Ресей билігі демографиялық деректерін жауып тастады

404
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AOhzatxzKapgV09BCsUjLK75QOjIOurzgDouyI4E.jpg

Ресей Федерациясы билігі елдегі демографиялық ахуалға қатысты маңызды статистиканы жариялауды тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Moscow Times басылымына сілтеме жасап. 

Мамыр айында жарияланған «Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы» атты есепте халықтың табиғи өсімі, туу мен өлім-жітім саны, неке мен ажырасу көрсеткіштері, көші-қон және тіпті елдегі жалпы халық санына қатысты мәліметтер мүлде жоқ. Бұған дейін Росстат тек наурыз және бірінші тоқсан бойынша жалпы сандарды ғана келтіріп, аймақтық бөліністегі деректерді ұсынбаған.

MMI сарапшылары бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Ресей үкіметінен

түсініктеме беруді немесе деректерді қайта жариялауды талап етті.

«Біз елде қанша адам өмір сүріп жатқанынан, қаншасы туып, қаншасы қайтыс болғанынан бейхабар қалып отырмыз», – делінген сарапшылар пікірінде.

Сарапшылардың айтуынша, Украинамен соғыс Ресейдегі демографиялық дағдарысты одан әрі ушықтырған. Бұған дейінгі Росстат болжамы бойынша, 2046 жылға қарай Ресей халқы 138,8 миллион адамға дейін азаюы мүмкін. Табиғи кему 12 миллионнан асатын болады, алайда бұл көрсеткіш көші-қон есебінен ішінара өтеледі деп күтілуде.

 

Комментарии