Home » Айдарлар » Саясат (page 5)

Саясат

Жапония императоры Акихито өз еркімен тақтан кетті

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ император Акихитоның тақтан кеткенін жариялады және халық өкілі ретінде алғыс білдірді, – деп хабарлайды РИА Новости. Өз кезегінде Акихито халқына соңғы сөзін айтты.  Салтанатты шара Токиодағы император сарайының “Сэйдэн Мацу-но-ма” залында өтіп жатыр. Елдің барлық телеарнаcы телетрансляция жасап жатыр.  Залда шамамен 300-ге жуық адам бар, оның ішінде – монарх жарымен бірге келген, оның мұрагері Нарухито жарымен, ...

Read More »

Әміржан Қосанов құжаттарын тапсырды

Президент сайлауына “Ұлт тағдыры” қозғалысынан ұсынылған Әміржан Қосанов бүгін Нұр-Сұлтанда Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Кешеден бері әлеуметтік желіде Қосановтың құжаттарын қабылдай ма, қабылдамай ма деп елеңдеген халыққа бұл туралы саясаткер өзінің Фейсбук парақшасында жариялады. “Бүгін Астанаға келіп, Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсырдым. Екі күн бойына тексереді екен. Қазақ тілінен сынақты дүйсенбіге сағат 11-00-ге тағайындады. Осындайда қазақ ауылында туып, ата-әжемнің ...

Read More »

Әміржан Қосанов президент сайлауына түседі

Алматыда “Жаңа Қазақстан форумы” қоғамдық ұйымы арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, президент сайлауына “Ұлт тағдыры” қозғалысы атынан өз үміткері ретінде белгілі саясаткер Әміржан Қосановты ұсынатынын мәлімдеді  “Ұлт тағдыры” қоғамдық қозғалысы Қазақстан президенттігіне Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  Осыған дейін Әміржан Қосанов Қазақстандағы оппозициялық партиялар басын қосып, алдағы сайлауға өз кандидатурасын ұсынса, оны қолдап, қосшы болуға дайын екенін ...

Read More »

Зеленский Лаура Кёвешиді Украинаға әкелмек

Кешегі сайланған украин президенті Зеленский, өзіне қызметке Лаура Кёвеши есімді румын қызын шақыртып жатыр екен мыс… Ол шақыртуға бұл ханымның келісім бермеуін тілеп украин ұрылары мен жемқорлары шоқынып құдайдан тілек тілеп отыр мыс…. Ал бұл ханым нағыз ермінезді темір қол келіншек. Румынияның бұрыңғы бас прокуроры. Бұл бике бас прокурор боп істеген алғашқы жыл румын министрлерінің үшеуі жемқорлықпен айыпталып сотталыпты, ондаған ...

Read More »

Алғашқы кандидат Сәдібек Түгел 

Сәдібек Түгел 2019 жылғы президент сайлауына түсуге бірінші болып кандидатурасын ұсынды  Орталық сайлау комиссиясына бірінші болып құжаттарын тапсырған, “Ұлы дала қырандары” республикалық қозғалысы атынан президенттікке үміткер Сәдібек Түгел Sputnik Қазақстан тілшісіне неге сайлауға түскісі келетінін айтты. Сәдібек Түгел неге президент болғысы келеді? “Қоғамды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде демократизациялауға белсенді атсалысқым келген соң, осындай шешім қабылдадым. Еліміздегі ахуалды жақсартсам деймін”, – ...

Read More »

Зеленский президент ретінде алға қойған бірінші мақсатын атады

Владимир Зеленский президент сайлауының бастапқы нәтижесін естіген соң қатты қуанып, жеңімпаз ретінде мәлімдеме жасады Бастапқы нәтижелер бойынша Украинаның президент сайлауында жеңіске жеткен Владимир Зеленский өзіне қолдау білдірген халыққа үндеу жасады. Сайлаудың екінші турының бастапқы нәтижесі шыққан соң Владимир Зеленский қуанғаннан секіріп, әйелі Еленаны сүйді және өз командасы өкілдерімен қол алысты. “Біз бұған бірге қол жеткіздік”, – деді Зеленский өз кандидаттық ...

Read More »

Кандидаттар дебаты. Порошенко мен Зеленский не айтты?

19 сәуірде Украина астанасы Киевтегі “Олимпийский” стадионында президенттікке кандидат Петр Порошенко мен Владимир Зеленский арасында дебат өтті. Дебатты бастаған Зеленский «2014 жылғы сайлауда Петр Порошенкоға дауыс бергенін, бірақ онысы қате болғанын» айтты. Ол «дәрі-дәрмек жетпей, жол жоқ болса, ол қандай реформа» деп, қазіргі Украина президентінің жұмысын сынады. Ал екінші болып сөз алған Петр Порошенко «бұл дебатқа әзер жеттік, өйткені Зеленский ...

Read More »

Бәзілбаев бесінші мәрте Қазақстан президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Төрт рет президент сайлауына қатысатынын айтып, бірақ ешбірінде сайлаудың соңына дейін бармаған Жақсыбай Бәзілбаев 9 маусымда өтетін Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауына қатысатынын айтты. Бұл туралы ол 19 сәуірде Алматыда өткен баспасөз жиыны кезінде мәлімдеді. Ол сайлауға “Қазақстандағы орыс қауымдастығы” қоғамдық ұйымының атынан түспек. “Қазақстандағы орыс қауымдастығы” Бәзілбаевтың ұйым атынан сайлауға түсу ниетін “жиын барысында білген”. Жиынға келген ұйым өкілі ...

Read More »

Бізге Президент болып кім келсе де бәрібір

Менің ойымша Қазақстанды басқару қазіргі жүйе бойынша өте оңай секілді. Мысалы, жақында Түркияда сайлау өтті. Ердоғанды қанша жерден автократ десек те Стамбул, Анкара, Измир, Анталия сынды үлкен қалалардың барлығында Ататүрік құрған оппозициялық CHP партиясы жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша ірі қалалар оппозиядан шыққан әкімдердің басқаруына өтті. Сайлау процесі барысында өткен саяси дебаттар мен тартыстарда есеп жоқ. Қарсыластар бір-бірінің кемшілігі мен ...

Read More »