• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар (page 157)

    Айдарлар

    Бүркіт – киелі құс

    Өмірі мен тарихы әріден келе жатқан, сүрлеу-соқпағы ықылым заманнан арнасын  тартқан  қазақ халқын көзге қалай елестетуге болады. Оған берер жауап дайын. Біз әрдайым қарапайым,  еңбекқор, қажырлы, та­банды халқымызды қыран құсы, ұшқыр та­зысы мен жүйрік аты және  үкілі домбырасы ар­­қылы  танып білеміз. Ата-бабамыз осы дүние­лер­ді қастерлеп ұстаған, серігі еткен. Қара­пайым қазақ тірліктегі  нәсібін де  осылардан  тауып, азық еткені мәлім. Халқымыз­дың ежелгі ...

    Read More »

    Желден жүйрік жануар

    Сағымға оранып, әлдеқашан сары бел асып кеткен күндеріне көз жіберсе болды, алшаңдатып арғымақ мінген алып қазақтың жанарына жас келеді… Адамнан зият жылқы жануары туралы сан ғасырларды соңына тастап, сараланып жеткен бейнелі теңеулер аз емес. Әттең, қанатты тұлпарлар туралы жазылған Беленицкий, Толстов, Снесарев, Липец сияқты орыс ғалымдарының еңбектеріне пара-пар келетін қабырғалы дүниенің біздің буын тарапынан жазылмай келе жатқаны өкінішті! Жер жүзіндегі ...

    Read More »

    Мырзан КЕНЖЕБАЙ: Күй тарихы, күй тағдыры…

    Алла Тағала қазаққа басқа халықтарда кездесе бермейтін небір ғажайып өнер түрлерін тарту еткен. Өзіңіз ойлап көріңізші, буырқанып-бұрсанып суырыла сөйлеп кетсе, қарасөздің қаһарымен небір хан-сұлтандарды қамыстай қалтыратып, мейірленіп мекірене сөйлеп, бүкіл жан әлемінің жылуы мен шуағын тіл ұшынан төгілдіргенде ордалы жыланға би билеткен шешендік, қажет сәтте қаптаған қалың жауға қарсы сермелген ақ семсердей алмас жырды ағыл-тегіл ағындататын суырыпсалма ақындық, ердің құнын ...

    Read More »

    Юран, Нюра және Майра… Бұл жұмбақтың сыры қайда?

    «Майра, Майра, қызыл тілім сайра» деп шырқаған Майра Уәлиқызын тыңдаушы қауым қазақтың әнші қызы деп біледі. Заты татар болғанымен, Майра Шамсутдинова – қазақтың ән қоржынына қаншама әнді қосып, руханиятымызда сырнаймен ән салу дәстүрінің негізін қалаушы ретінде қалған әнші-сазгер. Заманында «бетімен кеткен бұзақы болды» деген алыпқашпа әңгімені қазақ өнерін зерттеуші А.Затаевич сөзі, ең бастысы, қазақ қызының пікірімен санаспаған, құқығын аяққа басқан ...

    Read More »

    Нұркен ӘШІРОВ, күйші: Қазақша түс көрмеген адам

    – Жақында Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер саласын дамытуға айрықша үлес қосып жүрген жастарға өз қолымен мемлекеттік стипендия тапсырғаны белгілі. Материалдық қолдау ретінде берілген сыйақыға сіз де ие болдыңыз. Осы қара­жатты қайда жұмсамақ ойыңыз бар? – Көптен бері көздеп жүрген шығармашылық жоспарларым бар еді. Ол қаражат ойдағы мақ­сатымды то­лыққанды жүзеге асыруға жете қоймайды. Бірақ әжептеуір жыр­тығым жамалып қалатын болды. ...

    Read More »

    Ержан Қосбармақов: Әріптестеріме жаным ашиды

    – Ержан аға, кезінде қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында халық әні кафедрасы алғаш ашылғанда соның тұңғыш түлектері болып Бекболат Тілеухан екеуіңіз ғана тәлім алған екенсіздер. Ол кезбен салыстыр­ғанда қазір шүкір деу керек шығар: жылына қаншама әншілер мен күйшілер түлеп ұшып жатыр. Алайда сол төл өнеріміздің, қазақтың ұлттық коды дерлік қоңыр домбы­раның үнін өшірмей, бүгінге жалғап жүрген дәстүрлі өнер иелері ...

    Read More »

    «Ән еді Біржан салған жаймашуақ»

    «Адырна» этнографиялық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірлесіп ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Біржан деп атым шықты алты алашқа» атты кеш өтті. Кеште алғашқы болып сөйлеген академик, профессор Тұрсынбек Кәкішев:– Біздің классикалық әншілерімізді жастар ұмыта бастаған кезде оны қайта жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа, мына залда отырған студенттерге тағылым етіп, іс-шараны көтеріп отырған «Адырна» ұйымының бағыт-бағдары өте дұрыс-деп, өзінің алғысын ...

    Read More »

    Абай мақтаған құс қандай?

    Абайдың көпке мәлім «Қансонарда бүркітші шығады аңға…» деп басталатын өлеңінің көркемдік-эстетикалық қасиеті оқырманның да, абайтанушылардың да лайықты бағасына ие болған. Табиғат пен адамның ажырамас бүтін-бірлігі мұндай кемел суреттелген жалғыз өлеңімен ғана талай ақын тарихта қалар еді. Тіпті, табиғат лирикасы дегеннен гөрі көргіш, сезгіш, ой қорытқыш ұшқыр қиял иесі әр адамның көңіл күйін тереңнен тартып, жалаңаштай, жарқырата көрсетудің ғажайып үлгісі осындай. ...

    Read More »

    «Тулаған қаны бар, тұлпар да табылар…»

    «Жігітке жетпіс өнер де аз». Кезінде «Көршінің қызымен» көңілімізді елең еткізіп, «Сыған серенадасы» секілді сырлы әндермен тыңдарманды  баурап алған, қазақ эстрадасында өзіндік жолмен із салып келе жатқан әнші Тоқтар Серіковтің көпшілікке беймәлім әдемі әдетімен (хоббиімен) бүгін  сіздерді таныстырмақпыз. Жеті қазынаның біріне бағаланатын жүйрік аттың қазақ халқының өмірінде алатын орны ерекше.  «Жылқының сүті шекер, еті бал, иісі жұпар, терісі киім, мінсең ...

    Read More »