• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Басты тақырып » Бұл тапсырыспен жасалған – Денис Теннің анасы

    Бұл тапсырыспен жасалған – Денис Теннің анасы

    Былтырғы жылы бүкіл Қазақстанды емес, спорт әлемін қара жамылдырған Денис Теннің ісі бойынша сот отырысы жалғасуда.

    Басты сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Денистің анасы Оксана Тен мұның жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбейтінін айтты.

    “Бірінші секундтан-ақ мұның жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім. Олай ойлауыма тек ана жүрегі емес, ішкі түйсік те себеп болған жоқ… іспен таныстым. Тергеу мұқият жүргізілді, қылмыскерлер тез арада табылды. Осыған атсалысқандарға рақмет айтамын. Денис үшін материалдық құндылықтар артық емес. Бұл нұсқамен еш келіспейтін себебім мен Денистің қалай әрекет ететінін білемін”, – дейді анасы.

    “Менің ойымша, бұл тапсырыспен жасалып отыр. Оған көптеген дерек дәлел. Денистің ол күні жұмысы көп болды, 19 шілдеде де қолы бос болған жоқ. Бізде барлығы жазылып тұрады. 23 шілдеде Астанаға үлкен іс-шараға ұшып кетуі тиіс болатын”, – деді Оксана Тен.

    Айыпталушы Жанар Толыбаеваның қорғаушысы бұл айыппен келіспейді. Сот мәжілісінен кейін журналистерге түсініктеме берген адвокат Амангелді Сариев «Бұл қылмысқа ешкімнің, үшінші, төртінші адамдардың қатысы барына дәлел жоқ. Мұнда адамды өлтіру құрамы жоқ. Көрдіңіздер ғой, телефондары, ақшасы, айфоны, көліктің айнасы бәрі қалған. Қарақшылық жасағысы келсе, сумканы босатып алып кетпей ме», – деп жауап берді.

    Айта кетейік, осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді.

    Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы (“Ұрлық”) бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары (“Қарақшылық”) бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары (“Адам өлтiру”) бойынша айыпталып жатыр.

    Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары (“Ұрлық”) бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары (“Адам өлтiру”) бойынша айыпталып жатыр.

    Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (“Ұрлық”) бойынша және 434-бап бойынша (“Қылмыс туралы хабарламау”) айыпталып жатыр. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

    Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Ресми мәлімдемеде , спортшы ұрылардың үстінен түскен. Ұрылардың артынан қуған Дениске күдіктілер пышақ жұмсап, спортшы, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

    “Адырна” ұлттық порталы

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Орталық Азияны Сирия мен Ирактан да ыстық тозақ күтіп тұр

    Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында ИГИЛ террористерінің Ауғанстанда күшеюі мен нығаюына қатысты көптеген ақпараттар жарияланды. Бұл ...