• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар (page 152)

    Айдарлар

    Рақым Тәжібайұлы: Нағыз күй «Ақ жауындай» болуы керек

    Ес білгеннен күйші болуды армандадым – Аға, білуімше, әкеңіз дәулескер күйші болыпты.Киелі домбыраны серік етуіңізге әке өнері әсер еттіме? – Иә, әкем Тәжібай өмір бойы мал бағумен айналысқанымен, домбыраның құлағында ойнайтын күйші, халық әнін әуелете салар әнші, уәжден ұтылуы қиын айтыскер ақын еді. Ертелі-кеш тізесіне отырып алып, тартқан күйін тыңдаудан жалықпайтынмын. Ес білгенімнен күйші болуды армандадым. Қызығушылығым соншама, оңашада тиек жасауға талпынып, талай рет саусақтарымды жарақаттағанмын. Әкеме көмектесіп, әрі мал бағумен, әрі үй шаруасымен айналысқан анам Зағипа ...

    Read More »

    Жоламан Құжиман, әнші: Ән салсаң мамырлатып…

    – Жоламан аға, сіз Мәдидің «Қараке­сек», «Қарқаралы», «Үшқоңырын», Үкі­лі Ыбырайдың «Толқын», «Шалқыма­сын», Ақан серінің «Үш тоты құс», «Шәм­шi-қамар» әндерін, сондай-ақ Біржан салдың да әндерін орындап жүрсіз. Дәстүрлі әндердің бүгінгі аудиториясы қандай? – Дәстүрлі әндерді тыңдайтын аудитория қазіргі таңда кең деп айта алмаймын. Баяғыда кеңестік дәуірде халқымыз Бір­жан, Ақан серілердің әндерін іздеп жүріп тыңдаушы еді. Қазір өкінішке қарай олай емес. Маз­мұны ...

    Read More »

    Жанғали Жүзбаев: Шалақазақтық күйге де келді

    Күй деген – кие. Жанғали Жүзбаев – кие қонған дәулескер домбырашы, алдына жан салмайтын шертпе күйдің шебері.Қара домбырасын күмбірлетіп, тыңдарманның құлақ құрышын қандырып келетін Ж.Жүзбаев «Қазақтың шертпе күйлері», «Шертпе күйдің төрт мектебі», «Ұстаздың педагогикалық репертуары» сынды бірнеше еңбектер жазған. Бүгінде өнерпаз Астанадағы Ұлттық өнер университетінде ұстаздық қызмет атқаруда. «Қаратау шертпесі», «Бес жорға», «Назқоңыр» сияқты техникалық тұрғысынан аса қиын күйлерді Жанғали ...

    Read More »

    Жылқы қазақтың киесі

    Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен ...

    Read More »

    Тұяқты тұяқ жібермейді

    Есімізде әлі. Мақаншының бағына біткен қос көк ат болды. «Арқалды» совхозының атынан сынға түсіп, олжа салған жануарлар жыл он екі ай бабында болатын. Көк жорғаны көсілтіп мінетін Н.Қаспақов, тіпті асфальт үстінде су төгілмейтін жүрісімен жұртты тәнті ететін. Зекеннің көгі қысы-жазы жегінде жүрсе де, жарыс кезінде алдына жүйрік түсірмейтін. Зекен ата ізін бағып, бабынан бір жаңылмайтын аттың табиғатынан сыр шертуін өтініп барғанымыз ...

    Read More »

    Күш атасы — Қажымұқан

      Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған,Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан,Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан…Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң,Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан…Мұхтар Шаханов Қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасов жа­йында көптеген естеліктер, ...

    Read More »

    Салқар даладағы спорттық дәстүрлер

    Қазiргi Қазақстанның аумағы бұрынғы көне дәуiрде Скифия (Сақстан), Тұран, Дештi Қыпшақ даласы, Қазақ даласы деп аталған. Бұл жерлердi байырғы ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндар және т.б. көшпелi тайпалар мекендеген. – Ерте күнде отты күннен Ғұн туған,Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам.Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдiТуа сала жалынменен мен жуғам.Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,Мен – Күн ұлы, көзiмде күн нұры бар.Мен ...

    Read More »

    Қуыршақ серке шын серкенің орнын алмастыра ала ма?

    Қазақтың ұлттық ойыны  – көкпар жақын арада реформаға ұшырауы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, көкпаршылар серкенің орнына арнайы жасалған қуыршақты көкпарға салмақ. Бастаманы «KARE-Забота» жануарлар­ды қорғау қоғамдық қоры көтеріп отыр. Аталмыш мәселеге байланысты Денешы­нықтыру және спорт агенттігіне сауал жі­бер­ген қоғамдық қор агенттіктен жауап алып та үлгеріпті. Аталмыш қордың ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, агент­тік оларға: «Бұл мәселеге байланысты амал­­дар қарастырылуда. Тіпті еліміздегі белгілі ...

    Read More »

    Құсбегілік өнерімізді де өзгелер өңгеріп кете ме?..

    «Аспан» атты сұңқарын қолынан түсірмей, үнемі оюлы бешпентпен жүретін Руслан Абыл құсбегілікті 11 жасынан бері сүйікті ісіне айналдырды. Тіпті таң мен кешті айырып болмайтын түнгі клубтағы диджейлік қызметі де оны қанатты «достарынан» алыстата алмады. Құсбегілік – ол үшін спорт, өнер, өмірдің ажырамас бөлшегі. Ұлттық спортты сақтап қалу үшін жанталасып жүрген Русланның әңгімесі түсінген жанға ой саларлықтай… «Словения, алақандай ғана Словения ...

    Read More »