Home » Айдарлар » Өнер (page 20)

Өнер

«Шіркін, life!» «шіркін-ай» дегенге лайық па?

Жуырда «Ел арна» теларнасынан «Шіркін, лайф» қазақ теледидарындағы алғашқы реалти-шоу бағдарламасы көрерменге жол тартты. Қазақ журналистикасы тың идеялармен толыға түсті. Қашаннан ойын-сауық бағдарламаларының көрігін қыздыратын әншілер қауымы екені белгілі. Әрі -жұртшылықтың да эстрада жұлдыздарына деген қызығушылығы ерекше. Содан болар бұл жобаға да жас әнші ұл-қыздарымыз шақырылыпты. Бір қуантарлығы бағдарлама қазақылығымен көзге түседі. Әрі жүргізушілері де жастайынан аймақтық телерадиода тәжірибе жинақтап, ...

Read More »

Үйсін Балқыбек бақсы

Бұл шамамен 1725 жылдың жазы еді. Жалайыр және онымен жаптас басқа да елдердің қалмақ шабуылынан соң Балқаш көлінің шығыс жағалауын паналаған. Жалайыр биі Жылгелдіұлы Ескелдінің ел ішін аралауы одан әрі жалғаса берді. Аш-арық пен ауру-сырқаудың талайының халіне қанықты. Жын жүгендеп, қобыз құтыртқан бақсы, кітап оқып, үшкіріп дертті қуған молда, сүйексіз он саусағын ойнатқан балгерлердің сан алуаны алдарынан шықты. Ескелді мен ...

Read More »

Шығыста шыңырау күйлер төгілді

«Шығыстың шыңырау күйлері». Осындай атаумен Өскеменде алғаш рет республикалық күйшілер байқауы өтті. Шертпе күй өнерін насихаттаған өнерпаздар жарыққа шықпаған және ұмыт бола бастаған күйлерге қайтадан жан бітірді. Сахнада әуезді домбыра үнін әуелетті. Бабалардан мирас болып қал­ған күй­ші­лік дәстүрдің тарихы те­рең­де жатқан мол мұ­ра болғанымен, оның ел ішінде на­си­хат­та­луы кенже қалып келе жатқаны рас. Осы ол­қылықтың орнын толтыру, бүгінгі өскелең ұр­паққа оны ...

Read More »

Әнді бабалар аманатын ақтау үшін айтамын

Тілеу Қуанбаев — дәстүрлі әншілік өнер мен эстрадалық жанрдың басын тең ұстап жүрген жас талант. Домбырамен әуелетіп ән салғанда, дауысы алты қырдан асады. Орындаушылық мәнері өзгеше. Сұлу тембрі құлаққа жағымды. Тыңдаушыларын бірден үйіріп әкетеді. Көмейінде даланың үні, мың түрлі бұлақтың сылдыры бар. Оның әнін естіген адам табиғи талантына сөзсіз бас иеді.Ән сүйер ортада өзіндік орны бар өнер иесін жұртшылықпен жақын ...

Read More »

Ақерке ТӘЖІБАЕВА, қобызшы: Қобыздың құдіретін жаны таза адам ғана түсінеді

– Қобызды өзіңе серік етке­ніңе 17 жылдың жүзі болыпты. Қара қобыз сені қандай қасиеті­мен баурап алды? – Осы жылы менің қобыз аспабын алғаш қолыма алып, оның қыр-сырын меңгере бас­тағаныма тура он жеті жыл бо­ла­ды. Менің өмірден түйгенім, әр адам кішкентайынан өзінің мінезіне сай келетін, жүрегіне жақын нәрсемен шұғылданатын тәрізді. Бұл, сірә өмірдің заң­ды­лығы болса керек. Олай дей­ті­нім, қарапайым қара қобыз бен ...

Read More »

Бес мың адам «Қара жорға» биін билесе, үш жүз адам бір мезгілде күй шертті

Жетісу халқының үштен бір бөлігін, яғни 634 мыңға жуығын жастар құрайды. Өңірде жастар саясатына елеулі көңіл бөлініп, жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Биыл осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 66 млн. 177 мың теңге бөлініп, әлеуметтік маңызы бар жобаларға 15 млн. теңге қарастырылған. 2009 жылдан бері облыстың барлық аудан, қалалары мен алыс ауылдарында ұйымдастырылған жастар форумы биылдан бастап жергілікті жерлерде фестиваль ...

Read More »

Кенжебек АЯҒАНОВ, күйші: Сабалағанның бәрі күйші емес

Жақында Астана қаласында өткен «Ұлы Дала сазы» дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалі биылғы жылдың мәдени жаңалықтарының ішіндегі маңыздысы болды. Фестивальдің мақсаты бойынша, әрбір қатысушы-өкіл өзі келген өңірден түркі халықтарынан, қазақ музыкалық мектептерінен ұмытылып бара жатқан жыр, күй мен саз, эпостық жырларды жан-жақты насихаттап, жаңғыртуы керек. “Алтын қобыз» және арнайы дипломмен марапатталған Кенжебек Аяғанов фестивальде ерекше өнерімен, шебер орындаушылығымен көзге түскен ...

Read More »

Өсербей жырау: Сүгірдің өзі Наурызбекті мойындапты

«Адамға керек сөз еді, жігіттер тыңдап, пайдалан!» деп кеткен кешегі Наурызбектен төкпе терме-жырдың мол мұрасы қалып еді. Мәуелі ағаштай болған жыраудан қаншама шәкірт тарады. Солардың ішінде есімі күллі қазаққа мәлім болып, Қарақалпақ пен Түркмендерге атағы жайылған, талай қисса-дастандар мен батырлар жырын таңды таңға ұрып жырлайтын, бүгінде өзі де ұстаздық жолына түскен Өсербайдың орны бөлек. Бүгінде киелі Маңғыстауды мекен еткен жырау ...

Read More »

Азамат САТЫБАЛДЫ: Тарландар тастап кеткен мұраны мүжудеміз…

Кейде елінің ертеңін ойлап, құлшынып жүрген азаматтарға қарап, бойыңда әл­дебір мақтаныш се­­зімі ұялайды. Бұл – қазағым деп жүрегі лүпілдеген әрбір жанның кө­кейін­дегі тілек. Осы орайда Қазақстан Жастар одағы сый­лығының лауреаты, актер, тележүргізуші Азамат Сатыбалды: «Неге әлсізбіз, қорқақтаумыз? Бабаларымыздың ісін жалғастырар мына біздер емеспіз бе!?» – дейді. «Сәрсенбілік сұхбатта» айтқан ой елегіне қарап, сіздің де: «Әй, азамат!» – деріңіз сөзсіз… – ...

Read More »