамның билікті асыра пайдалануынан туындағаны айтылды.

Баяндамадан кейін ГУЛАГ лагерлерінен миллиондаған саяси тұтқын босатылды, ал Сталиннің жеке тұлғасына табыну процесі әлсірей бастады. Бірақ бұл үрдіс нақты түрде 1961 жылы өткен XXII съезден кейін күшейіп, сол кезде Сталиннің денесі Ленин мавзолейінен алынып, оның есімі қалалар мен көшелер атауларынан алынып тасталды, ескерткіштері бұзылды.

Комментарии
Новости по теме