• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Өнер (page 30)

    Өнер

    Аманжол Найманбай, этнодизайнер: 52 мұражай жасаған мені ешкім танымайды

    – Этнодизайн деген сала қазақ өнері үшін тым таңсық әрі кең дамымаған сала ғой. Мұнымен айналысуға қандай жағдай себеп болды? – Музыка, әсіресе қазақтың күйлері менің өнерімнің өрісі. Өнердің жанашыры, маған мұқалмас жігер берген Өзбекәлі Жәнібеков еді. Ол кісі Мәдениет министрінің орынбасары болып тағайындалған кезде, Сәбит Мұқановтың мұражайын ашу керек болды. Өзекең «мұражайдан хабары бар кім бар?» деген кезде, мекеме ...

    Read More »

    Құлағына бесік жыры сіңген бала ешқашан ұлтын сатпайды

    Ербол АЙТБАЙ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, әнші: – Ұлттық музыка өнерінің ұлт бола­ша­ғы үшін орасан зор маңызын жете тү­сініп отырған жоқ тәріздіміз. Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы, Тәт­тім­бет­тей ұлы композиторларымыздың шы­ғар­маларын білмек түгіл, олардың есім­дерін естімеген жастар қатары кө­бе­­йіп келе жатқаны – өкінішті жайт… – Ұлттың әскери, ақпараттық қауіп­сіз­дігінен бөлек, рухани қорғанысын бе­кем­деуі – үлкен қажеттілік. Оған қызмет ететін ...

    Read More »

    Біржан салдың домбырасы қалай сақталды?

    Еліміздегі мұражайлардың пайда болу тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми мәліметінше, 1913 жылы қазақ жерінде небәрі 3 мұражай жұмыс істепті. Оның біріншісі — 1859 жылы Оралда, екіншісі — 1898 жылы Семейде, үшіншісі — 1898 жылы Жетісуда ашылған. Бүгінгі таңда республикамызда тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау істерімен айналысатын түрлі бағыттағы 154 мұражай бар. Кей деректерге ...

    Read More »

    Саян Ақмолда, қобызшы: Күйді нотамен шығаруға қарсымын

    – Өнер иелерінің өзіне тән қалыптасу ерекшеліктері болатыны белгілі. Осы асыл өнеріміз сіздің бойыңызға Қорқыт атамыздың аян беруі арқылы дарыған көрінеді… – Аян бергені туралы айтпай-ақ қояйын. Ол құпия болып қалсын. Мен бес жасымнан домбыра тартқанмын. Бірінші сыныпқа барған кезімде Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» деген күйін орындағанымда мектеп директоры, ұстаздарым – бәрі мені аспанға көтергені есімде. Қобызды кейін, мектеп бітірер ...

    Read More »

    Тынысбек Дүйсебеков, күйші: Әлшекейдің күйлерін әркім тарта алмайды

    Күйші Тынысбек Танашұлы Дүйсебеков Қызылорда облысының Шиелі ауданында тұрады. Ұзақ жылдар Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығында бас есепші, бас экономист болып табан аудармай еңбек еткен. Бүгінде жетпіс жастың өріне шыққан ағамыздың есімі әйгілі Әлшекей күйлерінің бірден-бір шебер орындаушысы әрі насихаттаушысы ретінде елге белгілі. Жақында «Айқын» газетінің редакциясында қонақта болған күйшімен әңгімеміз де осы атақты Әлшекей мұрасы төңірегінде өрбіді. – Сыр бойының ...

    Read More »

    Серік Қалиев: Халық әндерін орындасам, бір жасап қаламын

    – Әңгімемізді туып-өскен же­рің­ізден бастасақ? – Туған жерім — Шығыс Қа­зақ­стан облысы Тарбағатай ау­даны (бұрынғы Семей облысы Ақ­суат ауданы). Тарбағатай тауы­­ның баурайында қоныс теп­кен Ақсуат елі — қонақ­жай­лы­лы­­ғы­мен, дарқандығымен та­ныл­ған, би Боранбай, Шәкі, Са­­сан би­лердің, Тана мырза, Мол­дабай балуан, Ырғызбай әу­лие, Әсет­пен айтысқан Кәрібай ақын се­кілді тұлғалардың ізі қалған, тек­тілік тамыры тереңге кеткен тұ­ғыр­лы мекен. – Тырнақалды туындыңызды неше жасыңызда ...

    Read More »

    Маясардың күлшашары ән шашпақ

    Маясар ЖАПАҚҰЛЫ. Бұл есім көпшілікке дәл қазіргі уақытта беймәлім болуы мүмкін. Ал ол – өткен ғасырда халық ақындары Кенен, Шашубай, Болмандармен сахнада үзеңгілес болған, Жамбылдан бата алған, Әуезов пен Мүсіреповтің ерекше ықыласына бөленген өнер иесі. Телегей-теңіз өлеңі қалмаса да, санаулы салмақты жыры мен салиқалы әндері – көзкөрген жұрттың жадында. Атадан ұл туып, ата жолын қууды игі іс санаған текті жанның ...

    Read More »

    Сүгірдің көзін көргендер санаулы

    Биыл халық композиторы, шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының туғанына 130 жыл толады. Біз осы мерейлі датаға орай Сүгір мұраларының жанашыры, өнер зерттеуші, зейнеткер журналист Жаулыбай Иманәлиевпен сұхбаттасқан едік. – Жәуке, сіз атақты Сүгірді өз көзіңізбен көре алдыңыз ба? – Мен 1954-55 жылдары Созақ елді мекенінде Сүгірдің қызы — Ұлбаламен бір сыныпта оқыған жайым бар. Ол кезде ағам — Төлебай Тасболатов ...

    Read More »

    Музыкалық құндылықтарымызды алалауға қарсымын

    Қатимолла БЕРДІҒАЛИЕВ, әнші, жыршы-термеші, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: – Биыл 60-ты алқымдаған ша­ғы­ңыз­да Оралда «Айман-Шол­пан» жы­рын жырлап, жұрт­қа жыршылық жаңа қы­ры­ңыз­бен танылдыңыз. Жасыңыз ұл­ғайған тұста ұзын сонар жыр­ды жат­тап, есте сақтау қиын­ға соқпады ма? – Қазақ 60-ты үлкен белеске ба­лай­ды. Осын­дай белесті бағындырарда, өнер ада­м­ы болған соң, мен жұртыма не бердім де­ген ойдың мазалауы – заң­дылық. 40 жа­сым­да көрермен ...

    Read More »