• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам

    Қоғам

    “Аттан құлаған” кім? Президент пе? Генерал ма?

     Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына Қазақ аттан жығылса да, салттан жығылмайтын елдің баласы еді. Дүниеге ұл бала келсе ат ұстар келді деп, ұлы ер жеткенде ат жалын тартып мінді дейтін де қазақ. Ел басқарған ұлдарын атқа мінер деген теңеу де қазекеңнен қалған. Қазақ үшін атқа міну ол үлкен құрмет, билік.  Ауылының атағын шығарған ұлдарына ат мінгізіп, шапан жабу ол ...

    Read More »

    Қазақстандағы діни идеологиялардың алғашқы қақтығысы

    Қазақстандағы діни идеологиялардың қақтығысу тарихын 1999 жылдың күзінде Алматыдағы Қарасу мешітіндегі оқиғамен байланысты қарастыруға болады. Сол жылы Алматы қаласының Жетісу адандық ішкі істер бөлімінің жасағы Қарасу мешітіне орнығып алған Исматулла жамағатына қарсы арнайы операция өткізді. Ресми мәлімдемеде Торғайдан Исматулла тариқатының медресесінде оқып жатқан ұлы Алмастан хабар алуға келген Бақытжан Фазылова бірнеше күн бойы баласына жолыға алмай әуре-сарсаңға түскені, сөйтіп құқық ...

    Read More »

    Марғұлан Сейсембай. Бізде төрт жол бар

    Достар, көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін және көптеген бос сөз бен өтіріктен тазалау үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым. Сонымен. Бізде төрт жол бар: 1. Дауысты Тоқаевқа беру. Онда сіздер барлығы қалыптасқан күйде қала бергенді таңдайсыңдар. Өйткені Тоқаев өзін Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді. Тоқаев пен Қосановтан басқа үміткерлер жәй қыдырып жүрген жандар, сондықтан оларды мүлдем ...

    Read More »

    Жамбыл Ахметбеков: “Сталин үшін кешірім сұраймын!”

    Коммунистік партияның атынан Президенттік сайлауға түсіп жатқан Жамбыл Ахметбековтің жағдайы біздегі көп балалы аналардан онша мәз емес екенін өткенде өзі жайып салды. Каратэрист, адал коммунист ағамыз әлі күнге баспанасыз жүріпті. Естуімізше, жақында ғана кредиттеніп жүріп, баспанаға қол жеткізген екен, оны да төлеуге айлығы жетпей, бәйбішесі көмектесіп жүр екен. Ал бәйбішесінің бір басында екі кредит… қиын. Сөйте тұра Жәкең ел үшін, ...

    Read More »

    Арқа сүйер ақсақалдар қалды ма?

    Бекболат Қаржан біздің бір тоғышар шал – шауқандармен кездесіп, олардан түңіліп пост жазған екен, оны оқыдым да іштей келістім. Жалпы бүгіндежастар тарапынан біздің шалдарға өкпе өте көп. Жалғыз Бекболат емес, өзгелері де үлкендерді бұрқыратып сынап жатады. Меніңше, біздің бүгінгінің біраз қарасақал – ақсақалдары жастар қынжылып, “әй жаман шалдар – ай” деп қол сілтейтін қадірсіз обьектіге айналып кеткен сияқты. Көпке топырақ шашу ...

    Read More »

    Қазақстандағы ұйғыр, өзбек, қарақалпақтың этнодемографиялық ахуалы немесе оларды қалай қазақ қыламыз

    Бүгінгі күні Қазақстан мультиэтникалық мемлекет. Соңғы деректерге сүйенсек қазақтың саны 12 миллион 505 мың, ал республикада мөлшері 18 миллион 400 мың тұрғын бар. Сонда қазақтың үлесі мөлшері жылдың аяғына дейін-59%, ал орыстар үлесі-19% жетіп жығылады. Орыс, украин, белорус, неміс ұлтының өкілдері өз атамекендеріне көшіп жатыр. Көшу себебі Қазақстан мен Ресей, Қазақстан мен Германия арасындағы тұрмыс деңгейінің айырмашылығы. Мен Германияға зерттеу ...

    Read More »

    Бастықтарға заң бар ма немесе оларға неше адамды өлтіруге болады?

    Биыл 02 мамырда Алматы қаласының Теректі ықшамауданы тұрғындары тапа-тал түсте жантүршіктірерлік оқиғаның куәсі болды. Сәуле мектепке екі баласын жетектеп келе жатты. Қайша 2-сыныпта оқиды. Ал Мейірбан әлі мектепке бармаған. Ана мен екі бүлдіршіннің ойында ештеңе жоқ еді. Жаймашуақ көктемнің күні алдағы жазғы демалыстың көптеген қуанышты күндеріне уәде беріп жатқандай болатын. Жаяу адам жүретін жолақтың үстінде  шыққанда 6 жасар Мейірбан алға ...

    Read More »

    Олар Тоқаевтың да, Қосановтың да кім екенін білмейді

    ..Өз жасынан әлдеқайда үлкен көрінеді. Тұрмыстың қиындығы еңсесін басып тастаған. Қашан көрсем айтатыны: «Осы зейнетақыма үстіме бір көйлек алайыншы деймін. Қу дүние жетпейді. Бүгін зейнетақым түсіп қалған шығар деп едім, түспепті. Қызым «шешем кешікті ғой» деп жолыма қарап отырған шығар. Оған әр зейнетақы алған сайын ұн, картошка, пияз, күріш, вермишель, барлық азық-түлігін әперем. Ет қымбат қой, сондықтан ішек-қарын, бүйрек сатып ...

    Read More »

    Президенттік сайлау үміткерлерге тосынсый болды

    Басынан бастайық. Биылғы наурыз мейрамы, қазақтың Жаңа жылы шынында да дәл осылай жаңаша басталады деп ешкім де ойлаған жоқ. Елбасының бұл саяси жүрісін шетелдер де қазақстандықтар да күткен жоқ еді. Көпшілікке, басқа да елдерге бұл кенеттен болғандай көрінді. Тіпті ақпарат құралдары «Бұған дейін елді отыз жылға жуық басқарып келген Н.Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні кенеттен мәлімдеме жасап…» деп жазып жатты. ...

    Read More »