• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар (page 2)

    Жаңалықтар

    “Жынымды келтірмеңізші” Вице-министр неге ашулы?

    Әлеуметтік желіде Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің тарифке қатысты сұрақ қойған тілшіге берген жауабы қызу талқыға түсті. Шенеуніктің ашуға беріліп айтқан сөздеріне желі қолданушылары наразылық білдірген деп жазады NUR.KZ. мин Вице-министр тарифтер туралы қойылған сұраққа жауап беруден бас тартқан. “Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте тарифтер туралы айттым. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер”, – деді ол. Осы тұста Жұманғарин ...

    Read More »

    Қасымовтың орнына Тұрғымбаев келді

    ҚР Президентінің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды. Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында туған.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы несие және факультетін экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған. Бұл қызметке дейін, Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ІІБ ЖҚБ бөлімшесінің жедел уәкілі,  Алатау және Калинин АІІБ-нің тергеу-жедел бөлімшелерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ІІББ-да әртүрлі басшылық лауазымдарда ...

    Read More »

    ҚОШ БОЛ, “ҚАРА МАЙОР”

    СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің арнайы мақсаттағы тобын басқарған, “қара майор” лақап атымен әйгілі Борис Керімбаев 12 ақпанда 71 жасында дүниеден өтті. Бұдан бір күн бұрын Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери ауруханада жатқан отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың көңілін сұрап, оған Қазақстан әскери барлауына сіңірген еңбегі үшін “Алтын үкі” төсбелгісі мен алғыс хат тапсырғаны туралы хабарлаған еді. Борис Төкенұлы Керімбаев ...

    Read More »

    Әр балаға 20 мың теңге төлемек

    Үкіметтің баспасөз мәслихатда журналистер министрге көпбалалы аналарға, яғни әрбір балаға берілетін жәрдемақыны 20 мың теңгеге дейін көтеру туралы көпшіліктің ұсынысын жеткізді. “Бұл сұрақты жұмыс тобы қарастырып жатыр. Брінішіден, балаға жәрдемақы берілетін жасты ұзарту, яғни бір жастан жоғарылату. Екіншісі жәрдемақының өзін көтеру мәселесі. Қажетті ұсыныстарды енгіземіз. Бұл әбден мүмкін және оны қарастырамыз” – деді Смайылов.  Министр нақты сандарды айтудан бас тартты, себебі ...

    Read More »

    Билік бес қыз ажал құшқан Астанадағы өрттің себебін айтты

    Бір отбасындағы бес баланың ажалына себеп болған өрт шыққан үй. Астана, 5 ақпан 2019 жыл. Төтенше жағдайлар комитеті Астанада бес қыз қаза тапқан өрт себебін атады . Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады. Өрт қауіпсіздігі саласын бақылау және алдын алу басқармасының бастығы Жасұлан Ақтаевтың сөзінше, мұржаның дұрыс орнатылмауы өртке себеп болған. “Мұржаны орналыстыру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған. Үйдің төбесі мен мұржаның арасында ...

    Read More »

    Үкімет азаматтардың қарызын кешірмек

    Қаржы министрі Әлихан Смайылов баспасөз конференция кезінде қазақстандықтардың үкіметке қанша қарызы бар екенін мәлімдеді. Кәсіпкерлердің 130 млрд өсімақы мен айыппұлын, ал жеке тұлғалардың 6,6 млрд теңге қарызын кешіру жоспарлап отыр. “Салықтық рақымшылық аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің 2018 жылдың 1-ші қазанында көрсетілген берешектері өтелген жағдайда, олардың өсімақылары мен айыпұлдары кешіріледі. Жалпы салықтық рақымшылыққа ШОК-тің 90 мың субъектісі қатысуы мүмкін. ...

    Read More »

    Түркия Қытайдан лагерьлерді жабуды талап етті

    Ресми Анкара Қытайдан Шыңжаңдағы “саяси тәрбиелеу орталықтарын” жабуды талап етті. Түркия сыртқы істер министрлігінің 9 ақпанда жариялаған мәлімдемесінде Шыңжаңдағы лагерьлерді “азаптау орталығы” деп атаған. Түркия сыртқы істер министрлігінің өкілі Хами Аксой “миллионнан астам ұйғыр азаптау орталықтарында қамалғаны қазір құпия емес. Қамауға алынбағандарға қысым көп. 21 ғасырда лагерь ашу, Қытай билігінің ұйғырларды қудалауы – адамзатқа жасалған қылмыс” деген. Түркия Шыңжаңдағы жағдайға ...

    Read More »

    Аналар тағы көшеге шықты

    Астанада ондаған ана Конгресс-холл алдына жиналып, әкімдікке талаптарын жеткізбек болды. Оларға қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аманшаев әр ана өзі тіркелген ауданның әкімдігіне барып, талаптарын жазып, арыз қалдыруға болатынын айтты. Конгресс-холл алдына жиналғандар 6 ақпанда Астанада жиын өткізіп, билікке талап айтқан аналарды қудаламауды сұрады. Жиынға келген ана Шолпан Каленгареева әлеуметтік желіге өз талаптарын айтып, видеоүндеу жариялаған соң үйіне ...

    Read More »

    Түркістан облысында бір отбасы иіс тиіп қаза тапты.

    Қайғылы оқиға 8 ақпанда Бесқұбыр ауылында болған. Улы газ саладрынан 1986 жылғы ер адам, 1993 жылғы әйел және 2015 жылғы және 2016 жылғы екі бала қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері төрт адамның қаза тапқанын тіркеген.  Оқиға жайлы газбен қамту ұйымына аудандық аурухана басшысы мәлімдеген. Мекен-жай бойынша келген мамандар, үйде түтін шығатын құбырдың бұзылғанын анықтаған.

    Read More »