Home » Дәстүр мен дін (page 3)

Дәстүр мен дін

Ұлт құндылықтары-бала тәрбиесінің қайнар көзі

Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері ұлттық құндылық- тарының мәніне ие болады және өскелең ұрпақтың азаматтық, отаншылдық, рухани-адамгершілік жан-дүниесінің  қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді. Ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат ...

Read More »

Салт-дәстүр – ұлттық құндылықтардың бастауы

Халық даналығында «Ұлтыңды сақтағың келсе, қызыңды тәрбиеле»,– деген тәмсіл бар. Қыз тәрбиесіне енжар қарауға болмайды. Болашақ жар, келін, ана ретінді қазақ халқы қыздарын құрметтей де, тәрбиелей де білген.   Қазақстанда соңғы деректерге жүгінсек 51775 отбасы ажырасып кеткен. Ажырасқан отбасылардың барлығында кәмелетке толмаған баллар бар. Жартылай отбасында тәрбиеленіп, әкенің немесе ананың мейіріміне зәру болып өскен баллардың көңілі жарым болып өсетінін психолог мамандарсыз ...

Read More »

Жамбы ату

Жазда Алматыда халықаралық этнофестиваль өтті. Дәстүрлі ән-күйі мен ұлттық спортын паш етуге Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Венгрия, Моңғолия, Тыва Республикасы және тағы да басқа елдерден өнер иелері қатысты. Этнофестиваль қала сыртында өтетіндіктен арнайы автобус та жалдап қойыпты. Аптадағы екі демалысымызды да осы фесивальдің көрермені болуға арнадық. Ұлттық спорт дегеннен жамбы атуға ерекше қызығып, бірнеше сағат тамашаладық. Қарасақ, ат үстінде садақ керіп, ...

Read More »

Дін мен дәстүр

Дін мен дәстүр сабақтастығы көптен бері қаузылып келе жатқан тақырып. Дәстүрлі дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпыдан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол себебті біздер дін мен дәстүрді құрметтеп,одан ажырап кетпеуіміз керек. Әр ұлттың, халықтың, діні мен дәстүрі болады. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік – мәдени сана. Дін дегеніміз- әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Діннің негізгі мақсаты-адамның ...

Read More »

Прокурорға қой бақтырған ана

«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» БАЙҚАУЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР Жақында облыс прокуроры Құса­йын Игембаев өзінің фейсбук­тегі парақшасында анасы туралы жаз­ба жариялап, жерлестері «батыр Баян» деп атаған ол кісінің өткір мінезді адам болғанын, бала тәр­биесіне қатаң қарағанын сөз етіп, қала про­курорының орынбасары қыз­метінде ауылға келгенде бастан өткерген оқиғасын, анасының өзін қалай сынағанын еске алыпты. Сол жазбадан үзінді келтіруді жөн көрдік. «Сенбі ...

Read More »

Тарпаңдарды тақымында тулатқан Тәттімбет

«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» БАЙҚАУЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР   …Үржар ауылының қақ ортасында аяғына саптама етік, басына пұшпақ тымақ киген еңсегей бойлы қазақ көзіме оттай басылды. «Дәу де болса, өткенде Астанада шу асаулардың арынын басқан Тәттімбет Кәпұлы ағамыз осы болар» деп, көлігіне мініп кеткелі жатқан жерінде барып сәлем бердім. Дәл өзі екен. Осылайша, «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» ...

Read More »

Өзгені емес, алдымен өзіңді біл

«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» АТТЫ БАЙҚАУҒА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР   Ілияс Есенберлиннің « Көшпенділерінде» Абылай ханның түс көруі туралы аңыз айтылады. Аңыз мынандай еді: түсінде Абылай арыстан қуады. Енді жеттім бе деп сойылын сілтей бергенде, арыстан жолбарысқа айналып қашады. Қуып жетсе, онысы қасқырға, қасқыр – түлкіге, түлкісі – қоянға айналып қашып, діңкесін әбден құртады. Ақырында оның қуған аңы құрт-құмырысқаға ...

Read More »

Қазақы таныммен түс жорыта білеміз бе?

Адам ата Хауа ананы ең алдымен түсінде көрген дейді. Алла тағала Адамды ұйықтатып, сол уақытта Хауа ананы жаратып, оның бас жағына отырғызып қойыпты. Адам ата оянғанда, Алла тағала одан бас жағында отырғанның кім екенін сұрапты. Адам ата: «Иә, Құдай, бұл Сен түсімде көрсеткен елес қой» депті. Бұл адамзаттың көрген алғашқы түсі екен. Бүгінгі таңда түс жоруға арналған орыс және қазақ ...

Read More »

Ұлт мінезі-ұрпақтан

Қайырбек департаменттің қабылдауына жазылғалы көп болды. Кіріп-шығып жатқандардың жүзіне, жүріс-тұрысына қарап отыр. Қабылдауға кіргендердің көпшілігі әлдебір жақсы кәсіптің тұтқасын ұстайтындарға ұқсайды. Көңілдері тоқ адамдар. Қасында кешеден жүрген өзі сияқты екі-үш кісі ғана бар екенін байқады. Қабылдауды ұйымдастырып жүрген қасы-көзі сүрмеленген аппақ қыз, әлде келіншек пе, шолақ көйлектінің ызасы өтіп болды. Өзі әдейі істейтіндей столға әлде бір қағазды қараған боп, еңкейіп-тоңқайғанда ...

Read More »