• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Тарихы көне, тамыры терең (page 12)

    Тарихы көне, тамыры терең

    Оразақ Смағұл, ҚР ҰҒА академигі: Халқымыздың 4 мың жылдық тарихын әлем ғалымдары мойындап отыр

    Кеңес үкіметі дәуірінде ғылымның генетика, кибернетика са­лалары секілді антропологияға да қатты қысым жасалған. Соның салдарынан, антропология дамымай қалды. Ал, осы саланы бетке алған антропологтардың барлығы сол кеңес дәуірінде қуғын-сүргінге ұшырады. Олар Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана ақталып, рақымшылықпен кейбірі аман қалды. – Аға, бүгінде «тас лақтырсаң, академикке тиеді» деп жатады. Бірақ сол ғалымдардың ішіндегі антрополог-академик сіз жалғызсыз. Неге? – Жалпы, ...

    Read More »

    Тарих телеарнасы ашылса…

    Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің бір де болса бірегей нышаны – төл тарихтың бары мен жоғын бұрмалаусыз, боямасыз, тек ақиқат биігінен зерделеу. Мұндай талаптың тарихты түзуші ғылымға да, сұранысты туындатушы тәуелсіздік пен мемлекеттілікке де бірдей қатысы бар. Өткеннің тәжірибесі мен тағылымы қаншалықты әділ зерттелсе һәм насихатталса, тарихи санасы оң қалыптасқан халық бүгінгі үдерістің соншалықты белсенді әрі өскелең субъектісі бола алады екен. Демек, ...

    Read More »

    Арғы Алтай, Өр Қаңғай мен Орхон, Байкал…

    24.07.07 ж. Бұдан әрi майжол – асфальт. Екi күнгi «әншiлiктi» қойып, қалғып кетiппiн. Қалғып емес, қалың ұйқыға басыппын. Көзiмдi ашсам… Айнала көк жасыл, жусанның иiсi бұрқырайды. Таң сiбiрлей атып келедi. Екi жолшы (моңғолша жүргiзушiнi солай атайды) анадайда көк шөптiң үстiнде көсiлiп тұрып ұйықтап жатыр. Үш күнгi жолдан, шөлейттен, құмнан кейiн мынау салқын бел, жасыл жер, самал жел жұмақ сияқты көрiндi ...

    Read More »

    Бақыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ: Ең үлкен құнды құжат — хан-сұлтандар мен билердің хаттары

    Мамандардың айтуына қарағанда, дүниежүзіндегі ең бай қорлардың бірінен саналатын Қытайдың бірінші тарихи мұрағатының қорында он миллиондай тарихи құжат сақтаулы жатыр екен. Осындай дүлей дүниенің ішінен қазақ тарихына қатысты деректемелерді табу және оны аударып, жүйелеп, ғылыми айналымға түсіру екінің бірінің колынан келе беретін, ат үсті шаруа емес. Өйткені бұл құжаттардың барлығы көне қытай тілінде, немесе мәнжүр тілінде, болмаса шағатай тілінде, не ...

    Read More »

    Алтай мен байырғы майя өркениетінің сабақтастығы

    Майялардың ұлы өркениетінің сырын 40 жыл зерттеген Америка Құрама Штаттарының ғұлама ғалымы Хосе Аргуэлльес алғаш рет әлемнің жер кіндігі Алтаймен Николай Рерихтің “Алтай – Гималай” атты кітабы арқылы танысқанын жасырмайды. Аталмыш кітап ғалымға кереметтей әсер қалдырады. Басқаша болуы мүмкін де емес еді. Өйткені Н.К.Рерих 1923-1926 жылдары Индиядан аттанып, одан соң Қытайға, одан әрі Сібірге, Алтайға, Моңғолияға және ең соңында Тибетке ...

    Read More »

    Шетелдік ғалымдар Шыңғыс ханның түрік екенін мойындайды

    Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғыс хан – түркітілдес тайпалардан тарайды.  Алтын Орда тарихын ұзақ уақыт зерттеген белгілі ғалым, «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптардың авторы Владимир Белинский осындай тұжырым жасады. Кеңестік тарихшылар қаншама бұрмалағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екендігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шыңғыс ханның ұрпақтары, Алтын Орданың хандарының барлығы Моңғолстанда емес, қазақ жерінде отырғанының ...

    Read More »

    Қыл қобыз – көк түріктің көзі мен сөзі

    Бүгінге дейін көне түрік дәуірінің музыкалық аспаптары  туралы археологиялық айғақтар белгісіз болып келген еді. Қазір сол байырғы заманның ән-күй өнерінің тарихи жәдігеріне куә болып отырмыз. Ол Моңғолияның Ховд аймағы, Манхан сұмыны Жаргалант хайрхан тауының «Өмнөхийн аман» деген байырғы жартастағы жерлеу  орнынан  табылған көне түрік дәуірінің музыкалық аспабы. Тіптен, ол аспаптың мойын тұсында көне түрік бітік мәтін жазылғаны өте сирек кездесетін ...

    Read More »

    Ұлы Жібек жолы

    Соңғы жылдары еліміздің тарихын жаңа көзқараспен зерттеу мәселесі мемлекеттік дәрежеде қарала бастады. Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі және ортағасырлық тайпалар мен халықтардың өркениетке қосқан үлесі тарихи сана-сезімнің қалыптасуының бастауын көрсетеді. Еуразия тарихындағы таңғажайып құбылыстардың бірі – Ұлы Жібек жолы – бұл жол бойынша антика және орта ғасырларда сауда Қытай, Еуразия да­лалары, Үндістан, Алдыңғы Азия мен Еуропа: Византия, Венеция, Иберия, Скандинавия ...

    Read More »

    Еуропа Еділ патшаны пір тұтады

    3 маусым күні дүниежүзілік Аттила күні деп жарияланғанын білесіз бе? Осы ретте біз атақты Еділ патшаның тарихын егжей-тегжейлі зерттеген Қайнар университетінің ректоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, академик Еренғайып Омаровпен әңгімелескен болатынбыз. – Атақты Аттиланың әскері сонау Францияға дейін жеткен дейді? Осы рас па? – 1996 жылы Францияға жол түсті. Сол кезде біраз француз ғалымдарымен сөйлестім. Аттиланың Францияға келгені, ...

    Read More »