• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар (page 61)

    Жаңалықтар

    Маясаровтың қанжығасы майланды

     Екі күнге жалғасқан өнер додасында «Халықтық музыка» номинациясының домбырамен ән айту категориясында бас жүлдені Жақсыгелді Маясаров иеленді. Ал үздік домбырашы атағы мен медальді Астаналық Бегджанов Сәкен қанжығасына байлады.  Еліміздің әр өңірінен жас жүректің үкілі үмітін үлбіретіп бақ сынауға келген өнерпаздарға әділ бағасын берген қазылар алқасы қатарында дәстүрлі әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова сынды дүлдүл әншілер ...

    Read More »

    Әлия Назарбаева «Қазақ Елі» фильмінде басты рольді сомдауы мүмкін

    Әлия Назарбаева Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қолға алынған «Қазақ елі» тарихи көпсериялы фильмінде басты рольді сомдауы мүмкін. Картинаның продюсері Арман Әсеновтің мәлімдеуінше, Әлия Назарбаевамен бүгінде Әмір Темірдің немересі Рәбия сұлтан бегімнің ролін сомдау туралы келіссөздер жүрзілуде. Тамыз айында басталған түсірілім жұмыстары бүгінде Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шошанай ауылында жүріп жатыр. Ал, қыс мезгілінде түсірілім тобы «Қазақфильм» киностудиясының жабық павильондарында сарайдың ...

    Read More »

    Атыраудан 2500 жылдық тарихы бар қазан табылды

    Атырау тарихи-өлкетану музейі жаңажәдігермен толықты. Осы жолы археологтар Индер ауданы аумағындағы Борсықты қорымынан қоладан құйылған тайқазан тапты, деп жазады «Хабар» арнасының сайты. Мамандар  қазанның тарихын осыдан 2500 жыл бұрын Хазар теңізін мекендеген сарматтар дәуірімен байланыстырып отыр. Бұл жәдігерлер – біздің дәуірімізге дейінгі 3-5 мың жылдықтардың мұрасы. Сыйымдылығы шамамен 100 литрлік мына тайқазанның бір ерекшелігі – майысып, қабыстырлған. Мамандар қазанның бүйірінен 27 тесік ...

    Read More »

    Ежелгі Тараздан жүзге жуық алтын мен күміс бұйымдар табылды

    Ежелгі Тараз қалашығын қазу нәтижесінде 97 алтын және күміс заттар табылды. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры, танымал жамбылдық тарихшы Тәкен Молдақынов осы бір жұмыстардың басы-қасында болып, Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында үлкен олжаға кенелді. «Ежелгі қалашықты қазу аумағында 2,5 метр тереңдіктен «Қазархеология» ЖШС жұмысшылары 97 қымбат заттар салынған қыш құмыра тауып алды, – деп әңгімеледі Т.Молдақынов. – Бұлар ...

    Read More »

    Қазақстандағы 2-3 музейді әлемдік деңгейге шығару керек

    Қазақстандық 2-3 музейді әлемдік деңгейге шығару керек. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында т.ғ.д., профессор, «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМҚК директоры Ханкелді Әбжанов мәлім етті. «Елімізде музейлер аз емес, 300-дей музей бар. Енді осылардың кем дегенде 2-3-ін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек. Мәселен, танымал «Лувр», «Эрмитаж» секілді. Ал бұл деңгейге жету үшін біздің әлемдік деңгейге көтерілетін музейдің өзіндік ...

    Read More »

    11 қыркүйекті тарихшылар күні деп атауды ұсынды

    Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан тарихшыларының үшінші конгресінде мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркіт Аяған 11 қыркүйекті Қазақстан тарихшыларының күні деп атауды ұсынды, деп жазады «Азаттық» тілшісі.   Оның сөзінше, бұл дата биылғы жылдың 11 қыркүйегінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығы жайлы баяндамасына қатысты таңдап алынған. “Конституциялық құрылым тарихы және ұлт көшбасшысының рөлі” деп аталатын бұл конгреске тек Қазақстан ...

    Read More »

    Абай Құнанбаевтың бәкісі 23 мың долларға саудаланып жатыр

     Семей тұрғыны Абай Құнанбайұлының бәкісі 23 мың долларға сатпақ. Ислам Жұматаевтың айтуынша, ұлы ақын кезінде бұл пышақты оның атасына сыйлаған екен. Бірақ мұны ауызша айтқанымен, қарияның қолында нақты дәлел жоқ. Ал жергілікті мұражай мамандары қаншама дерек көздерін ақтарып көргенімен, оған қатысты мәлімет таба алмаған.   1890 жылдары Абай елін қатты жұт жайлапты. Сол кезде үйір жылқыны аман алып қалу үшін ...

    Read More »

    Шымкентте «Қазына» этнотарихи кешені ашылды

    Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар аясында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, “Нұр Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б. Атамқұлов «Қазына» этно-тарихи кешенін ашты деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.  Салтанатты ашу рәсіміне танымал мәдениет, өнер қайраткерлері, ғалым, тарихшылар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен аймақ жастары қатысты.Шараның алдында ...

    Read More »

    «Аралап қобыз үні кең әлемді…»

    Жуырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры концерттік залында Түркі әлемінің орындаушыларының қатысуымен, халықаралық конкурстардың лауреаты қобызшы Ақерке Тәжібаеваның «Аралап қобыз үні кең әлемді…» атты аспаптық музыка кеші өтті. Көне қобыз – талай ғасырлар бойы қазақтың күй өнерін санасында сақтап, насихаттап келе жатқан аспап. Тіпті бұл аспапты –бүкіл музыкалық аспаптардың атасы деген пікірқалыптасқан. Орта Азия түркі тілдес халықтарының аспаптық музыка тарихында ...

    Read More »