• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Салт-дәстүр (page 3)

    Салт-дәстүр

    “Ат тұлдау” – қазақтың ең көне салттарының бірі

    Жылқы малы қазақтарды жарық дүниеге келген уақытынан өмір бойы бірге болып, соңғы демі таусылғанша қасында болатын жанына ең жақын жануар. Қазақ даласында болған шетелдік тарихшылардың барлығы дерлік қазақ халқының жылқыға деген айрықша көңілін байқап өз шығармаларында жазып кеткен. Мысалы орыс тарихшысы Гавердовский мынадай жазба қалдырған: «Табындар үш топқа бөлінеді. Біріншісінде сауын биелер болады. Оларды айғыр қориды. Ол байталдарды шашау шығармай ...

    Read More »

    Келіннің бетін қалай ашады?

    Қазақтың әдет-ғұрыптарының бәрі, ұлтымыздың рухани болмысын сақтап қалу үшін, адамды адамгершіліктен айырмау үшін жүз ойланып, мың толғанып, көппен келісе отырып ереже ретінде дүниеге әкелінген мәдени үрдістер. Жаңа түскен келіннің жүзін беташарға дейін ешкімнің көруге қақысы болмаған. Себебі қазақтар келіннің беті көпшіліктің алдында ғана ашылған күнде ғана болашағы бақытты болады деп сенген. Қай кезде де келіндердің бетін ер адамдар, ақындар ашқан. ...

    Read More »

    Бата беру байырғы салт

    Қазақ дәстүрге бай халық. Соның бірі «Бата беру». Бата – басы тілек. Бата беру ислам келмей тұрып қалыптасқан салт. Жалпы қазақтың тұрмыс-салтының қай жағы болмасын батасыз болмайды. Қазақтар батадан тек жақсылық күтеді.Батаны әдетте үлкен кісілер береді. Ер адамдар мен қатар әйел адамдар да бата береді. Бата нәресте дүниеге келгенде, оған есім таңдалғанда, бала тәй-тәй жүріп тұсауын кескенде, баланы ашамай ерге ...

    Read More »

    Сүйінші сұрау — қазақтың ең жақсы көретін салты

    Қазақта қандай бір жаңалық болса да, сүйінші сұрау әдеті бар. Қазақ жақсы жаңалықпен бөлісуге әрқашанда дайын тұрады. Әдетте қуанышты жаңалықты жеткізуші айтарын «сүйінші» сөзімен бастайды. Жақсы хабар жеткізушіге әрқашан сыйлық берілетін болған. Сүйінші сұрау адамның туған кезінен бастап өмір бойғы серігі іспеттес. Қазақ үшін жақсы жаңалықтың бәрі үлкен-кіші демей сүйінші сұрауға лайық. «Сүйінші – сәби дүниеге келді!», «Сүйінші – бала ...

    Read More »

    “Тоқым қағар” салты туралы білесіз бе

    Бұл салт қазақта ат мінген уақыттан бар болса керек. «Тоқым қағар» үй иесі алыс жолға шығар алдында жасалынатын салт. Туыстар мен достар, ауыл адамдары үй иесінің алыс сапарға шыққалы жатқанын естіп келеді. Олар жолға шығатын адамға «Ақ жол», «Жол оң болсын» және басқа да жақсы тілектерін айтып тілеулестігін білдіреді. Үй иесі әдетте келушілер үшін дастархан жаяды. Жалпы, қазақтарды қонақсыз көзге ...

    Read More »

    Күй тартыс қандай сайыс?

    Қазақ халқының мәдени мұрасы ұшан–теңіз. Бұрынғы кезде әр ауылдың өзінің әншісі, күйшісі, ақыны және ертегішісі, және басқа да өнер иелері болған. Саз өнерінің түрлілігі батырлық жырларды жырлауға, ән шырқап би билеуге тағы түрлі көптеген мүмкіншіліктер ашады. Қазақ қашанда үйіне қонақ түссе, үлкен абырой деп біледі. Қонақ жақын алыс-туыстары, құда-жегжаттары, достары ғана емес, кез келген бейтаныс адамдар болуы да мүмкін. Қазақ ...

    Read More »

    Ене мен келін арасы неге араз? Қазақ жігіттеріне неге жауапкершілік жетіспейді?

    Осыдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбеден Алматыға қатынайтын пойыз ішінде егде тартқан әйел кісілермен әңгімелесіп үзеңгі жолдас болдық. Барлығы да келісіп алғандай келіндерін жарыса жамандап, ал қыздарын жамырай мақтады. Өз келіндері де біреудің қызы екенін, ал керісінше өз қыздары өзге отбасының келіні екенін ой таразысына салған бірі болсашы. Сонда деймін, егер әркім өз қыздарына дұрыс тәрбие берсе, жаман келін қайдан шығады? ...

    Read More »

    Перерезание пуповины — ответственная и почетная традиция казахов

    В прошлые века роды принимали несколько женщин в домашних условиях. После того как роженица благополучно разродится, ребенку резали пуповину. Зачастую это делала женщина, которую выбирали близкие родственники — дед и бабушка новорожденного. Перерезавшую пуповину называли кіндік шеше (дословно – пуповинная мать). Такой обряд считался очень почетным действием. Как правило, для процедуры выбирали многодетных, искусных и трудолюбивых женщин с добрым и ...

    Read More »

    Сыңсу – о чем пели казахские девушки в своей прощальной песне

    Сыңсу – одна из почти забытых казахских народных традиций. В прошлом все девушки, выходя замуж, пели песню. Она называлась «сыңсу» — тихое пение (дословный перевод — всхлипывание) и занимала достойное место среди обрядовых песен. Ни одна казашка не имела права нарушить эту традицию. Кроме тех, кого украли (алып қашу), кто убежал с любимым вопреки воле родителей или той стороны, которая ...

    Read More »