• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Өнер (page 29)

    Өнер

    Нұрғисаның домбырасын мұражайға тапсырды

    Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мемле­кеттік сыйлығы­ның иегері, «Ха­лық Қаһар­маны» Нұр­ғиса Тілен­диевтің көзі тірісінде қолынан тастамай, қастерлеп өткен домбырасын от­басы мүшелері Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұ­ра­жайына салтанатты түрде тапсырды. – Мұражайдың директоры міндетін атқарушы Ерлікбай Әлімқұлов телефон шалып, «Нұрағаңның суреті тұр, бірақ домбырасы жоқ» деп хабарласқанда жүрегім қатты ауырып кетті. Жалпы, Нұрағаңның жақсы көріп тартатын үш домбырасы болатын. Ол ...

    Read More »

    Бізге қандай айтыс қажет?

    1984 жылдан бері айтысқа 150-ден астам машина тігіліпті.  Көлік мінбеген кейінгі шыққан Фархат Маратұлы, Қайнар Алакөзов сынды жас ақындар болмаса, айтыскерлердің алды кемінде он бес-жиырма машинадан мінді. 17 жасында сахнаға шығып, 12 жыл айтыста ойқастаған, жақында ғана айтысты қойғанын мәлімдеген  Ринат Зайытов он машина алыпты.  Жиырма бір жасар Жандарбек Бұлғақовтың  да жүлдесі онға таяпты. Айтыс сахнасына 11-сынып оқып жүргенінде қадам ...

    Read More »

    «Дударай» әнінің шығу тарихы хақында

    Халқымызға кеңінен тараған осы бір әннің талай рет дау-дамай туғызғаны тегіннен-тегін емес. Шындығына келгенде, қандай да халықтың болсын тегіне де, геніне де тығыз байланысты болып келетін рухани дүниені басқа халық өкілінің жасай алмайтыны рас. Оны жасағанымен, бәрібір жасанды екендігі көрінеді де тұрады. Ал мына әнде Дудар деген қазақ жігітіне Жагорқызы Мәриямның білдіретін сезімі де, махаббаты да, тіптен айтатын сөздері де ...

    Read More »

    Алпыс екі қоңыр

    «Алпыс екі қоңыр» деген сөздің қалай шыққанын қазбалау үшін, ең әуелі «қоңыр» деген сөздің төркініне үңіліп көрейік. Табиғаттағы қоңырлар:  қоңыр жел, қоңыр күз, қоңыр тау т.б. Хайуанаттардың мінезін білдіретін қоңырлар: қойдай қоңыр, қоңыр түйедей т.б. Адамдарға қатысты қоңырлар: қоңыр мінезді жан еді, қоңыр дауысты әнші, қоңыр қалталы отбасы т.б. Қоңыр атты әндер: «Алқоңыр», «Назқоңыр» т.б. Күйдегі қоңырлар: «Телқоңыр», «Жайқоңыр», «Келқоңыр», «Молқоңыр», ...

    Read More »

    Аманжол Найманбай, этнодизайнер: 52 мұражай жасаған мені ешкім танымайды

    – Этнодизайн деген сала қазақ өнері үшін тым таңсық әрі кең дамымаған сала ғой. Мұнымен айналысуға қандай жағдай себеп болды? – Музыка, әсіресе қазақтың күйлері менің өнерімнің өрісі. Өнердің жанашыры, маған мұқалмас жігер берген Өзбекәлі Жәнібеков еді. Ол кісі Мәдениет министрінің орынбасары болып тағайындалған кезде, Сәбит Мұқановтың мұражайын ашу керек болды. Өзекең «мұражайдан хабары бар кім бар?» деген кезде, мекеме ...

    Read More »

    Құлағына бесік жыры сіңген бала ешқашан ұлтын сатпайды

    Ербол АЙТБАЙ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, әнші: – Ұлттық музыка өнерінің ұлт бола­ша­ғы үшін орасан зор маңызын жете тү­сініп отырған жоқ тәріздіміз. Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы, Тәт­тім­бет­тей ұлы композиторларымыздың шы­ғар­маларын білмек түгіл, олардың есім­дерін естімеген жастар қатары кө­бе­­йіп келе жатқаны – өкінішті жайт… – Ұлттың әскери, ақпараттық қауіп­сіз­дігінен бөлек, рухани қорғанысын бе­кем­деуі – үлкен қажеттілік. Оған қызмет ететін ...

    Read More »

    Біржан салдың домбырасы қалай сақталды?

    Еліміздегі мұражайлардың пайда болу тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми мәліметінше, 1913 жылы қазақ жерінде небәрі 3 мұражай жұмыс істепті. Оның біріншісі — 1859 жылы Оралда, екіншісі — 1898 жылы Семейде, үшіншісі — 1898 жылы Жетісуда ашылған. Бүгінгі таңда республикамызда тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау істерімен айналысатын түрлі бағыттағы 154 мұражай бар. Кей деректерге ...

    Read More »

    Саян Ақмолда, қобызшы: Күйді нотамен шығаруға қарсымын

    – Өнер иелерінің өзіне тән қалыптасу ерекшеліктері болатыны белгілі. Осы асыл өнеріміз сіздің бойыңызға Қорқыт атамыздың аян беруі арқылы дарыған көрінеді… – Аян бергені туралы айтпай-ақ қояйын. Ол құпия болып қалсын. Мен бес жасымнан домбыра тартқанмын. Бірінші сыныпқа барған кезімде Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» деген күйін орындағанымда мектеп директоры, ұстаздарым – бәрі мені аспанға көтергені есімде. Қобызды кейін, мектеп бітірер ...

    Read More »

    Тынысбек Дүйсебеков, күйші: Әлшекейдің күйлерін әркім тарта алмайды

    Күйші Тынысбек Танашұлы Дүйсебеков Қызылорда облысының Шиелі ауданында тұрады. Ұзақ жылдар Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығында бас есепші, бас экономист болып табан аудармай еңбек еткен. Бүгінде жетпіс жастың өріне шыққан ағамыздың есімі әйгілі Әлшекей күйлерінің бірден-бір шебер орындаушысы әрі насихаттаушысы ретінде елге белгілі. Жақында «Айқын» газетінің редакциясында қонақта болған күйшімен әңгімеміз де осы атақты Әлшекей мұрасы төңірегінде өрбіді. – Сыр бойының ...

    Read More »