• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам (page 3)

    Қоғам

    Арман Шораев: Халықтың ақшасы қайда кетіп жатыр?

    Танымал журналист Арман Шораевтың жазбасы әрі әсерлі, әрі шынайы екен. Халыққа келгенде аямшақтанып, көрме өткізуге келгенде көзсіз шашылатын биліктің даралығын бетіне басыпты ол. Көпбалалы аналарға арналған ақшаны қайдан алуға боларын мына мен нақты білемін. Біздің елде Ана атануды мамандыққа айналдыратын кез келді. Бір балалы болдың екен – айына 100 доллар ал, екіншінің еншісіне – 200 доллар берілсін, үлкенінің есейіп кеткені ...

    Read More »

    Билік халықты асырап отыр ма? Халық билікті асырап отыр ма?

    Күні кеше ғана Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көп балалы аналарға 16 мың теңге көп деп қоғамды шулатқан болатын. Сөйтсек, ол он алты мың теңгенің өзін әр балаға емес, бәріне бірдей беретін көрінеді. Сосын,  2018 жылдан бастап төрт және одан да көп бала үшін ай сайынғы берілетін  жәрдемақы жоқ екен. Бірақта,  тұрғын үй алуға кезекке тұрған кезде тезірек алуға мүмкіндік ...

    Read More »

    РОБОТТАР ӨЛМЕЙДІ

    Мынадай аңыз бар. Жас жігіт бір мәселемен көп жасаған абызға келіп, жағдайын айтып, не істеймін, деп ақыл сұрапты. Сонда ақсақал оған былай деп жауап беріпті: «Иығыңда екі қасқыр отыр деп ойла. Соның қайсысы күшті болатынын білесің бе? Әрине білмейсің. Бұл сұрақтың жауабы оңай. Қай қасқырды көбірек тамақтандырсаң сол күшті болады». Замандастарыма бір ойымды айту үшін осы мақаламды жазып отырмын. Ғаламторда ...

    Read More »

    Сонда барлығы кім үшін? Пафос. Иллюзия!

    Астанадағы бес бірдей бүлдіршіннің өмірін жалмаған өрт өзегімізді өртеп, қабырғамызды қайыстырды.  Есімізді алып, делсал күйге түсірген ақпаратты әуелде жазуға да жүрексіндік. Өңешімізге өксік тығылды. Өң-түсімізді айыра алмай, ботасынан айрылған байғұс анамен бірге аза тұттық. Альбина, Алина, Сабина, Карина және Мадина. Түн ұйқысын түтін тұншықтырып, өмірлерін өрт жалмаған балапандардың есімдері, бұл. Үлкендері 2006 жылы, ең кенжелері 2018 жылы туған, үш айлық ...

    Read More »

    АСТАНАҒА ОДА

    Беу, Астана, шаһарым! Аштархандай бүгiн сенiң атағың. Үркетұғын Үрiмiң мен Мәскеуiң, Нұр-қала деп, бiр қала деп хас-керiм Мадақтаймыз ересен! Бiрақ ендi… артық айтты деме сен, Тiлiң сәл-сәл орысшалау демесең Туысқанға өрiс тар-ау демесең. Пара алғыштар жақсы орында демесең, Байлығымыз жат қолында демесең. Тiрлiк құрғыр мардымсыздау демесең, Аярлықтан ар құнсыздау демесең Сенi тiптi жаман қала демес ем! Даңғазадан кенде емессiң, дегенмен, ...

    Read More »

    Бес періште

    Жалмауыз от жалмаған, жалаңдаған, Қарекетке қауқарсыз қараң адам. Кірпігін жұмған сәби күл боп кетті, Шырылдап кеше шыққан шаранадан. Ыс жұтқызып, тартқызса сынақ бірге, Көмек сұрап сыңсисың, жылап кімге?! Бес баланың ажалы бес түрлі емес, Тастай тағдыр байланған бір-ақ түнге. Бес періште есітпей азан әнін, Пеш түбінде тынды үзіп ғазал жанын. Көкірегім күйіктен қарсы айрылар, Елестетсем сипатын жаназаның. Қаңғұрт қоғам, әлжуаз, ...

    Read More »

    Сәуле мен Сайрагүл

    Кеше бір сыйлы ағамның көңіл шайға шақырған жақсы отырысында Сайрагүлдің Сәулеге қарсы видеосы, осыған орай Сәуленің маған жазған жазбасы жарық көріпті. Басқа да бірқатар өзіме сыйлы аға-әпкелерім де бұл мәселеде өз алаңдаушылықтарын білдіріп, біразы жекеме хатта жолдап жатыр екен. Бұның бәріне тікелей қатысы бар адам ретінде таңғы сағат 5 болып қалғанда осы хатты жазуға компьютерге отырдым. Жалпы періште-қызымнан қапыда айырылып ...

    Read More »

    Айгүл Орынбек: “Заң алдында жауап бересіз, Серікжан Біләш”

    Сырттан келген қандастарға құшақ жайып қарсы аламыз, ал олар жайған құшағыңа қанжар қадап жатқаны дұрыс емес! Серікжан Біләш дегеннің кім екенін қайдам? Бірақ “менмендікті” қою керек “елім”-деп келген соң! Абзал ағамның отбасындағы қаралы оқиғада, ағам бір жыл аза тұтып отырсада жарасады! Боталап отырған азаматтың, артынан іс тындырдым деу ерлікке жатпайды! Тек өзін ұлтшыл қылып көрсетіп, қалған азаматтардың еңбегін жоққа шығару ...

    Read More »

    Марғұлан Сейсембай: “Белсенділік көрсетіп, жаңа бастамаларды ұсынуды тоқтатамын”

    Елімізге белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзіне қысым келтірілуіне байланысты әлеуметтік белсенділігін доғаратынын айтып, пост жазды. Айтуынша, ҚР Бас прокуратурасы Альянс банкіне қатысты ескі қылмыстық істерді қайта жандандырып отыр екен. Достар, 2018 жылдың 24 желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының жанындағы мекемеаралық тергеу тобы, менiң “Стратегиялық бастамалар форумынан” кейiн, және менiң әлеуметтiк белсендiлiгiм үшiн Альянс Банкiге қатысты ескi қылмыстық iстердi ...

    Read More »