• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар (page 59)

    Жаңалықтар

    Қазақ халқының үздік ертегілері 15 томдық аудиокітапқа жинақталды

    Қазақ халқының 15 үздік ертегісі бір аудиокітапқа жинақталып, жарыққа шықты.  «Біз 15 томнан тұратын аудиокітаптың тұсаукесерін өткіздік. Олардың әрбірінде бір ертегіден жазылған. Қазақ халқының ең танымал ертегілерін іріктеп алдық. Мысалы: «Жыл басы», «Үш аю», «Екі лақ», «Кім күшті», «Еріккен хан» және тағы басқалары», – дейді аудиокітапты дайындаған «SANA Media» ЖШС директоры Құралбек Атамұратов. Аудиокітапқа тәрбиелік мәні бар халық ертегілері жинақталып ...

    Read More »

    Итіне зәулім қамал тұрғызды

    Жапонияның Хамамацу қаласының тұрғыны өз итіне арнап зәулім сарай тұрғызды. Бұл ғимарат 1594 жылы салынған әйгілі Мацумото қамалынан аумайды. Oddity Central басылымының хабарлауынша, Нанами есімді итке арналған үлкен баспананың бес бөлмесі бар: үшеуі – қонақ бөлме, екеуі ыстық күні тыныстауға және жаңбыр мен найзағайдан қор­ға­ну­ға арналған. Биіктігі 2,5 метр болатын үйді тұрғы­зуға алты ай уақыт пен 50 мың иен қаражат ...

    Read More »

    Оқушылар Қазақ хандығы мерекесін тойлады

    Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты Алғабас-6 ықшам ауданы №182 мектебінде ҚР Президенті күніне орай Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған қойылым қойды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кәсіби мамандарының сахналауымен болатын көрініске мектеп оқушылары өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Қойылымға 7-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысады. Қойылым соңы ән мен күйден шашу шашқан концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Төртінші сынып оқушыларынан ...

    Read More »

    Маңғыстауда атақты домбыра музейге сыйға тартылды

    Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне «Қырымның қырық батырын» жырлаған Қарасай Қалыұлының қалақбас домбырасын бесінші ұрпағы Бекболат Баймұханов сыйға тапсырды.  Осылайша, Қ.Қалыұлының домбырасы музей төрінде арнайы жасақталған көрмеге қойылып, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы деректер жазылды. Бір ғасырлық тарихы бар домбыраға тиек орнатып, қос ішегін тағып, құлақтарын қайта қалпына келтірген сәулетші, шебер Ермұхан Әлиев болатын.  – Бізге әкеліп тапсырылған барлық жәдігерлер құнды болып табылады. ...

    Read More »

    Әскери-тарихи музей ашылды

    Елбасы – Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада еліміздің тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейін ашты, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Музей 1998 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәулеттік идеясымен салынған ғимаратта орналасқан. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейі орналасқан ғимарат жұмысының жаңалығы – оның көпфункционалдығында болып отыр. Ғимаратта музейдің өзінен басқа концерт залы, ...

    Read More »

    Шоқанның жеке бұйымдары көрмеге қойылады

    Мемлекеттік орталық музейінде Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Шоқан асулары» атты көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  Көрмеге мен Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейі қорынан, сондай-ақ мұрағат қорынан алынған ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты экспонаттар қойылған.Көрмеде ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қорында сақтаулы Шоқанның жеке бұйымдары, қолжазбалары және шығармалары, сондай-ақ, ол туралы жарық көрген кітаптар мен басылымдар ...

    Read More »

    Мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған заң қабылданды

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Аxмедияров мәлім етті.  “Жаңа заң “100 нақты қадам” ұлттық жоспардан құралған стратегиялық қызметтерді тиімді іске асыруға және осы саладағы қызметтерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Заң қолданыстағы цирк, театр өнері, музей ...

    Read More »

    Мағжан Жұмабаевтың ішігі табылды

    Қасқыр ішіктің бүгінгі иесі, Көкшетау қаласының тұрғыны Бәтима Аяғанова Қарағанды мұға­лім­­дер институтын 1951 жы­лы бітірген. Ғұмырының 52 жылын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз өз әулетінде 30-жылдардан бері сақталып келе жатқан қас­қыр ішікті қымбат жәдігеріне са­найды.   Ел-жұртқа ертерек та­ныстырмағанының сырын аманат жүгінің ауырлығымен түсіндіреді.Салмақтап көрдік, зілдей ап-ауыр екен. Желбегей жамылуға да рұқсат берілді. Апайдың айтуына қарағанда, жеті қасқырдың терісінен тігілген. ...

    Read More »

    «Ұлы дала үні» Секен күйлерімен жаңғырды

    Астанадағы Конгресс-холл сарайында күйші-композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі-бас дирижері Секен Тұрысбектің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала үні» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке Гүлзира Бөкейханқызы, Тамара Асар, Ерлан Рысқали, Алтынай Мамырова сынды танымал әншілер де қатысады.   Секен Тұрысбек жетекішілік ететін «Ақ жауын» мемлекеттік ұлттық оркестрі бұл жолы көрермендерді тың туындыларымен ...

    Read More »