• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар (page 5)

    Жаңалықтар

    Еуразия Медиа Форумы: алғашқы күн

    «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем»  деген тақырыпта Еуразия Медиа Форумы басталды, деп хабарлайды форумның баспасөз орталығы. Форумның алғашқы күні сағат 9:00-19:00-ге дейін 7 авторлық шеберлік дәрістері жоспарлануда. Шараның алғашқы шеберлік дәрісін «#Hashtag our stories» компаниясының негізін қалаушы Юсуф Омар бастады. Дәріс тақырыбы: «Мобильді журналистикадан әлеуметтік виртуалды шындыққа дейін». Ол  жаңа тенденциялар, тоқсан тоғыз тараптан шынайы ...

    Read More »

    Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

    Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған. Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. “Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет”, – деді ол. “Айка” әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында өрбіген. Ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы ...

    Read More »

    Маңғыстаудағы мұнай кенішінде өрт болып, үш адам ауруханаға түсті (видео)

    Куәгерлердің айтуынша, оқиға 20 мамыр күні түнде “Комсомольское” кен орнында болған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері хабарлағандай, оқиға салдарынан “М-Техсервис” ЖШС-нің үш қызметкері зардап шеккен. Жедел жәрдем авиациясы оларды таңғы 05:10-да түрлі дәрежедегі күйікпен шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізді. Денесінің 60 пайызын күйік шалған бір мұнайшы жан сақтау бөліміне, екі жұмысшы травматология бөліміне түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ...

    Read More »

    Алматыда ағылшын тілін тегін үйрететін курс ашылады

    Алматыда “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ағылшын тілін тегін үйрететін курс басталады, деп хабарлады “Алматы” телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, курсқа қатысу үшін алыстан ат терлетіп келудің қажеті жоқ. Жобаны ұйымдастырушы “U 38” университеттер альянсының хабарлауы бойынша, профессорлар курсты онлайн режимде жүргізеді. Сондықтан ағылшын тілін Қазақстанның кез келген жерінен үйренуге болады. Қатысушылар үшін 7 сабақ дайындалған. Яғни, тіл меңгерушілер қалаған уақытында курсқа қосылып, ...

    Read More »

    «Карточный домик» (House of cards) триллерінің авторы – Майкл Доббс Қазақстанда

    Бірнеше күннен соң Алматыда өтетін Еуразиялық медиа форумына спикер ретінде британдық саяси қайраткер, «Карточный домик» атты әлемге әйгілі саяси триллердің  авторы – Майкл Доббс Қазақстанға арнайы келеді. «Карточный домик» триллері және басқа да әдеби атақты шығармаларының арқасында, лорд Майкл Доббс британдық саяси роман жазушыларының арасындағы ең атақтылардың бірі болып саналады. Лорд Доббс  соңғы он жылдықта белсенді саяси қайраткер және Лордтар ...

    Read More »

    Әлемдік саяси дағдарыстар кезінде журналистиканың атқаратын рөлі қандай?

    Жер бетіндегі климат секілді саяси метеорология да үнемі өзгеріп отырады. Әлемдегі түрлі экономикалық-саяси санкциялар, әскери қарулы күштер, дипломатия мен БАҚ-тың сөз бостандығына кедергі келтіретін әрекеттер қоғамда орын алуы бүгінде таң қаларлық емес. Осындай кезеңдерде  журналистиканың рөлі қандай? Бұл сұрақ Еуразия медиа форумында талқыланады. Жиынға қатысатын спикерлер: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның  Женевадағы ...

    Read More »

    “Анам – қазақ, жұбайыммен бірге Қазақстанда тұрамыз” – Оғыз Доған деген кім?

    Оғыз Доған есімі, әсіресе, соңғы “Қазкоммерцбанк” бөлімшесінде болған оқиғадан кейін көпшілік жадында қайта жаңғырды. Астанадағы “Қазкоммерцбанк” бөлімшесінде өзі қалаған тілде қызмет алмаған Оғыз Доғанның әрекеті әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған еді. Бұдан кейін жұртшылық Оғыз Доғанның “Air Astana” компаниясымен соттасқан сәтін еске алды. 2017 жылы “Air Astana” компаниясының ұшағында да өзі қалаған тілде қызмет алмағанын айтқан Оғыз мырза әуекомпаниясынсотқа беріп, ...

    Read More »

    Сарапшылар: Ертаевта өте маңызды ақпарат бар. Ол қазақстандық банктерді құртып жібере алады

    14 мамырда Мәскеуде үй қамақта отырған Жомарт Ертаев Қазақстан азаматтығынан бас тартуға арыз жазды. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Ертаевтың адвокаты, мәскеулік “Лексум” адвокаттар коллегиясының басшысы Алексей Петров мәлімдеді. “Біз бүгін Қазақстан азаматтығынан бас тартуға арыз жаздық”, – деді Петров. Алексей Петров желіге тараған Жомарт Ертаевтың өз арызы екенін растады. Тұтқындағы банкир қылмыстық іске қатысты өз ұстанымын айтып, азаматтықты не үшін ауыстырғысы келетінін ...

    Read More »

    “Есемді қайтарар едім”: Артаев Головкиннің орнында болса не істейтінін айтты

    Ақтөбеде жастар арасында бокстан ел чемпионаты басталып, оған қонақ ретінде 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы, бүгінде «Astana Arlans» клубының жетекшісі Бақтияр Артаев шақырылған. Prosports.kz тілшісіне сұхбат берген ол қазақстандық боксшылар туралы пікір білдірді деп хабаралйдыNUR.KZ. – Бүгінгі таңда елімізде көп боксшылар әуесқойдан кәсіпқойға көптеп ауысып жатыр. Бұл қазақ боксына пайдалы ма? – Әрине, қазақ боксы үшін пайдалы. Өйткені, осы арқылы ...

    Read More »