Тоқаев Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады

367
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2017/02/N.Nazarbaev.png

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.

Президенттің құттықтау хатында мерейтой иесінің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретіндегі тарихи еңбегі және Қазақстан

Республикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі атап өтілген.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы тұңғыш Президенттің ел астанасын көшіру туралы шешімінің Қазақстан экономикасын дамыту мен халықаралық беделін нығайтудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық тіледі.

Комментарии