Home » Айдарлар (page 242)

Айдарлар

Ұлттық идеологияның темірқазығы – мемлекеттілік

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы әкімдігінде сөйлеген сөзін қалың жұртшылық зор ықылас сезіммен қабылдап, қызу талқылауда. Әсіресе, Президенттің Астана активімен кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы мәлімдемесі ақпараттық кеңістіктегі негізгі тақырыпқа айналды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі ...

Read More »

550 жылдықты тойлау – халықты тарихпен тәрбиелейтін маңызды шара

Қазақ мемлекетінің тұңғыш рет өз атымен тарих сахнасына шығуының 550 жылдығын тойлау жайында аса биік дәрежедегі шешім жария болды, ең бастысы осы. Мемлекеттілігіміздің айтулы даталарын атап өту арқылы халықты тарихпен тәрбиелеуге, еліміздің әр азаматының бойындағы отансүйгіштік сезімін ұштауға   бағытталған маңызды қадам жасаймыз. Осы мерейтойға дайындық кезеңі әркімнің өзін өзі тануына кең жол ашады, соған жәрдемдесу ләзім. 1465 жылы Қазақ Ордасы ...

Read More »

Абысын тату болса…

Абысын – қазақ этномәдениетіндегі ағайынды адамдардың әйелдерінің бір-біріне жақындық қарым-қатынасын білдіретін туыстық атау. Алайда бұл сөздің алғашқы мағынасы тек қана әйелдер арасындағы ілік,  жақындыққа арналған сөз екендігін еске ала отырып, төркінін тап басуға болады. В.В.Радлов сөздігінде: «Абы» қойбол тілінде біздегі «әйел» сөзінің орнына қолданылады,– деп жазылған еді. Ал Л.3.Будагов сөздігінде: «Абысын» тұлғасына жақын «епчи» сөзін ұшы­ра­тып, «әйел» мағынасын беретіндігінен хабардар ...

Read More »

Қойдың пірі – Шопан ата

Міне, күнтізбе бойынша 2015 жылға да қадам бастық. 2015 жыл – Қой жылы. Осы орайда біз қой жылының кейбір ерекшеліктеріне, сонымен қатар қойға байланысты салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, ырым-тыйымдарға, наным-сенімдерге тоқталуды жөн көрдік. Қой жылы – он екі жылдық жыл санау жүйесіндегі жетінші жыл атауы болып есептеледі. Дәстүрлі түсінік бойынша, әр жануарға телінетін жылдардың өз ерекшеліктері бар. Мәселен, қой жылы қойдың мінезі ...

Read More »

Қыпшақтар

Тамыры терең жатқан түркі халықтарының төл тарихында дүниені дүбірлеткен қыпшақтардың алатын орны ерекше. Көне тарихымызда небір жарқын беттер қалдырған ерлігі ерен, өнері өрісті, мәдениеті мәуелі қыпшақтар талай ауыр кезеңді бастап өткеріп, Дешті қыпшақ даласынан біртіндеп жылыстап, Жерорта теңізіне дейін жетті. Үш жүз жылдай Мысырда мәмлүктер (қыпшақтар) патшалық құрған кездегі Тұран түлегі Мәлік Заһир Бейбарыс сұлтандай үлкен тарихи тұлға кемде-кем кездеседі. ...

Read More »

Қалаға Әлихан Бөкейхан есімі берілсін

Курчатов қаласына Әлихан Бөкейхановтың атын беру керек. Себебі, келесі жылы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл, 2017 жылы Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл  толады. Біз әлі күнге дейін Петропавл мен Павлодар қалаларының атын өзгерте алмай жалтақтап жүрміз. Осы қалалардың тарихи атын беру жөнінде нақты бір шешім жоқ. Ал кезінде әскери сынақ алаңындағы жабық та, жасырын қала болған Курчатовтың алғашқы атауы ...

Read More »

Ру тарихын зерттемей, ұлт тарихын түгендеу мүмкін емес

Сақтардың, ғұндардың, түркілердің және осы түркілерден тараған бүгінгі түркі халықтарының басынан кешкен тарихтары – бәрімізге ортақ бір ғана тарих. Бүгінгі қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңдері мен алғашқы қазақ атауымен құрылған мемлекет «Қазақ хандығы» болса, оның заңды жалғасы – бүгінгі Қазақстан Республикасы. Мына алмағайып уақытта «Мәңгілік ел» болу үшін тарихи тамырымыздың тереңде екенін, «Қазақ Елін» құрап отырған ұлттың, қалаберді бүкіл ...

Read More »

Қыран сыны

Академик Әлкей Марғұлан айтқандай, саят өнерін көне мәдени ескерткіш, құсбегілерді орнитолог маман деп бағалауға әбден болады. Бүгіндері мемлекеттік рәмізге айналған қыранның киелі қасиеті мен оған қатысты көне наным-сенімдер жүйесі халық мұрасында жан-жақты айқын таңбаланған. Осындай ежелгі дүниетанымның бірқыдыруын бүркіт туралы айтылатын мифо­логиялық мәліметтерден байқай аламыз. Қазақ ең қыран құстың бір түрінің мифтік атауын «бидайық», ал ең әйдік саятшыны «мініскер құсбегі» ...

Read More »

Сән беріп сәукелесі хас сұлуға…

Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Тігілген матасы, ою-өрнегі мен ондағы әшекей тастарының өзі көп нәрседен хабар беріп, киім иесінің кім екенін елге танытып тұрады. Үлкен талғампаздықпен, әрі аса тапқырлықпен тігілген ұлттық киімдеріміздің бірі – сәукеле. Сәукеле – ұзатылар қыздың бас киімі. Қалыңдық болғанда бір-ақ рет киетін оны қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін ...

Read More »