• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Тарих

    Тарих

    ТАСТЫҢ ТІЛІН ТҮСІНГЕН ҚАЗАҚ НЕМЕСЕ ҚОСЫМ ПІШЕНБАЕВ ДЕГЕН КІМ? 

    ҚОСЫМ ПІШЕНБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ Қойнын ашсаң қазынасы қоса ақтарылып жататын Атымтай Жомарт-Арқа даласының ана шетi мен мына шетiндегi кез келген кен ошағының арғы тарихына үңiлер болсаң, орыстың көпесi мен ағылшынның алпауыттарына барып тiреледі. Олардың сол замандарда орасан қаржы салып, кен ошақтарын iске қосқаны рас. Бiрақ қазаққа жаны ашығандықтан емес, өз байлықтарын еселеу үшiн. Бүгiнде береке-байлығымыз кiм көрiнгеннiң аузында жүр ...

    Read More »

    Алашқа тірек болған бай Әбдірахман

    Былтыр және алдыңғы жылы, Алаш Орданың 100 жылдық мерейтойы өткен кезде, қоғамымызда Алаш үкіметін құрған зиялы қауым туралы ғана емес, Алаш қозғалысына қолдауын көрсеткен демеуші меценаттар жөнінде біраз әңгіме айтылды, ұмытыла бара жатқан есімдері аталды. Сол демеушілердің тізіміндегі бірі – Семейлік кәсіпкер Жүсіпұлы Әбдірахман. Алаш меценаттары туралы деректерді Сұлтан Хан Аққұлы терең зерттеп, бұл тақырыпты қоғам алдында бірнеше рет көтерді. ...

    Read More »

    ТАЛАСБЕК ӘСЕМҚҰЛОВ. ӘРІП ТАҒДЫРЫ

    Бұл әскер қызметінде жүргенде пайымдай бастаған нәрсем еді. Мурманск облысының Дания, Норвегия жақ шетінде орналасқан Нерпичий Залив деген жер. Әскери құрылысшылар батальоны. Қырық ру адам. Осы түрлі нәсілдің ішінен бір топ адам біздің көзімізге жылыұшырап көрінген. Қараторы немесе аққұба өңді, шаштары бұйралау, мұрындары қоңқақтау, зор денелі, еңсегей бойлы кавказдықтар.   Бірақ барлығының тілі қазақ тіліне ұқсас. Алғашында Қазақстанда тұратын, қазақ тілін ...

    Read More »

    Сейфуллиннің қылмыс­тық ісі 20 минутта қаралып бітсе, Майлиннің тағдыры небәрі 15 минутта шешілген.

    Сейфуллиннің қылмыс­тық ісі 20 минутта қаралып бітсе, Майлиннің тағдыры небәрі 15 минутта шешілген. БКП (б) ХVII съезінде (1934 ж. 26 қаңтар-10 ақпан) бұрынғы ескі лениндік кадрлар арасында Сталинді Бас хатшы қызметінен басқа жұмысқа ауыстырған жөн болар деген сияқты пікір айтыла бастап еді, С.М.Кировтың қазасын сылтау етіп, елде репрессияның жаңа толқыны пайда болды. «Ленинградтық», «мәскеулік», «троцкийшіл-зиновьевшіл» деген антисоветтік топтар «өмірге келді». ...

    Read More »

    КСРО қанша миллион халықтың көзін жойды?

    КСРО қанша миллион халықтың көзін жойды? Кеңес Үкіметінің зардабы әлі күнге дейін толық зерттелмеген тақырыптардың бірі. Оған өте көп факторлар бар. Мұрағаттағы ақпараттардың жабықтығы мен деректердің бұрмалануы, дәйектердің қасақана жойылуы және т.б. Алайда осы күннің өзінде-ақ оның сұмдық қылмыстары тарих бетінен қалқып шығуда. КСРО-ға өкпесі қара қазандай халықтың саны тым көп. Ол түсінікті жайт. Өйткені 70-жылдың ішінде КСРО кей халықтарды ...

    Read More »

    Олжас Әбіл. Тибет

    Мен бұрнағы бір жылдары тарихи деректерге үңілгенде осы тибеттіктердің көне тарихында бір сұмдық дәстүрді көріп жағамды ұстаған ем. Тибет халқының бабалары бұрын адам жегіш каннибал болыпты. Бұлар марқұм болған ата – анасын жеп қойып отырған екен, бұны олар “бұл біздің марқұмдарға деген сүйіспеншілігіміздің белгісі, олар үшін біздің асқазанымыздан артық қабір жоқ, біз де олардың әруағынан нәр аламыз” деп түсіндіріпті мыс. ...

    Read More »

    Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы туралы

    Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы туралы 1. «Алтын сақина» құдіреті Қошке Кемеңгерұлының аты қазақ драматургиясының тарихында алтын әріппен жазылған. Қазақтың мемлекеттік театры 1926 жылы 13 қаңтарда Қошкенің «Алтын сақинасымен» шымылдығын ашқан. «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылдың 10 (447) санында пьесаның «Ғинуардың 13-і күні кешкі сағат 6-да мемлекеттік ұлт тиатрының ашылу мерекесі болады. Тиатр әртістері Кемеңгерұлының «Алтын сақинасын» ойнайды» деген афишасы ...

    Read More »

    СІБІРДЕГІ ҚАЗАҚТАР ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ?

    Әкімдіктің тапсырмасымен Челябинск қаласына жақын орналасқан Троицк қалашығына аттанып кеттім. Аудан әкімдігінде қызмет істейтіндердің ең жасы кішісі болғандықтан ба, аптасына бірнеше рет кейде Көкшетауға, кейде Астанаға іссапармен мені ғана жіберіп тұратын. Енді міне, өзім ешқашан барып көрмеген Челябинск облысының Троицк қаласына бет алдым. Қалаға келген соң, қалалық әкімдікті көшедегі адамдардан сұрастыра жүріп тауып алдым. Хатшы қызды қолқалап жүріп, қала басшысына ...

    Read More »

    Кет–Бұғаның соңғы жорығы. Көшпелі өркениеттің құпия миссиясы

    Құрметті оқырман! «Кет-Бұғаның соңғы жорығы» атты мақаланы өзіңіздің назарыңызға ұсынып отырмыз. Кезінде бұл мақала «Таңшолпан» журналында орыс тілінде басылған. Содан кейін Ғаламторға (Интернетке) қойылды, ТМД көлемінде және шетелдегі орыстілді оқырмандарға белгілі болды. Лондон, Париж т.б. қалаларда тұратын отандастарымыз, қазақтың және жалпы көшпенді өркениеттердің тарихы мен мәдениетіне ықылас-пейілді басқа да жұрттардың оқырмандары бұл еңбекке өздерінің зор ризашылығын білдірді. Аталған мақаладағы бұрын ...

    Read More »