• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Спорт

    Спорт

    “Дайын болса, хаттарды көрсетемін”: Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді

    Данияр Елеусіновтің промоутері Геннадий Головкинмен бірге жұмыс істейтін Том Леффлерді «менджменті кәсіпқой емес» деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sport.kz сайтына сілтеме жасап.  Данияр Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі істерімен айналысатын америкалық менеджерлік компанияның басшысы Зия Алиев арада болып жатқан дауға қатысты пікір білдірді. «Біріншіден, Том біздің Геннадиймен хабарласып отырғанымызды жақсы біледі. Геннадий де жағдайдан хабардар. Бірақ мен өзім сөйлескен жоқпын. Әзірге олармен сөйлескен ...

    Read More »

    Головкин Елеусіновпен бір бокс кешінде жұдырықтасудан бас тартты

    Наурыз айында ғана жекпе-жегін өткізген Данияр Елеусінов Головкин жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтаспайды, – деп xабарлайды  Qsport.kz порталы. Олимпиада чемпионы 8 маусым күні өтетін Геннадий Головкиннің жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығу керек болған. Алайда Геннадий Головкин Елеусіновті өзі жұдырықтасатын бокс кешінің андеркартынан көргісі келмеген.  Енді Елеусінов 25-ші мамыр күні Оксон-Хилл қаласында (АҚШ, Мэрилэнд штаты) өтетін бокс кешінде сынға түседі. Естеріңізге салайық, АҚШ-тың Филадельфия қаласында ...

    Read More »

    Алатау баурайында «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді

    Дәстүрге айналған бұл турнир биыл жиырма бесінші рет өткелі отыр. 25-26 мамырда Алматы қаласы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді. Алғаш рет жалауы 1994 жылы желбіреген бұл турнир биыл жиырма бесінші рет өткелі отыр. Әу баста Семей қаласында өтіп келген бұл турнирдің Алатау бөктеріне келгеніне де бірнеше жыл болды. Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген «Болат Тұрлыханов ...

    Read More »

    Пиар-компания спортты қалай дамытпақ?

    Көз алдымызда болып жатқан қызық оқиғалардан сыр шерте отырайық. “Алматы қаласы Спорт басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі “Спорттық және ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер” деген тақырыппен тендер өткізеді. (Тақырыптағы қателер жайлы сөз қозғамай тұра тұрайық) 85 млн теңге ұсынады. 85 млн!!! Негізгі жұмыс – аулалар арасында балалардың жарыстарын ұйымдастыру. Соны Астана қаласындағы “Smart Promotion” ЖШС жеңіп алады. Олар ұсынып отырған баға ...

    Read More »

    Несіп Жүнісбаев. Супер МЕССИ Сен Ұлы футболшысың!

    Супер МЕССИ, сен ҰЛЫ ФУТБОЛШЫСЫҢ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Кеше ғана өткен Чемпиондар лигасының кезекті ойынында Барселонаның өзі аттас клубы өзіндей даңқты ағылшынның “Ливерпулін” қабылдап, 3:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл ойында екі допты Леонель МЕССИ соқты. Айтпағымыз екі доп емес,екінші доп! Қақпадан арқан бойы алыс жатқан нүктеден алдына көлденең тізілген темір тосқауылды орап өтіп, қақпаның сол “тоғыздығына” ғана ене алатын допты МЕССИ сол нүктеге ...

    Read More »

    Димитарды “Ертіс” кетірді ме?

    Биыл “Ертіс” тасымады. Былтыр да тасығаны шамалы. Былтыр демекші, антирекордтың бәрін бұзып, үйде де, түзде де оңбай жеңілген команданы шілде айында Димитар қабылдап алған еді. Жанкүйерлер құтқарушы келгендей әуежайдан таңғы 5-те үлкен қуанышпен, зор салтанатпен  күтіп алған болатын. “Херо” жағдайы мүшкіл клубты әупірімдеп Премьер-Лигада сақтап қалды. Биылғы маусымға тамаша дайындықпен келгенін айтқан болатын Димитров. Сөзінің дәлеліндей құрама қатарына Каньяс, Хиди, ...

    Read More »

    Огай шындықты айтқаны үшін 500 мыңға жазаланды

    “Жетісу” клубының бас бапкері Дмитрий Огай “Тобылға” қарсы өткізген кездесуден кейін төрешілер туралы әділдікті айтқаны үшін Қазақстан футбол федерациясының этика комитеті оны 200 МРП (505 мың теңге) жазалапты. Не үшін? Кодесктің 2 және 8 баптарын бұзғаны үшін екен. Бұл не бап деп Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына кіріп, қарағым келген. Телефонымнан ашылмады. Не ғой, сонда біздің футболда ешкім өз ойын ...

    Read More »

    “Тобылдың” футболшысы уланып қалды. Жағдайы өте ауыр

    Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының ойыншысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне «Тобыл» клубының бір футболшысы түсті. Ол тамақтан уланған. Жағдайы өте ауыр. Қазір арнайы ем-дом шараларын қабылдап жатыр», – департаменттің баспасөз қызметі. Бірақ ойыншының аты-жөні айтылмаған. Бейресми ақпарат көздерімен қатар KazFootball.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, уланған футболшы Сенин ...

    Read More »

    Арман Оспанов Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді

    ҚазАқпарат – Мәскеуде аралас жекпе-жектен өткен Absolute Championship Akhmat 95 турнирінде Арман Оспанов қарсыласы Лом-Али Эскиевті нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Турнир кешінде Арман Оспанов (8-2) пен Лом-Али Эскиев (15-4-1) айқасқа шықты. Айқас үш раундқа есептелген. Арман қарсыласын екінші раундта тіземен теуіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Жекпе-жектің толық нұсқасы «MMA KAZAKHSTAN» Ютуб арнасында жарияланды. Айта кетсек, Арман Оспанов екі жылдан ...

    Read More »