Home » Дәстүр мен дін (page 2)

Дәстүр мен дін

Жалғыз жүрек – сан сауал

Отарлық саясатты бастан өткермегенде қазақ бүгінгідей бүлінбеген болар еді. Бүгінгі қазақ – үш тілі, екі әліпбиі һәм бірнеше ала шұбар діни сенімі бар ел. Жасырып не қылайық, бүлінбеген тағдыр, бұзылмаған отбасы қалды ма? Қанға құмар қызыл империя орнағанға дейін, яғни орыс патшалығына қараған шақта қазақтың тілі де, ділі де һәм діні де өз тұғырында еді. Совет үкіметі орнап, жер-жерде қызыл ...

Read More »

Бүгінгі «провокатор» – ертеңгі террорист

Қазақстанның Білім және ғылым министрі өткенде өңкей журналисті жиып, брифинг өткізген еді. Сағадиев «сарбаздары» һәм БжҒМ қабылдап жатқан өзгерістерді егжей-тегжейлі сол кезде жаздық.  «Бәрекелді» дейтін жерінде біз де бәрекелдіге бастық. Десе де сол жиында бір дүние ескерусіз қалды. Академик Сағадиевтің министр баласы мектептердегі бірыңғай форма жайлы айтты. Соның ішінде діни сипаттағы киім үлгілері мектептерге жарамайтынын тілге тиек етіп, даудың нүктесін ...

Read More »

Қазақ халқының діни мәдениетінің қалыптасуындағы ұлттық құндылықтардың рөлі

Кез келген мемлекеттің, қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктер ғасырлар бойы қалыптасып отыратын мемлекеттің мүддесімен, ұлттың тарихымен және өмір сүру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар болмаса ұлттың мәдениеті, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейлік сақталмайды. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей ...

Read More »

Діні пәктің ділі пәк, ділі пәктің тілі пәк

Бүкіл жаратылыс атаулыны өз құдіретімен, шексіз сүйіспеншілікпен жаратқан Аллаға сансыз мақтаулар болсын. Пайғамбарымызға (с.а.у), оның жанұясына, сүйікті сахабаларына және осыларға ізгілікте ерген барша момын мұсылмандарға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі болғай! Ұлттық құндылық – ел бірлігі. Ұлттық құндылықтардың әрбір елде өзіндік алатын орны бар. Сол секілді, дәстүрлі қазақ қоғамы үшін де, ұлттық құндылықтар мен діни құндылықтар ажырағысыз байланыста болып табылады. ...

Read More »

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ

Біздіңше, дін – қайсыбір қоғам-қауымға, жалпақ жұртқа бағытталса, дәстүр нақтылы бір ұлтқа арналған дүние. Тағы, бұлардың арасында қылдай жіп-жіңішке шекара бар. Оны ақ пен қара, ащы мен тұщыны анық ажыратар таным-таразыны, парасат-пайымды басшылыққа алу арқылы ғана байқап-бағамдауға толық негіз бар. Бүгіндері ел ішін алатайдай бүлдірген, нигилизмге негізделген діни-экстремистік ағымдар салт-дәстүр, әдет-ғұрып, бай әдеби қазына, мәдени мұра, тарих, шежіре секілді атадан ...

Read More »

Қазақтың бірінші Майқысы – адамзаттың алғашқы Ұстазы!

Ең басты құндылық – рухани мұра Ұлттың басты құндылығы – рухани мұрасы. Түгел сөздің түбі бір, түп  атасы Майқы би дегенді әр қазақ баласы білетін шығар. С. Қондыбай, осы Майқыны «Бірінші Абыз» деп атайды да,  үндіарийлық Ями, авесталық Иима, германдық Имир, т.б. ежелгі образдармен салыстырады. Б. Тілеубердиев «Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері» кітабында Майқы биді қазақ атаулы халықтың түп қазығы, ұлы ...

Read More »

Діншілдік пен дүмшелік

Арабтар құдайды «Аллаһ» деп танығанымен, оны құдайдың «шын аты» деп танту – барып тұрған надандық. Ұлы Жаратушының «ұлты» жоқ… Оны мұндай нәрсеге – бір ұлтқа «байлап қоюға» болмайды. Тәңір Тағаланың басқа да мыңдаған мүбәрак есімі бар. Әр халық оны өзінше ұлықтайды. Мысалы бізді орыстар «казах», өзбектер «қозоқ», қытайлар «хазакы» деп атайды. Одан біз өзгеріп (суть не меняется) кетпейміз. Кім қалай ...

Read More »

Ізгілікпен ізіне ертіп, іргемізді сөгіп жүрмесін

Үскірік аяз шарпыған қыстың көзі қырауда жылусыз отырған жұпыны үйлерге тонналап тегін көмір түсіріп кететін қайырымды жандарды кездестіріп пе едіңіз? Тіпті, сенбейтін де шығарсыз. Ал иланғаннан күннің өзінде мұндай ізгілікті адамдарға ерекше таңданыспен алғыс жаудырып, аяғына жығыла салуыңыз бек мүмкін. Неге дейсіз ғой? Өйткені, сіз де, біз де мына қоғамда қайтарымсыз қайырымдылық жасайтын шын мәніндегі жомарттарға шөліркеп жүрміз. Біздің қоғамның ...

Read More »

Адал сөздің ғұмыры ұзақ

Қазақ елі қаншама “ақтабанды” басынан кешірген, көп әдет-ғұрыптарынан, мінезінен айырылғаны, соның ішінде еркіндігінен, тәуелсіздігінен. 1991 жылдан бастап елдігімізге ұмтылған жас Қазақстанның алдында ұлттық құндылықтарды қалпына келтіру басты назарда болды.Ұлттық құндылықтарымызда нақтылап алмай “Ел болам деу” бос қиял емес пе? Бір мемлекетте бірнеше тіл өмір сүргенмен, бірнеше ұлт бірдей дінді ұстай алмайтыны түсінікті. Жаңа мемлекет демократия, экономиялық-әлеументтік жетістік, ішкі татулық жағдайында ...

Read More »