• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар (page 3)

    Жаңалықтар

    Серікжан Біләштің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    «Атажұрт» еріктілер ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің үстінен қылмыстық кодекстің 174 бабы – «араздық қоздыру» айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы bureau.kz хабарлап отыр. Қылмыстық істі қозғауға 18 адам қол қойған ұжымдық хат негіз болған. Әзірше Серікжан Біләшті бір рет тергеу амалдарына шақырған. Серікжан Біләш – Қытайдан Қазақстанға оралған этникалық қазақ. Оның “Атажұрт” қозғалысы (Алматыда орналасқан) Қазақстанға оралған қандастарымызға заңдық ...

    Read More »

    Жастар айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады – министр

    Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жастары айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады. Бұл туралы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Ол жалдамалы баспана болады. Көп дегенде үш жылға созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюды ұсынамыз. Жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемі 10-12 мың теңге болады”, – деді министр. Кәлетаевтың айтуынша, пәтерлер салынып жатқанда әкімдік ...

    Read More »

    Отбасы қайтыс болған қыздарға әкімдік пәтер сыйлады

    Павлодар облысында бүкіл отбасынан айырылғане апалы -сіңлі қыздарға әкімдік үй бермек. Бұл туралы Баянауыл ауданы әкімдігі хабарлады. Хабарланғанындай, отбасынан айырылған әпкелі-сіңлілердің жастары – 17 және 18-де. Екеуі де Баянауылдағы аграрлық колледжде білім алуда әрі колледж жатақханасында тұрады. Орны толмас ауыр қазаға ұшыраған  қыздарға әкімдік Баянауыл ауылынан 24 шаршы метрлі бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстайды. Сонымен қатар, жалғыз қалған әпкелі-сіңлілерді қолдау ...

    Read More »

    Алып қашып, аузына коньяк құйып, зорлаған

    “Аузыма коньяк құйды”: Шымкентте жас қызды алып қашқан жігіт қорлық көрсеткен   Шымкентте алып қашудың құрбаны болған 19 жастағы бойжеткен үшінші қабаттан секіріп кетті. Жас қызды алып қашқан 21 жастағы жігіт оның аузына коньяк құйып, 10 күннен астам зорлаған деп хабарлайды КТК арнасы. Мұндай қорлыққа шыдамаған бойжеткен өлу үшін түрлі дәрі ішкен. Олар әсер етпегесін, үшінші қабаттан секіріп кетіпті. “18-нен сол 31-не дейін ...

    Read More »

    Баянауылда бір отбасы көмір газынан қайтыс болды

    Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы газдан уланып қаза тапты, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Денсаулық сақтау басқармасының  хабарына қарағанда, оқиға 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ аулында болған. “1980 жылғы әйел қаза тапты, оның құрсағында жеті айлық бала болған. Ол 31 қаңтардан бері аудандық емханада тіркелген. Оның азаматтық некедегі күйеуі 1979 жылғы. ...

    Read More »

    Kaspi банк 5 баланың ата-анасының қарызын кешірді

    Өрт салдарынан 5 баласынан айырылған астаналық Ситерлер отбасының 4 банктен алған несиесі бар екен. Оның бірі – Kaspi bank. Қалған үшеуі белгісіз. Бүгін Kaspi банк басшылығы отбасының қайғысына ортақтаса отырып, аталмыш банктен алған несиелік қарызын түгел жабуға шешім қабылдапты. “Біз бұл қайғылы жаңалықты естіп таң қалдық. Kaspi.kz-тің басшылығы Ситерлер отбасының несиелері бойынша қарызды жабу туралы шешім қабылдады”, – деді банк ...

    Read More »

    Астанада жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан бес бала қайтыс болды

    Астанада жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан бес бала қазаға ұшырады деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті. Комитет мәліметі бойынша, өткен түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі уақытша баспанада өрт шығып, үйдің төбесі жанып ортасына түскен. Өрт суыт хабар түскеннен кейін бір сағатқа жуық уақыт өткенде сөндірілді деп хабарлайды комитет. Өртке қарсы күрес қызметі өкілдері өрт болған үйдің ...

    Read More »

    Шымкентте 13 жасында тұрмысқа шыққан 12 баланың анасына көмек көрсетілді

    13 жасында тұрмысқа шығып, бүгінде 12 баланың анасы атанған Айсұлу Жәлелқызы бұған дейін тұрмыс жағдайын айтып, халықтан көмек сұраған еді. Осыдан кейін әйелдің жанайқайын естіген Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көпбалалы анаға көмекке келген деп жазады NUR.KZ. Басқарама жағдайы жоқ келіншектің отбасына азық түлік және киім кешек әкеп, көмек қолын созған. Сонымен қатар бұл отбасы да атаулы әлеуметтік көмек алушылар ...

    Read More »

    Ресей орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығады деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.

      “Біз енді былай жасаймыз. Оларға дәл өздері сияқты жауап береміз. Америкалық әріптестер келісімнен шығатынын жариялады, біз де солай істейміз” деді Путин сыртқы істер министрі Сергей Лавров және қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуде. Президент сонымен бірге екі ведомстводан бұдан былай АҚШ-пен қарусыздануға қатысты келіссөз жүргізу туралы бастама көтермеуін сұраған. Бірақ Ресейдің ұсыныстары өз күшінде қалады деп айтқан. “Бұл салада барлық ...

    Read More »