• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар (page 145)

    Айдарлар

    Боқтағаның қай ағаш?! (Қашаған жыраудың Есқали сұпыға айтқаны)

    Теке қаласының (қазіргі Орал) түрмесінен босап, елге оралған күй атасы Құрманғазының дақпыртын естіп, Нарын құмында сауық құрып жүрген Қашаған жырау іздеп келеді. Екеуі Жайықтың бойында кездесіп,  жұртты аралап, күй тартып, жыр жырлайды. Қыс мезгілі болса керек. Екі жолаушы қызыліңірде Есқали сұпының аулына жетеді. Ауылдың ортасындағы еңселі ақ боз үй сұпынікі болса керек. Боз үйдің жанына келіп ат басын іріккен жолаушылар ...

    Read More »

    Діни секталар неліктен салт-дәстүрге қарсы?

    Ұлттық ұғым-түсініктеріміздің түбіне балта шабуды көздеген ағымдардың қарасы күн санап артып келеді. Осыған орай, «Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы «Діни секталар неліктен салт-дәстүрге қарсы?» деген тақырыпта сауалнама ұйымдастырған болатын. Сауалнамаға «Адырнаның» жүз елуге тарта оқырманы ат салысты. Өз пікірін білдірушілердің басым бөлігі ағымдар «елдің өз тамырынан үзілгенін қалайтындығын» құптапты (50 пайыз). «Аңқау елге – арамза молда» (28 пайыз) деп есептеушілердің саны да баршылық ...

    Read More »

    Тайқазан

    Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде Көреген Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі – қасиетті Тайқазан тұр. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдың (мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы ...

    Read More »

    Қазаққа еңбек сіңірген адам – ұрпағын намысты етіп тәрбиелеген адам

    Таяуда Қазақстан Жазушылар одағында биыл жетпіс жасқа толған Зейнеп апай Ахметовамен кездесу өтті. Батыр Баукеңнің – Бауыржан Момышұлының келіні, Алаш жұртына әйгілі шаңырақтың иесі – жазушы Бақытжан Момышұлының жары, оқырман қауымға «Шуақты күндер», «Светлые дни», «Бабалар аманаты» тәрізді кітаптары арқылы танымал қаламгермен жүздесу сыр-сұхбат үлгісінде ұйымдастырылды. Зейнеп апай өзі қозғаған маңызды әңгімелерден бөлек, залға жиналған оқырман қауымнан, әсіресе жастар тарапынан ...

    Read More »

    Қайрат Лама Шариф: Хиджаб кию ұлттық болмысымыздың жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін

    «Қазақстандықтардың хиджаб киюі ұлттық болмысымыздың жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін»,- деп есептейді ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Оның пікірінше, хиджаб кию адамның мұсылман немесе мұсылман емес екенін айқындайтын басты белгі болып табылмайды. «1981 жылы қабылданған Тунис заңында хиджаб ислам құндылығының негізі емес екені, арабтардың, бедуиндердің мәдениетіне көбірек негізделгені айтылады», – деп атап өтті Қ. Лама Шариф. «Біздің елдің ...

    Read More »

    Жұлдызды шаңырақ: Стамғазиевтер әулеті

    Сәрсенбінің сәтінде Стамғазиевтердің шаңырағына қонақ болып қайтудың сәті түсті. Тауды бетке алып өрлеп келемін. Саф таза ауа жаныңа сергектік сыйлап, ерекше сезімге бөлейді. Қаланың күнделікті қытымыр тірлігі жар бермейтіндіктен, Алатаудың ақшаңқан тұлғасына қарап қана демімізді жұтып жүруші ек, тұмса табиғаттың аясында таңғы ауамен тыныстап қайтудың реті де дәл осы жолы орайласты. Келісілген уақытта бейтаныс үйдің қақ­пасының алдына келуін келсем де, ...

    Read More »

    Күйеуді жалға алуға бола ма?

    «Биыл қазан айында Алматы қаласында ерекше қызмет түрі пайда болды» деп басылымдар жар салды. Ол қызметтің түрі – «күйеуді жалға алу» деп аталады. Идея авторларының айтуынша, бұл қызмет түрі әйелдер арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі қазір нағыз еркектер жоғалып бара жатқан тіршілік иесі ретінде Қызыл кітапқа енгізілген. Сондықтан алматылық арулар жалға болса да жолдас алып, ол үшін қаржыларын аямайтын көрінеді. ...

    Read More »

    Тәуелсіздіктің тірегі – жастар

    Жыл он екі ай бойы тойланып жатқан атаулы мерекелердің ішінде ең маңызды мерекелердің бірі – еліміздің 24 жылға толған тәуелсіздік күні. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультетінің № 9-шы студенттер үйінде факультет студенттері мен «Адырна» ұлттық этнографиялық сайты бірлесе отырып, Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орайластырылған мерекелік концертін өткізді. «Қазақтың жайнар даласы, жетілер оқып баласы»,-демекші жастардың алаңсыз ...

    Read More »

    Әншілер руын фамилияға айналдыруға неге әуес?

    Рушылдық қазақтың қанына сіңіп алғандығы соншалық, тіпті кейде «біз осы ұлт болып қалыптасқанбыз ба өзі» деген күмәнді сауал өздігінен туындайды.Кезінде Абылай ханның өзі «үш жүздің басын қоса алмадым-ау» деп текке арманда кетпеген-ау шамасы… Қанша ғасыр бойы қазақ болып, тұтаса алмай жатқанда, басқа емес, көп алдында жүрген өнер жұлдыздарының өз атына руын жалғап алып жүргеніне не дерсіз? Мысалы ма? Айталық, Нұрлан ...

    Read More »