• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Саясат (page 2)

    Саясат

    Билікке талап айтқан аналар көбейді

    Қазақстанның бірнеше аймағында жүздеген әйел жергілікті билікке барып, арыздарын айтып жатыр. Ақпанның 11-і күні Қарағандыда жүзге жуық ана облыстық әкімдікке жиналып, билікке талап қойды. Ал Ақтөбеде мемлекеттік мекеме өкілдері көп балалы аналарды қабылдауды бастады. Елдің қаржы министрлігі көп балалы аналарға төленетін жәрдемақыны өсіру мәселесіне пікір білдірді. “МЕДАЛЬДАРЫҢЫЗДЫ ТӨРГЕ ІЛІП ҚОЙЫП, ҚАРАП ОТЫРАМЫЗ” Қарағандыда облыстық әкімдікке келген жүздеген көп балалы ана ...

    Read More »

    Конституциялық Кеңес Назарбаевтың өтінішін талқылауда. Билік ауыса ма?

    Бүгін, 7 ақпанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияның 42-бабы 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды. Мемлекет басшысы өз өтінішінде: “Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіздердің тізімі толық болып санала ма?” деген сұраққа жауап беруді өтінген. Ал бүгінгі отырыста Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат ...

    Read More »

    Үкімет 5 бала қайтыс болған өртті талқылауда

    Астана әкімі Бақыт Сұлтанов әкімдік тарапынан барлық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.  ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкіметтің кезекті отырысында Астанадағы жойқын өрттен қаза болған бес қыздың ата-анасына көңіл айтты. “Жантүршігерлік жағдай, бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Айдың-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш-қуат берсін дейміз. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Алла мұндай жағдайды енді ...

    Read More »

    Президент сайлауына өтініш қабылдау аяқталды

    Украина орталық сайлау комиссиясы 31 наурызда өтетін президент сайлауына түсуге ниет білдіргендердің құжатын қабылдауды аяқтады. Осы сайлауға қатысуға өтінш бергендердің саны 83 адамға жеткен. Украина орталық сайлау комиссиясы 4 ақпанда сайлауға қатысуға тілек білдірген 28 адамның өтініші мақұлдаудан өткенін, 22 өтініштің қабылданбағанын, ал 33 өтініш қарастырылып жатқанын хабарлаған. Тіркелген кандидаттар тізімін 9 ақпанға дейін жариялау көзделіп отыр. Сайлауға қатысатындардың нобайына ...

    Read More »

    Шаханов бастаған зиялылар «Атажұртқа» қарсы шықты

    Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарына және қазақ халқына ОРАЛМАНДАР ҚАШАНҒЫ ОПЫҚ ЖЕЙДІ? Бәрімізге мәлім, кейінгі жылдары Қытай еліндегі қандастарымыздың тағдыры тым күрделеніп кетті. Тәуелсіздік алғаннан бері қалыпты деңгейде жұмыс жасап келе жатқан көші-қон мәселесінде аяқ астынан туындаған келеңсіздіктер салдарынан, екі ел арасында заңды құжатпен жүрген бір отбасы мүшелерінің екіге бөлініп қалғанын көзіміз көріп отыр. Бұл ...

    Read More »

    “Нашар жұмыс”: Назарбаев несиені таратып берген Ақышевті сынады

    Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттен несие алған компаниялардың қаржыны қайтармай жатқанын айтты. Елбасы қарыз мөлшері ұлғайып жатқанын жеткізген шенеунікті сілкіледі. “Егер нашар компанияларға бере берсеңдер, тағы да сол жағдай қайталанады. Қаражат жойылған. Ақшаны жабылуға аз қалған компанияларға неге бердіңдер? Олар ақшаны құр босқа жаратып тастады. Банк пен үкімет қадағаламай, кім болса соған бере берген. Компаниялар қайта несиелендіріліп ...

    Read More »

    Даниал Ахметов мемлекет басшысына Ақордада есеп берді

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады. Кездесуде мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берілді деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан президенті «Рухани жаңғыру» және облыстың туристік әлеуетін дамыту бағдарламаларын сапалы іске асыру қажеттігіне баса назар аударды. “Жалпы, ішкі өңірлік өнім көлемі 104 пайызға артты. Өсім деңгейі өнеркәсіп саласында 118 пайызға, ауыл шаруашылығы бойынша 107 пайызға жетті. ...

    Read More »

    ТҮРКІСТАННЫҢ ӘКІМІНЕ ҚАТАҢ СӨГІС БЕРІЛУ КЕРЕК!

    Киелі шаһардағы төтенше жағдай (жасөспірімдер әлімжеттігі) ДАБЫЛ ҚАҒАТЫНДАЙ ЖАҒДАЙҒА ЖЕТТІ! Осыдан кейін әкім қаралар мен погон таққандар қалай тыныш жатады екен?! Елдің алдына шығып халықтан кешірім сұрамай ма? Жасөспірімдердің тәртібін қадағалай алмай, бетімен жіберіп алғандығын ашық мойындамай ма? Бұл мәселенің қалада бұрыннан ушығып тұрғандығын, тек креслоларынан айрылып қалмасы үшін мұндай оқиғаларды барынша жасырып, республикаға тарап кетуден сақтанғандарын нақты айтпай ма? ...

    Read More »

    Жастарымыздың орыс тілінсіз күні қараң ба?

    Астанадағы «Нұр-әлем» павильонында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, оны мемлекеттік арналар тікелей эфирде көрсетті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен өткен бұл шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері сынды дарындар қатысты. Осылайша қазақ жастарының қаймақтары мен шенді-шекпенділері жиналған жиында ...

    Read More »