• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар (page 162)

    Айдарлар

    Баталы ер арымас

    Ұлы жүздің арасыңда Қайдар деген жігітті ел билемекке белгілейді. Сонда көпшіліктің ішінде бұрын жол көргендері айтыпты: – Сен Арғын Алшағыр биден бата ал, «Баталы ер арымас» деген. Онсыз билікке айтқан сөзіңде пәтуа болмайды, – дейді. Содан кейін Қайдар Алшағырға келіп сәлемдеседі. Алшағыр: «Шырағым, жолың болсын, қандай бұйымтайың бар еді?» – депті. Қайдар «бір-екі ауыз сұрайтын сұрағым бар еді», – дейді. ...

    Read More »

    Неше түрлі қонақ болады?

    Есентемір Бөленді Асау шешен қонаққа шақырып отырып: – Е, Бөле! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? – депті.– Е-е, шырағым, сұра! – депті Бөлен. – Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе, бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп: «Мынау тағы келе жатыр ма?» – дейді. Бұл неткені? – депті Асау.– Ол – келіннің ырысы кеткені, ...

    Read More »

    Қазы табыс көзіне айналды

    Ұлттық тағамның қадірі артып, сұраныс ұлғайып келеді. Шетелдің жартылай піскен тағамдарынан бас тартып, мал бағу, ет және ет өнімдерін жасау жолға қойылды. Ақтөбелік кәсіпкер ысталған қазы жасап, оны «Саржайлау» атады. «Жергілікті кәсіпкерлер жылқы етін тапсырып үлгерсе» дейді Данат Шураханов. Ол алдағы жылдары қазы айналдырудың түрлі тәсілін пайдаланып, тіл үйірер тағамның бірнеше сортын жасауды көздеп отыр. Қазының дәм-тұзы ерекше. Әсіресе, сүрленген ...

    Read More »

    Шұбат антибактериялық және антивирустық қасиетке ие

    Күнде жейтін ас-ауқатымыз химиялық, синтетикалық жасанды дүниелерден жасалғалы бері адамзат денсаулығына зор қауіп төнді. Аллергия, псориаз, қант диабеті, холлецистит, гастрит т.б. көптеген дерттер ушығып шыға келді. Дерт атаулының өршу себептерінің бірі азық түлігіміздің ластануында болып отыр. Қазақ атамыз: «Асы саудың – дені сау» деп бекер айтпаған. Сондықтан да қазақтың денсаулығы мықты болсын десек, дүниеге аяқ қолы балғадай сау ұрпақ әкелеміз ...

    Read More »

    Алған жарың жақсы болса

    Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті.  Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек: «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» – деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда, үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя беріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті: Жараңдар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап ...

    Read More »

    Бұқар жырау: Би жігітке жарасар…

    Биік тауға жарасар Ығынан тиген панасы. Терең сайға жарасар Тобылғылы саласы. Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы Би жігітке жарасар Халқына тиген пайдасы. Ақсақалға жарасар Тілеуқорлық айласы. Бәйбішеге жарасар Еміздіктен сабасы. Келіншекке жарасар Емшектегі баласы. Қыз он беске келгенде Шашынан көп жаласы. Бұл жалғанда бір жаман – Ағайынның аласы.  

    Read More »

    Хан табылар, қарашы табылмас

    Төртқара Бәймен бидің заманында Жансүгір деген бай болыпты. Екеуі Темірастаудағы бір қопаға даулы болыпты. Сол кезде Арыстан деген правитель (аға сұлтан) екен, соған айтыса барыпты. Жансүгір бай правительге параға тоғыз ақ нар беріпті, правитель пара берген байға төрелік бұйырып, жерді соған беруге билік істепті. Бәймен Жансүгірдің параға тоғыз ақ нар бергенін біліп қалып, правительге келіп былай депті: «Иә, төрем, сіз ...

    Read More »

    Төрт тентек

    Мөңке бидің бала кезінде бір бай жоқ сұрау үшін көш алдында келе жатып, ауылдың жанында асық ойнап жатқан бір топ балаға жолығыпты. Балалардың бірі байдың атын үркітеді. Оған бай ашуланып, әлгі баланы қуалайды. Байдың мінгені асау байтал екен, баланың желбіреген көйлегінен үркіп мөңкиді. Мөңкіп жүргенде байдың басынан бөркі ұшып түседі. Байтал одан бетер тулап, байды жығып кетеді, бай қаза табады. ...

    Read More »

    Қымыз қырық түрлі дертке ем, алайда оның қадір-қасиетін ұмытып барамыз

    Жалы желкенше желбіреп, жер тарпып, оқырына шапқан қылқұйрықтыларды жек көретін қазақ баласы бар ма? “Ер серігі – ат” деген ғой халқымыз.Алғаш рет атқа мінуді анама ілесіп “Ермен” ауылында тұратын жездем Башен Байдошовтың үйіне пішен шабуға барғанда үйренген едім. “Торы ат” деген жұп-жуас сүйкімді торы тақымыма тигенде қуанғаным есімде қалыпты. Маған бірден ұнады. Қазіргі шаруа қожалығының басшысы, сол кездегі бала, бөлем ...

    Read More »