• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар (page 135)

    Айдарлар

    Жар басындағы жәдiгердiң жанайқайын кiм естидi?

    Сарайшық! Салтанаты асқан, мейманасы тасқан шырайлы шаһар. Туған халқының өткеніне бейжай қарамайтын әрбір қазақ үшін бұл қала өзінің тағылымды тарихымен, өрелі өркениетімен, сәнді сәулетімен бағалы, талай марғасқа хандар мен апайтөс батырлардың тұлпарының тұяғының дүбірі тиюімен қастерлі. Киелі өлкенің қасиетіне тәу етіп, көне қаланы бір көрсек деген тілегіміз қабыл болып, жақында Атырау қаласына табанымыз тиді. Сәті түсіп, Сарайшыққа да соқтық. ҚИЯЛДАҒЫ ...

    Read More »

    Тарих телеарнасы ашылса…

    Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің бір де болса бірегей нышаны – төл тарихтың бары мен жоғын бұрмалаусыз, боямасыз, тек ақиқат биігінен зерделеу. Мұндай талаптың тарихты түзуші ғылымға да, сұранысты туындатушы тәуелсіздік пен мемлекеттілікке де бірдей қатысы бар. Өткеннің тәжірибесі мен тағылымы қаншалықты әділ зерттелсе һәм насихатталса, тарихи санасы оң қалыптасқан халық бүгінгі үдерістің соншалықты белсенді әрі өскелең субъектісі бола алады екен. Демек, ...

    Read More »

    Таңбалы тастарға жойылу қаупі төніп тұр

    Ата-балаларымыз тағылымын, дүниетанымын тасқа қашап жазып қалдырған емес пе?! Арғы аталарымыздың қолының таңбасы қалған Алматы облысындағы Таңбалы тасқа барып қайтуды көптен бері ойға алып жүрген едік. Жуырда соның сәті түсті. Виталий және Ирина Хромец есімді ерлі-зайыпты дінтанушы (Киев университетінің дәріскерлері) ғалымдарды жеке көлігімізбен Таңбалы тасқа алып барып қайтуға ұсыныс жасалғанда ойланып-толғанып жатпастан-ақ бірден келісімімізді бердік. Ал жолбасшылыққа ұстазымыз, түркітанушы ғалым ...

    Read More »

    Көне қазыналарымыз көрінгеннің уысында кеткені ме?!

    Қалың қатпарлы тарихтың қыр-сырына қанық ғалымдар Сырдың бойындағы әрбір төбенің астында жатқан бір сыр бар екенін тілге тиек етеді. Расында, бұл әңгіме бекерден-бекер айтылған жоқ. Кезінде дария бойында мыңға тарта шаһар болған деседі. Сыр жерінде 555 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 21-інің республикалық, 274-інің жергілікті маңызы бар. Қалған бөлігі алдын ала есепке енгізілген. Бұл құнды қазынаның қорғалуын Облыстық тарихи ...

    Read More »

    Арғы Алтай, Өр Қаңғай мен Орхон, Байкал…

    24.07.07 ж. Бұдан әрi майжол – асфальт. Екi күнгi «әншiлiктi» қойып, қалғып кетiппiн. Қалғып емес, қалың ұйқыға басыппын. Көзiмдi ашсам… Айнала көк жасыл, жусанның иiсi бұрқырайды. Таң сiбiрлей атып келедi. Екi жолшы (моңғолша жүргiзушiнi солай атайды) анадайда көк шөптiң үстiнде көсiлiп тұрып ұйықтап жатыр. Үш күнгi жолдан, шөлейттен, құмнан кейiн мынау салқын бел, жасыл жер, самал жел жұмақ сияқты көрiндi ...

    Read More »

    Келін әдебі

    Түз адамы деп есептелетін ерлердің ісі – ел, ауыл-үй, шаруашылық қамы болса, үй адамы – әйел затының міндеті – сырттай қарағанда «от басы, ошақ қасы» секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы ...

    Read More »

    Біздің ескерткіштер неге «сөйлемейді»?

    Тарихшы Манаш Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында: «Халықтың тарихи санасын ояту – біздің парызымыз. Бірақ, біз осы бағытта халықтан тым ұзап, асығыс кетіп бара жатқан сияқтымыз», – деп еді. Ал, бүгінде тарихшы, археологтар мыңдаған тарихи-мәдени ескерткіштерді тапты, зерттеді. Әлі табылмай, не зерттелмей жатқаны қаншама?! Қазір де мәдениетімізді тарихи ескерткіштер негізінде танудың мүмкіндігі туды. Ескі жәдігерлерді сөйлете білсек, рухани тарихымызды да білген ...

    Read More »

    Елдің брендіне айналатын дүние әлі туған жоқ

    Мәселе  ескерткіштер туралы. Қоладан құйылып, тастан өріліп жасалған әлемдік мүсін өнерінің  ғажайып туындылары  қай елдің  де төлқұжаты іспетті. «Мен мәрмәр кесегін қолыма алып отырып, артық жерін сылып тастаймын», деп француздың атақты мүсіншісі Огюст Роден айтпақшы, тастарды сөйлету — өнер құдіретінің белгісі. Еуропаның ежелгі қалаларының қайсысын алсаңыз да ертеден келе жатқан тас мүсіндер сәулетті сарайлардың, ғажайып ғимараттармен біте қайнасып, сондай бір ...

    Read More »

    Арыстанбаб кесенесi құлау алдында тұр

     Тарихи құндылығы аса жоғары, елiмiзде республикалық дәрежедегi ескерткiштер қатарына жататын Арыстанбаб кесенесiнiң жағдайы соңғы бiр-екi жылда күрт төмендеп кеттi. Ақпан айының 3-i күнi ғимаратты аралап көрген соң, ескерткiштi сақтау шаралары жасалмаса, оның бұзылу алдында тұрғанына көзiм толық жеттi. Құрылыстың есiк пен терезе ойықтары үстiндегi қабырға бөлiктерiне сызаттар, жарықшалар түскен, кейбiр қыштар орындарынан босаған. Бiр бөлмеде қабырға жоғары бөлiгiнен iргесiне дейiн жарылыпты. Қабiрхана ...

    Read More »