• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар (page 144)

    Айдарлар

    «Алпыс екi қоңыр»

    Қасиеттi қазақ шаңырағынан тiк шығып самғаған «Нар иген» бүкiл қазақ әлемiн шарлады. Бармаған жерi, аспаған тауы, баспаған тасы қалған жоқ. Талайдың шаңырағынан тiк түсiп, талайдың тойы мен қуанышына, қайғысы мен қасiретiне судай сiңiп, тастай батты. Адам баласының алпыс екi тамырын иiткен «Нар иген» қазақтың алпыс екi қоңыр күйiнiң бiрi. Нар идiрген Бар ынтасымен талпына ұмсынған баласын бауырына басып, құшырлана иiскеп, ...

    Read More »

    Көне домбыра ойға жетелейді

    Л.Н.Гумилев ат­ын­дағы Еуразия Ұлттық университетінің оқы­тушысы, түркітанушы ғалым Қаржаубай Сарт­қожа мырзаны Астанаға әдейі іздеп барып, жұ­мыс орнында кездестіре алмадым. Іссапарда Алматыда екен. Кейін, телефон арқылы хабарласудың да сәті түспей жүр еді. Жақында онымен “Егемен Қазақстан” газетінде жарық көрген “Жәдігер” ма­қаласындағы мәдени мұралық, тарихи маңызы зор деректі мәлімет арқылы елінен, мәдениет, ақпарат саласындағы зиялы­лардан сұраған сүйіншісіне рахметімді айтып, көптен бергі түйткілденіп ...

    Read More »

    Ән де бір ақ құс қой…

    Гүлнар Дәукенованы жұртшылыққа таныстырып жатудың өзі артық. Сахнада жүргеніне отыз жылға жуықтаған Гүлнар – еліміздің еңбек сіңірген әртісі, күйші, әнші, композитор. Әндері тыңдарман жүрегіне әлдеқашан жол тапқанына қарамастан, Гүлнар Дәукенова өзінің ән-таспасын осы жуырда ғана шығарды. Соған орай өзімен аз-кем тілдескен едік. – Гүлнар, тұңғыш авторлық альбомыңыз құтты болсын! «Ештен кеш жақсы» деген бар ғой. Осы орайда «Сағындым, сағым жылдар» ...

    Read More »

    Қазақ биі – бидің төресі

    Би… Бұл — үлкен өнер. Ал үлкен өнерді адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түйсінетіні ақиқат. Егер де біз, халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Міне, осыны түйсінбеген кейбіреулер бұл күндері «әсте, қазақта би болмаған, қазақ биі жүре келе, кейінгі жылдарда пайда болған» деп ...

    Read More »

    «Айтыс нағыз пропаганда екендігін коммунистер жақсы аңғарыпты»

    Қойлыбай АСАНҰЛЫ, филология ғылымының кандидаты, доцент, айтыс өнерін зерттеуші ғалым: – Қойлыбай аға, бұрынырақта сізді қолыңыздағы домбыраңызбен айтыс­тың қақ төрінен көруші едік, бірақ соң­ғы жылдары көрінбей кеттіңіз, сөйтсек, қазақтың осы бір киелі өнерін ғылыми жағынан зерттеуге кіріскен екенсіз. Бү­гін­де тіпті сонау Арқадан Алатауға ке­ліп, док­торлық диссертация қорғап отыр­­сыз. Ғылыми еңбегіңізде сіз «сөз ба­­рым­тасын» көне замандардағы шы­ғу та­ри­хынан бері бүгініне дейін қа­рас­тыр­ған ...

    Read More »

    Күй мен күйшi

    Жасыратыны жоқ, күй өнерi әлi де өзгеше дамуды, қайта қарауды қажет ететiнi сөзсiз. Ол жөнiнде жастайынан күйдiң сөлiн қанып iшкен домбырашы, прозашы, мифология зерттеушiсi, музыка сыншысы, аудармашы, домбыра жасау шеберi, “Бiржан сал” фильмi сценарийiнiң авторы Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ былай ой қозғайды. – Мен бұрынғы Семей облысы Айғыз ауылында нағашы атам, күйшi Жүнiсбай Стамбаевтың қолында өстiм. Байдың баласы болғандықтан абақтыға айдалған атам ...

    Read More »

    Қобыз қайдан шыққан?

    Жалпы, iшектi аспаптарымыздың шығу тарихын, бұлардың қалай, қашан пайда болғанын бiрден «былай едi» деп, дәл айту өте қиын. Себебi, осы күнге дейiнгi iзденулер мен зерттеулер ұлттық аспаптардың пайда болуы жайлы бiрiздi, нақты пiкiрге келген жоқ. Қайсыбiр ғалымдар iшектi аспаптарды (адырна, қобыз, шертер, жетiген, домбыра) ұрмалы аспаптар (дабыл, даң­ғыра) негiзiнде пайда болды десе, ендi кейбiрi кәдiмгi садақты ғасырлар бойы жетiл­дi­рген­нен пайда болды деп ...

    Read More »

    Бабамның әні

    Менің далам, менің бабам – бәрі ән айтатын. Ән айтқанда жай айтпайтын, тамылжытып-тамсантып, нөсерлетіп-селдетіп, рухыңды аспандатып айтатын. Мен сол ән айтқан бабаларымды сағынамын. Иә, ол кез менің алды-артын бағамдамайтын, алаңғасар бала кезім. Біздің қараша үйдің төрінде, сары домбырасы қолында әкем отыратын. Добалдай саусақтары домбыраның тоғыз пернесінде еліктің лағындай ойнақтап, жауырыны күдістеніп, әлде бір сазды сарынға толы бір күйді рухтана, желпіне ...

    Read More »

    Нұржан СЕРТЕКОВ, күйші: Қазақ күйінің жұмбағы немесе «Соқыр Есжан»

    «Айнам қалды»… Аңызын да, әуезін де талай тыңдағансын. Сонда да әр айтушының, ол әсіресе тілінен бал тамған әңгімеші болса, әсері басқа. Күйші Нұржан Сертеков те, Ақбикеш сұлудың басынан өткен оқиғасын төгілдіре тарқатып отыр: – «Он тоғызыншы ғасырда, Қазақстанның батыс өңірінде Ақбикеш атты мықты домбырашы қыз өмір сүрген. Сол Ақбикешпен көрші ауылда Есжан деген атақты күйші болыпты. Бірде жол түсіп, Ақбикеш пен Есжан ...

    Read More »