• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар (page 125)

    Айдарлар

    Тұрмағамбет Iзтiлеуұлының «Шахнамасы»

    Тұрмағамбет Iзтiлеуовтың поэтикалық мектебi тек қана қазақ құшағына ғана лайықты мектеп сияқты. Ұлы ақынның ойшылдық шығармаларындағы бейнелер, сюжеттер, әуендер бүкiл мұсылмандық Шығыстың шымыр бұлақтарынан тарап, қазақ өлеңiнiң өрiсiн, кеңiстiгiн кеңейтiп кеттi. Тұрмағамбет Iзтiлеуовтiң шығармашылық қазынасының қордалы қоржындарында арабты да, парсыны да, армянды, грузиндi, тәжiктi, өзбектi, қарақалпақты да таң қалдыратын таңшолпандай таза әрi заңғар сөз маржандарының тiзбектерi, кесектерi көздiң жауын алады. ...

    Read More »

    Арсыз бай мен ақын қыз

    Қыңыр мiнезiмен әйгiлi болған Балғабай болыс алты қатын алыпты. Қазаны майлы, төсегi жайлы, төрт түлiгi сай бай алпысты алқымдағанына қарамастан, тағы да ат сабылтып қалыңдық iздей бастайды. «Ел құлағы елу» дегендей, жасынан ақын, әрi әншi атанған Балкүмiстiң даңқын естiген бай соны айттырмақ болады. Қыз ауылының маңынан ақ үй тiктiредi. – Ақ дидарын көрсетiп, әсем әнiн естiртсiн, – деп бiр жiгiтiн ...

    Read More »

    Қамшы

    Қамшы — қазақ халқының ба­йырғы кездегі шаруашылық, мә­дени өмірінде аса кең тара­ған, «көлікті айдап жүргізу үшін қолданы­ла­тын, таспадан әртүрлі нұсқада түйіп, тобылғы немесе басқа затқа саптап жасаған ежелгі ат айдауыш құралдардың бірі, ер-тұрманның бір құрамы». Бірақ қазіргі кезде осындай қарапайым қамшының өз «құпиясы» барын көбіміз аңғара бермейтін тәріздіміз. «Қамшы» ұғымының құрылымдық мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені аталмыш ұғымның атауы ретіндегі бұл ...

    Read More »

    Бұралған тал шыбықтай ару Баян

    «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанының кейбір деректерде 33 нұсқасының бары көрсетіледі. Қазақ арасында әріден келе жатқан бұл жырды Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, Арыстанбай, т.б. ақындар өздерінше жырлаған. Ең көп тарағаны әрі толымдысы – Жанақ нұсқасы. Туыстас түркі тілдерінде де жырдың мазмұндас-сарындас түрлері сақталған. Осыншама ұланғайыр дүниені жинап, жариялауда, зерттеуде халқымыздың төл перзенттері Ш.Уәлихановтан бастап, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, ...

    Read More »

    Салпық бидің салиқалы шешімі

    Суан руынан шыққан Ілешұлы Салпық би 1880 жылдың қақаған қаңтар айының соңғы жұлдызында Іле өзенінен өтіп, Кеген мен Нарынқол асуынан асып, Текес ауылында тұратын бауыздау құдасы, Албан руының Алжанынан шыққан Қайранбай қажының ауылына келеді. Қайранбай қажы Алжаннан шыққан алғашқы болыстардың бірі әрі тұңғыш Мекке-Мәдинеге барып, қажы атанған білімді де білікті, ел сыйлаған тапқыр, шешен адам болған екен.Бұл кезде Салпық бидің ...

    Read More »

    «Бұлт шайнап, мұз бүркіп…»

    «Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе – өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат.«Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел ...

    Read More »

    Мөңке бидің Нострадамустан несі кем?

    Құрамалы, қорғанды үйің болады, Айнымалы, төкпелі биің болады. Халыққа бір тиын пайдасы жоқАй сайын бас қосқан жиын болады.Ішіне шынтақ айналмайтынЕжірей деген ұлың болады.Ақыл айтсаң ауырып қалатыңБедірей деген қызың болады.Алдыңнан кес-кестеп өтетіңКекірей деген келінің болады.Ішкенің сары су болады,Берсең итің ішпейді,Бірақ адам оған құмар болады,Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.Ит пен мысықтай ырылдасқан,Еркек пен қатының болады… …Атақты жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 1925 жылы Ташкент ...

    Read More »

    Қыз-келiншектер, әйел-аналар туралы мақал-мәтелдер

    Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi. Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу. Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке, Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.   Қызым саған айтам, келiнiм сен тыңда.   Жақсы үйге түскен келiн – келiн болады.   Келiнi жақсының – керегесi алтын.   Екi жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар, Екi жаман қосылса, ырылдасып ...

    Read More »

    «Ақ беті айдай жарқырап…»

    «Қырық қыз» эпостық жырын 1907 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы қазіргі «Саралжын» кеңшарында дүниеге келген атақты жырау Қайролла Иманғалиұлы ел аузынан жазып алған. Сондай-ақ қарақалпақ тілінде де осыған ұқсас көлемді жыр бар екен. Қазақ жырында басты кейіпкер – Ханшайым аталса, оларда Гүләйім деп аталады. Алайда сөз саптаулары мен өзіндік ерекшеліктері бар аталмыш дастан қыздардың ер-азаматтардан қалыспайтын намысқойлығын, елжандылығын, сезімталдығын тілге ...

    Read More »