• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Uncategorized (page 4)

    Uncategorized

    Алматы циркінде – “Азия жаңғырығы”

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ұсынды. Онда әлемнің әр қиырынан келген танымал цирк ұжымдары өнер көрсетті. Қазақ мемлекеттік циркіндегі мерекелік қойылымда – Никарагуа,Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан және Қырғызстанның танымал цирк майталмандары өнер көрсетті. Әлемнің ең үздік өнерпаздарының бірегей туындылары айлалы амалдар мен қауіпті қимылдарға құрылған.    Алена Климович, Беларусь мемлекеттік циркінің ...

    Read More »

    Ауған соғысының ардагері мұрағат қызметкерлерімен кездесті

      Жақында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан  «Азаматтық борыш» жобасы аясында  Қалалық мемлекеттік мұрағатында ауған соғысы ардагері Болат Құрамысовпен «Мен көрген соғыс» атты тақырыпта  кездесу өткізді. Бұл жиынға мұрағаттың қызметкерлері және басқа да қонақтар қатысты. Мұрағат директорының орынбасары Исалова Айсұлу Мәдешқызы жиынды ашар алдындағы сөзінде отанды қорғау әр азаматтың борышы екені туралы кеңінен ...

    Read More »

    Зәмзәгүл Шәріпқызы соңғы рет сахнаға шықты

    Бала кезімде әкем ғалым Әсілхан Оспанұлы екеуіміз Шымкенттегі театрға барып “Көктөбедегі кездесу” қойылымын тамашаладық. Алматының Мұхтар Әуезұлы атындағы театрының атақты артистерін көру мен үшін бір керемет оқиға болды. Сонда мұғалім кейіпкерді ойнап жатқан Әнуар Молдабек, мұғалима кейіпкерді ойнаған Зәмзәгүлге өзінің жас кезіндегі сырын айтады: Сен әдемі едің, қасыңда көп жігіттер бар. Мен сонда саған бір стақан лимонад алып бермек болдым. ...

    Read More »

    Адам өмірінің құны қанша?

    Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап”Чукотка” барындағы төбелес туралы: Сотталған Александр Кузнецов бостандыққа шықты. Оның өтелмеген жазасы айыппұлға ауыстырылды, – деп хабарлайды. “Сотталушы Александр Кузнецовтың өтелмеген 5 жыл мерзімі ҚР Қылмыстық кодексінің 75-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыппұлға ауыстырылды. Айыппұл көлемі – 1 097 281 теңге”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы ...

    Read More »

    “Анам – қазақ, жұбайыммен бірге Қазақстанда тұрамыз” – Оғыз Доған деген кім?

    Оғыз Доған есімі, әсіресе, соңғы “Қазкоммерцбанк” бөлімшесінде болған оқиғадан кейін көпшілік жадында қайта жаңғырды. Астанадағы “Қазкоммерцбанк” бөлімшесінде өзі қалаған тілде қызмет алмаған Оғыз Доғанның әрекеті әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған еді. Бұдан кейін жұртшылық Оғыз Доғанның “Air Astana” компаниясымен соттасқан сәтін еске алды. 2017 жылы “Air Astana” компаниясының ұшағында да өзі қалаған тілде қызмет алмағанын айтқан Оғыз мырза әуекомпаниясынсотқа беріп, ...

    Read More »

    «Қазақстан» емес «Қабатовстан» арнасы деп атай береміз-ау: Белгілі айтыскер Тұрсынбекті сынға алды

    Белгілі айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы «күлкіні тағылымнан жоғары қойды» деп әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты сынға алды.  “Қазақстан” ұлттық арнасын “Қабатовстан” арнасы деп атай береміз-ау. Бір емес, бірнеше бағдарламасын ең ыңғайлы уақытта көлдей ғып эфирден көрсетеді. Көрсетсін, мақұл, аман болсын. Бірақ, неге айтысты бөрі тартқан тоқтыдай қылып жұлмалайды екен, ә. Әзіл ойдан жоғары, күлкі тағылымнан жоғары болды деген осы міне. Бір айтысымыз ...

    Read More »

    Шәрипа апа: Жас кезімде екі қап ұнды оп-оңай арқалап кете беретінмін

    Бойында қара күш бар болса, ауыр атлетикаға қатысудан қорықпау керек”, – дейді Шарипа апа. / Фото informburo.kz Шәрипа апа жастайынан қара жұмыспен айналысқан. 15 жасында 50 келі қапты иығына артып кете беретін болған. Бұған жиырма бестен асқанда тағы бір қапты қосыпты. Қиыншылыққа қарсы тұрар “иммунитет” бала кезден қалыптасқан – Екі жасымда әкеден айырылдым. Сұлбасы да есімде жоқ. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы ...

    Read More »

    С.Аққұлы: Семейге Алаш, Петропавлға «Қызылжар», Павлодарға «Баянауыл», Өскеменге «Әлихан» есімін беруді ұсындық

    Сұлтан Хан Аққұлы. Фото: akzhol.kz – Сұлтан Хан, өткен кеңестік тарихтан Ұлттық-территориялық немесе буржуазиялық ұлтшылдар Автономиясы деген атауымен белгілі Алаш ұлттық-демократиялық республикасының биылғы 100 жылдығына орай үкімет қандай шараларды қолға алуы мүмкін? Алаш тарихын зерттеуші, Әлихантанушы ретінде көңіліңіз толмайтын тұстары бар ма? Астанада ескерткіш орнату мәселесі шешімін таба ма? – Ия, сіз дұрыс айттыңыз. Алаш ұлттық-территориялық автономия деп ресми түрде жарияланғанымен, Алаш ...

    Read More »

    Қайтыс болған иесін 11 жыл бойы күткен ит мола басында өлді

    Аргентинада Капитан есімді ит 11 жыл бойы қайтыс болған иесінің моласын күзетіп, ақыры қорым басында өлді деп жазады L!FE. Капитанды жұрт бүгінде “аргентиналық Хатико” атап кеткен. Оны 2005 жылы Мигель Гузман есімді азамат ұлына сыйлық ретінде сатып алыпты. Арада бір жыл өткенде Мигель қайтыс болып, ит те ізім-ғайым жоғалған. Марқұмның туғандары төбетті іздемеген жері жоқ. Тек арада біраз уақыт өткен ...

    Read More »