• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Өнер (page 31)

    Өнер

    Ұлттық өнердің өрісін тарылтып отырған не?

    Ұлтты ұлт ететін оның ұлттық құндылықтары, әсіресе дәстүрлі өнері екендігі бесенеден белгілі. Өгей баланың күйін кешіп, басағадан сығалаған сол қазақтың төл музыкасын «әлемге мойындатамыз» деп тыраштанудан бұрын өзіміздің қарадомалақтардың көкірек көзіне жақсылап сіңіріп алсақ та, зор абырой болар еді. Дерттің сырқатын анықтамай жатып, ем жүргізу мүмкін емес. Сол сияқты  «бүгінгі таңда ұлттық өнердің өрісін тарылтып отырған не?» деген сауалды төтесінен ...

    Read More »

    Қарақат Әбілдина, әнші: Тойға қарап күн кешкен әнші емеспін…

      – Астана тұрғыны атан­дыңыз­дар. Бірер күн болды еліміздің бас қаласы, алтын ордасы Ас­тананың туған күні тойланып жатыр. Тек бір өкініштісі, осы үл­кен мерекеде еліміздің өнер адам­дары, күміс көмей, жезтаңдай ән­шілері ат­салы­сып, шаһарды әнмен тербейді дегенге көңілімде күдік бар. Неге десеңіз, көше то­лы ілін­ген жарна­маларда кілең шетелдік әншілерді ғана байқа­дым. Теледи­дар, радио бәрі «шетелден мына­дай-мынадай жұлдыз­дар келеді. Тойдың көрігін қыз­дырады» ...

    Read More »

    Ұлттық музыка эстраданы ысырып барады

    ЮЛИАНА, фолк-орындаушы, әнші, «Қомусшы – әлем шебері» атағының иегері: Қазіргі уақытта елімізде түркі халықтарының қазіргі заманғы этникалық музыкасын насихаттап, әлемге танытуды мақсат еткен The Spirit Of Tengri фестивалі өткізіліп жатыр. Жоба аясында аталған фестивальға  қатысуға ниет білдірген жеке орындаушылар мен өнер ұжымдарының бейнебаяндары СТВ телеарнасы арқылы ұсынылуда. Сондай-ақ www.alashainasy.kz, www. tengrinews.kz, www. tengrifm.kz сайттарында байқаудың барысы баяндалып келеді. Жақында осы өнер ...

    Read More »

    Жанғали Жүзбаев. Қазақ күйлері: Ұлыстық және ұлттық дәуір

    Қазақтың музыкалық мәдениетіндегі ең күрделі өнер — күй. Ол тек аспаптық сарын ғана емес, ұлт мінезін айқындайтын нышандардың бәрін біріктіретін рухани құбылыс. Күйтану ғылымының бүгінгі зерттелуі — оның тарихын, шежіре-аңызын, мектеби ерекшелігін, сонымен бірге, музыкалық шығарма ретінде теориялық тұрғыдан талдануын, дәстүрлі және кәсіби оқыту әдістерін хал-қадарынша қамтып отыр. Осының нәтижесінде күй мен күйшілік үрдістің ұлттың рухани сұранысын өтей алатын қазіргі ...

    Read More »

    Біз жастарға өзімізге дейінгі буынның аманатын жеткізетін алтын арқау болуға тиіспіз

    Ержан ҚОСБАРМАҚОВ, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас директоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі: – Ержан аға, ердің жасы – 50-ге келіп жатқанға ұқсайсыз. Жарты ғасыр жалпы ел жаңаратындай уақыт қой. Осы аралықта өнер адамы болып қа­лып­тасып, өнер ордаларын да басқа­рып көрдіңіз. Енді бүгін елге сыйлы азаматсыз, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының басшысы болып отырған жайыңыз бар. 50 жас сізге не ой ...

    Read More »

    «ҚАРАҒЫМ, ҚАРЫНДАСЫМ, ҚЫРЫН ЖАТСАҢ…»

    Халықтың музыкалық мұрасының үлкен бір парасы – дәстүрлі халық әндері. Халық әндерінің жүрекке кеңдік, ойға өріс, сезімді нәзік ететін қасиеті мен құдіреті еш нәрсемен шендестіруге келмес. Ескіден келе жатқан есті әндердің тағылымдық мазмұнымен қоса, астарлап айтылатын ой, тұспалдап жеткізетін тілек, емеурінмен білдіретін ескерту, жалпы, өкпе, наз, базына, қалжың кей шақта әзілмен өріліп, ойнақылана төгілгенімен, әдептен озып, арнасынан ауып кететін жақтары ...

    Read More »

    Қобыз – менің сарыным…

    Көзімізбен көрмесек те, мұхиттағы мұзды жарушы алып кемелер жайлы жиі естиміз. Судағы қасат боп қатқан қатты қабатты бұзып-жарып, сірескен сеңді сейілткіш осы құралдың жаңалығы да сол – теңіз бетіне тыңнан түрен салуы. Бұл өнер оғланы жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен көзімізге елестегені де осы бір су құрылғысының құдіреті болды. Музыка майталманының саз әлеміне қосқан сүбелі үлесі – ұлт өнерін қобыз ...

    Read More »

    Ұлжан Байбосынова: Бізге жырдың дамығаны керек…

    – Бізді көптен бері жы­раулық поэзиядағы қыз-ке­ліншектердің рөлі қы­зықтырып жүр. Осы өнердің құлағын ұстап жүрген жыр­шы ретінде айтыңызшы, әйел жыраулардың көш­басында кім тұр? Осыны зерттеген адам бар ма? – Тарихта дәл мынадай әйел жыраулар өткен деп түбегейлі зерттеген еңбекті мен де көрген жоқпын. Бірақ кезінде Сырдың бойында таңды-таңға қосып жыр айтқан, салдық құрған әйелдер болды деген кейбір деректерді ұшырастырып қаламыз. ...

    Read More »

    «Қасымның әні – ғасырдың әні…»

    Қазақтың жазба поэзиясында ұлттық музыка өнеріне алғаш болып жаңаша форма әкеліп, тыңнан түрен түргендер дегенде, алдымен ойымызға Абай оралады. Одан кейін аузымызға Сәкен мен Мағжанды аламыз. Дауылпаз ақын Қасым есімі де жоғарыда атап өткен игі дәстүрді жаңа биікке көтеруші, жалғастырушы ретінде осы санаттан табылады. «Өзім туралы», «Дариға сол қыз», «Туған жердей» құнары мол әндері сөзімізге дәлел. Осы орайда «Қасымның әндері-ай!» ...

    Read More »