• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар (page 110)

    Айдарлар

    Дулати және Қазақ хандығы

    Кез келген ғылыми тұжырымның өміршең болуы – оның деректік негізіне байланысты.Әрбір зерттеуші дерек мәліметіне жеке, өзіндік пікір айтып, өз бетінше пайым жасауы мүмкін, бірақ дерек мәліметі өзгермейді. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде айтатын пікірлердің бәрі бір ғана дерек мәліметіне сүйенеді. Ол – Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпалардың Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстан атты мемлекеттің батыс жағындағы Шу бойы мен Қозыбасы аралығындағы ...

    Read More »

    Аңыз-ғұмыр

    Жастайынан жұрт назарына ілігіп, есімі шартарапқа жайылған қазақтың атақты ұлы Балуан Шолақ дүниеге келгелі бір жарым ғасыр болды.Жауырыны жерге тимеген палуан, ауыр салмақ көтеріп өнер көрсеткен алып күш иесі, ат құлағында ойнаған, шауып келе жатқан ат үстінде күрделі цирктік көріністер жасай беретін, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген спортшы-өнерпаз. Және адуынды ақын, ғаламат әнші-сазгер. Сегіз қырлы, бір сырлы тарлан. Оның аты ...

    Read More »

    Мұстафаның ұлы арманы

    Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде халқының бостандығы үшін ғасырлар бойы қан төгіп, жанын пида еткен, осы жолда пендешілікке бой ұрмай, жан рақатын іздемей, өмірін сарп еткен ата-бабаларымыздың аманат ретінде қалдырған шығармашылық мұрасын зерттеп, зерделеудің, оны кең көлемде насихаттаудың маңызы ерекше. Осындай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай (1890–1941). Оның дүниетанымы батыс пен шығыс өркениеттерінің ең озық жетістіктері тоғысында қалыптасып, грузин, әзербайжан, ...

    Read More »

    Әлихан елін Жапонияға айналдыруға ұмтылған еді…

    Әлихан Бөкейхан Мэйдзи бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесiнде артта қалған аграрлық елден 21 жылда әлемнiң ең дамыған мемлекетiне айналған Жапонияның тәжiрибесiн үлгi етiп, Алаш мемлекетiн 20-25 жылда әлемнiң төрiне жеткiзудi жоспарлады. Алаш көсемi жапондардың тәжiрибесiн қазақ елiне сол қалпында орната салмай, халқының өзiндiк мәдениетi мен салт-дәстүрiнiң негiзiн сақтай отырып жетiлдiрудi көздедi. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында «Әлихан қазақты «Алаш» ұраны мен туының ...

    Read More »

    Ал, Аттила кім болған?

      Қазаққа әлдеқашан сүйегі қурап қалған Шыңғыс ханнан не пайда? Аттиладан не пайда? Бейбарыстан не пайда? Кейде осындай да әңгімелер айтылып қалады. Бірақ соған да қарамастан ана жақта жазушы Мұхтар Мағауин «Шыңғыс хан» атты тарихи-деректі көркем роман жазса, мына жақта үлкен ғалымдарымыз Еренғайып Омаров пен Самат Өтениязов жарысып «Аттила» атты кітап жазып жатыр. Үкіметіміз де қалыс қалмай, Каирдегі Бейбарыс кесенесіне ...

    Read More »

    Гомер «Илиадасы», түркілер және мәңгілік қала

    Батылдардың бағы артсын. Еділ патша Түркі қасқыр мифі мен тотемінің шығу төркінін зерттеу барысында маған осы миф пен Римдегі Капитолий қаншық қасқырының арасында қандай да бір байланыс болуы мүмкін бе деген сауалға жауап іздеуге тура келген. Осылайша аз-маздап бұл бағытта деректер жинала бастаған. Деректерді өзара кіріктіру, яғин жалқыдан тұтасты тану барысында ақындар мәңгілік қала деп дәріптейтін бағзы да жаңа салтанатты Римнің ...

    Read More »

    М.Әуезов театрының актері Бауыржан Қаптағай Зигбург атындағы Халықаралық кинофестивальге қатыспақ

    М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағай «Қожайындар»  (реж. Ә.Ержанов) фильмімен  Германияның Зигбург қаласында өтетін Халықаралық кинофестивальге қатыспақ.   Бұған дейін «Партизандық кино» қозғалысының өкілдерінің бірі Әділхан Ержанов түсірген «Қожайындар» фильмі әлемдегі ең абыройлы елдердегі (Канн, Торонто, Австралия, Оңтүстік Корея) кинофестивальдерде көрсетілген болатын. Шалғайдағы ауылдағы ұлтарақтай жерге таласқан жандардың тартысы бейнеленетін «Қожайындар» фильмінде ...

    Read More »

    Сахна сахабасы – 80 жаста

    Бүгін өнердегі үлкен тұлғалардың бірі, театр тарланы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбит Оразбаев 80 жасқа толып отыр. Қазақ өнерінің қарашаңырағында 58 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан сахна сайыпқыраны жүзден артық роль ойнап, сахна шебері атанып, жылдармен бірге тұлғалық тұғырын бекіте түсті. Ұлттық, классикалық және заманауи драматургияның сахнадағы мық шегесі болып қалыптасты. Кешегі театр тарланбоздарының тәлімін алып, спектакльдерде ...

    Read More »