• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам (page 2)

    Қоғам

    Қазақстан елшілігінің өкілі: Қытай лагеріндегі жағдай жақсы

    Қытай бірнеше елдің дипломаттарын Шыңжаңдағы “саяси тәрбиелеу орталықтарына” апарып көрсеткен. Олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан дипломаттары да бар. “МАМАНДЫҚ ИГЕРУГЕ МҮМКІНДІК ЖАСАЛҒАН” Қытай билігі 28-30 желтоқсанда 12 елдің дипломатына Шыңжаңдағы “саяси тәрбиелеу орталықтарын” аралатып, көрсеткізген. Шыңжаңға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Малайзия, Ауғанстан, Таиланд және Кувейт дипломаттары барған. Бұл туралы Қытайдың CCTV арнасына сілтеме жасаған Reuters ақпарат ...

    Read More »

    Ұлттың асы немесе идеология мен философия

    “Нені жейсің-солсың”,-дейді шығыс.”Асына қарап,адамын таны”,-деп те жатады. Қарағандыдағы оқиға орны, шаһар толы капқаз, өзбек, қытай, жапон ресторандары біздің негізгі тұстан қапы қалғанымызды көрсетті. Біз кімнің тамағын жеп жүрміз! Кім бізге асын өткізуде? Әрине әлемді жаулаған тамақ концеріндеріне жете алмаймыз.  KRAFT FOODS, Nestle S.A,  Prokter & Qamble секілді шыңдар шаңына көмсе де, өз ішіміздегі нарықты игере алмай жатқанымыз жан ауыртады. Тіпті ...

    Read More »

    Қарағанды: Күдікті Ресейде ұсталды

    Қарағандыдағы төбелеске күдіктілердің бірі, халықаралық іздеу жарияланған Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы “Азаттық” радиосы хабарлайды. Ішкі істер министрінің өкілі Садубаевтың айтуынша, “Армения азаматы Нарек Гурурян Ресейдің Омбы облысының аумағында ұсталған. Қазір оны Қазақстанға әкелу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр”. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Гурурян 1 қаңтар түнгі 10-да Қазақстаннан Ресейге өтіп кеткен. Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде болған төбелес салдарынан бір ...

    Read More »

    Біз білмейтін “Рыжий Алмаз”

    ТАҒДЫРЫ ЖҰМБАҚ ЕР НЕСІПБАЙ Қазақтың ұлтшыл жігіті, намысқой азамат «Рыжий Алмаз» туралы сөз қозғай бастасам, маған сұрақтар қарша борайды. «Қылмыскерді неге батыр дейсің?» «Ол ұлт үшін не істепті?» «Тәуелсіздікке қандай еңбек сіңірді?» деген сауалдар бәрі. Мен үшін бұл сұрақтар қызықты әрі керек. Кез келген адамның тағдыры жұмбақ, қоғам құбылмалы, тарих айнымалы. Адам баласы сан тарау өмір жолында адасады, сүрінеді, құлайды, ...

    Read More »

    Қарағандының қаһары немесе оқиғадан соң

    Ерекше басталып, ұлттық үрдіс алған осы оқиға мынандай жайттарды көрсетті. Бірінші, билік аяқ асты оқиғаларға дайын емес. Екінші, тәуелсіз журналистика түгілі, ұлттық бағыттағы БАҚ жоқ. Керісінше,  ұлтқа қарсы сөйлейтін бауыры суық блогерлер бар екені танылды. Үшінші, Ассамблея қауқарсыз, қажетсіз құрылым. Төртінші, билік ішінде ұлт сөзін сөйлейтін ЕШКІМ жоқ. Бұның бәрі даусыз аксиома. Енді бұл оқиға неден бастау алуы мүмкін, неге ...

    Read More »

    Элон Маск мұнай дәуірін құлатпақ

    Әлемнің рөлі технология державаларының қолында Әлемнің технология державалары планетадаға әлеуеті төмен елдердің ішкі нарығын қалай болсын солай бағындырып, ғылым мен технологияның айласымен өздеріне табындырып жатыр. Қазіргі уақытта олардың ғылымының, технологиясының әлеуеті өскені соншалықты, тегін энергия көздерін көктен сарқып алып, қуат көздеріне тәуелді елдерге сатып, ауадан ақша жасап отыр десе де болады. Бұл жерде тағы да қазаққа қарай айтылатын датым бар. ...

    Read More »

    Алматы облысында “Ойқарағай” тау-шаңғы кешені ашылды

    Алматы облысының Талғар ауданында «Ойқарағай» тау-шаңғы кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі А.Баталов, аудан әкімі Р.Сәтбаев және «Орман ертегісі – Апорт Ақ-Тас» команиясының президенті Е.Балфанбаев қатысты. – Елбасы облысқа келген сапарында туризм кластерін қалыптастыру туралы тапсырма берген еді. Соның ішінде Шымбұлақтан (Шыңбұлақ) бастап Түрген шатқалына дейінгі аралықта тау туризмін дамыту қажеттігін айтқан болатын. Соған байланысты бүгін, міне, жаңа тау-шаңғы кешенін ...

    Read More »

    Миллион доллар мен бір қорап кәмпит

    (өмірдің өзі сатира) І Өткен жылғы күзде Павлодардағы ХҚО-ның (ЦОН) қызметкері әйел адам келушілердің бірінен бір қорап «Rafaello» деген кәмпит алу үстінде ұсталды. Бір қорап кәмпит! Не деген сұмдық! Басталмаған тұтас бір қорап кәмпит алған!  Бірақ «қылмыскердің» бұл әрекеті іске аспады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қырағы көзі бұны қалт жібермей, «парақор» әйелді дереу құрықтап, бір қорап кәмпит мемлекеттік қорға ...

    Read More »

    Жас отбасының жанайқайы

      (Бес жастағы бүлдіршіннің өміріне қиянат жасалып отыр.)   Маған бір ата-ана жылап, амалдары құрығаннан көмек сұрап келді. Ол өзінің басындағы жағдаймен таныстырып, болған оқиғаның барлығын айтып берді. Аты жөні Ербол Әбдіров. Жалпы жағдай былай болған: Осыдан бірнеше уақыт бұрын оның бес жасар ұлы Нұрисламды өзінің үйінің тұсында мемлекеттік номері «Рено» 521 NXA01 автокөлігі қағып кетеді. Оқиға орнында баланың бір ...

    Read More »