• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Саясат (page 3)

    Саясат

    Мирзияев: Германиямен қарым-қатынасты жақсартамыз

    Германия канцлері Ангела Меркель мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Берлин, 21 қаңтар 2019 жыл. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен келіссөз жүргізді. Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық әріптестік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінгенін хабарлады Шавкат Мирзияевтің мәлімдеуінше, Өзбекстан Германияны экономикалық мүмкіндігі мол, инвестиция және технология салаларында басты әріптес болатын әлемдік держава ретінде қабылдайды. Келіссөзден ...

    Read More »

    Әміржан Қосанов: Жастарды қолдау 362 күнмен шектелмеуі керек

    Әміржан Қосанов: Жастарды қолдау 362 күнмен шектелмеуі керек Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады, білесіздер. Ол үшін арнайы қаулы шығарды. Қаулыда: «2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын. ҚР Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президент Әкімшілігіне жүктелсін. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін» деп жазылған. Сонымен, Президент ...

    Read More »

    Алматы Қонаевты еске алды

      Бүгін, Алматыда халқының сүйікті ұлы,  Қазақстанды ұзақ жыл басқарған Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті. Оның туған күніне арнайы Қонаев музейі ұйымдастырған шараға  Серікболсын Әбділдин, Шәңгерей Жәнібеков секілді қоғам қайраткерлерімен қатар, жүздеген тұрғындар қатысты. ҰҚК шекара қызметі академиясының курсанттары, Қонаев ескерткішінің құрметті қарауылы болды. Жиналғандар жұрт Дінмұхамед Ахметұлы жайлы естелік айтып, жақсы қасиеттерін сөз етті. арнайылап келген көпшілік  Қонаев ...

    Read More »

    Дәурен Абаев: «Қарағанды оқиғасы бізге сабақ болды»

    Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев “Хабар” телеарнасындағы  “Открытый диалог” бағдарламасындағы сұхбатта Қарағандыдағы оқиға туралы өз пікірін білдірді. Бағдарламада ақпарат  министріне  “Неліктен билік ұзақ уақыттан бері үндемей отыр, неге ІІМ-нің баспасөз жиыны бір аптадан кейін бірақ өткізілді және ресми ақпараттың шұғыл берілмеуі қаңқу сөздерге толы вакуумның пайда болуына себепші болады деп ойламайсыз ба?” деген сауал қойылды. Дәурен Абаев: “Менің ойымша, ...

    Read More »

    “Сирияда бірнеше отандасымыз өлім жазасына кесілген”. ҰҚК

    Сирияға барғаннан адам қайта алмайды. Қашпақ болғандар қатаң жазаланды, кейбірін өлім жазасына кескен. ҰҚК-нің мәлімдеуінше, соғыс қашамыз деген бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген Қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялауға қатысты Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг кезінде ҰҚК департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев осындай мәлімдеме жасады. Ресми тұлғаның айтуынша, Сирияға тарту жұмыстары мешіттерде емес, ғаламтор мен әлеуметтік желілер арқылы шетелден жүргізілген. “Сирияға тартушылар отандастарымызбен интернет ...

    Read More »

    Порошенко патриарх Филаретке “Украина батыры” атағын берді

    Украина президенті Петр Порошенко патриарх Филаретке Украина батыры атағын берді. Бұл туралы “Азаттық” радиосы хабарлайды. Порошенко Филареттің украин православие шіркеуінің тәуелсіздік алу жолындағы күресіне қосқан үлесін ерекше бағалады. “Ол украин халқының рухани жетекшісі және солай болып қала береді. Сол себепті оған “Украина батыры” атағын бердім” деп жазды президент Facebook-тегі парақшасында. Патриарх Филарет (Денисенко) Киев патриархатының Украин православие шіркеуін басқарған. Шіркеу ...

    Read More »

    “Сириядан 47 адам қайтарылды”. Назарбаев

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты мәлімдемесі жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. “Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен ...

    Read More »

    Қарағанды: “Нұр Отанның” ресмси мәлімдемесі

    Қарағанды – талай талант пен дарындардың кіндігін кесіп, томағасын сыпырған, қазақ үшін құт дарып, бақ қонған қастерлі мекен. Соңғы аптада осы бір өлкеге елдің назары ерекше ауды. Мәселенің мәнісі де баршаға мәлім. Бүгін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Аталған іс бойынша нақты шаралар қолға алынып, тергеу амалдарының жүйелі түрде жүргізіліп ...

    Read More »

    Мұхтар Тайжанды неге полиция алып кетті?

    Белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан бүгін Фейсбук желісінде барша ұлтшылдарды бірігуге шақырған болатын. Осыған дейінгі өкпе-ренішті ұмытып, тізе қосып еңбек етейік дей келе, бүгін кешкі 19:00-де Алматы қаласындағы «Астана» қонақ үйінде күтетінін айтты. Соңғы жылдары қырғи-қабақ болып жүрген Геройхан Қыстаубаевты да арнайылап шақырғанын жазған. Бірақ, ұлтшылдардың басы бұл жолы да біріге алмады. Дұрысы, біріктірмеді деуге болар. Мұхтар Тайжанды Алматы қалалық ...

    Read More »