• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Мемлекеттік рәміздер

    Мемлекеттік рәміздер

    «Ел бірлігі – басты құндылық» атты дөңгелек үстел өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    С.Бегалин атындағы кітапханадағы «Ел бірлігі – басты құндылық» атты дөңгелек үстелге «Шалом» еврей мәдени орталығының төрайымы Инесса Чугайнова, «Ватандаш» қырым татарлары этно-мәдени бірлестігі төрағасы Сейіт Бабалиев, «Вашил» ингуш-мәдени орталығының төрағасы Султан Оздоев, ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшесі Хадиша Бақтығалиқызы қатысып, елдегі ұлтаралық, дінаралық татулық мәселесіне кеңінен тоқталды. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді. ...

    Read More »

    «Ирныхас» Осетин мәдени ағартушылық орталығының төрағасы Қазбек Мамсуровпен кездесу өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    Қазақ-Америка университетінде Қазақстан халқы ассамблеясының Алматы қалалық филлиалы төрағасының орынбасары, «Ирныхас» Осетин мәдени ағартушылық орталығының төрағасы Қазбек Мамсуровпен кездесу өтіп, онда елдегі ұлтаралық қауіпсіздік мәселесі сөз болды. Қонақ өзінің еларалық ынтымақтастықты дамытудағы тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді.    

    Read More »

    Сәтбаев университетінде ҚХА мүшесі, Қазақ-Корей достығы қауымдастығының төрайымы Клара Ханмен кездесу өтті. (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    Сәтбаев университетінде ҚХА мүшесі, Қазақ-Корей достығы қауымдастығының төрайымы Клара Ханмен кездесу өтті.  Студенттер қонақтан ұйымның атқарып жатқан жұмыстары, елдегі бейбітшіліктің дамуына қосып жатқан үлесі туралы сұрап, сауалдарына сауатты жауап ала алды. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді.

    Read More »

    Қазақ инженерлік-технологиялық университетінде қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Османмен кездесу өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    Қазақ инженерлік-технологиялық университетінде қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Османмен кездесу өтті. Оған ЖОО студенттері, оқытушылары, басшылары қатысып, қонақтың дәрісін тыңдап, сұрақтар қойды. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді.  

    Read More »

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-дың Шығыстану факультетінде «Ариана» ауған этно-мәдени бірлестігі төрағасы Ахмадулла Вастокпен және оның  орынбасары Азизи Рахимулламен кездесу өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-дың Шығыстану факультетінде «Ариана» ауған этно-мәдени бірлестігі төрағасы Ахмадулла Вастокпен және оның  орынбасары Азизи Рахимулламен кездесу өтіп, оған факультеттің оқытушылар мен студенттері қатысты. Кездесуде екі ел арасындағы тәжірибе алмасу мәселесі қозғалды. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді.

    Read More »

    «Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    Алматы қаласындағы А.Чехов атындағы кітапханада «Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтіп, оған неміс этно-мәдени орталығының төрағасы Виктор Эзау, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының төрағасы Вакиль Набиев, «Ватандаш» қырым татарлары этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Васпие Алиарова, «Достық үйінің» бас сарапшысы Нұрсәуле Альтекова, мәдениеттанушы – Бердалы Оспан қатысып Елбасының ел бірлігі идеясы туралы әңгімеледі. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ...

    Read More »

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-дың Шығыстану факультетінде «Сомониен» тәжік этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Иноятуло Валиевпен кездесу өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-дың Шығыстану факультетінде «Сомониен» тәжік этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Иноятуло Валиевпен кездесу өтіп, оған факультеттің оқытушылар мен студенттері қатысты. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесі көп талқыланды. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді.

    Read More »

    Орталық Азия университетінде қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Османмен кездесу өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    Орталық Азия университетінде қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Османмен кездесу өтіп, оған ЖОО студенттері жиналды. Кездесу қонағы қазақ халқының қонақжайлылығына, кеңқолтық дархан мінезіне айрықша баға берді. Елдегі барлық ұлт өкілдерін Елбасының бейбітшілік идеясын насихаттауға шақырды. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді.

    Read More »

    «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» атты дөңгелек үстел өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

    Алматы қаласындағы И.Крылов атындағы кітапханада «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» атты дөңгелек үстел өтіп, оған  «Қазақстан дұнған қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрғасы Абубакир Воинце, Грузин этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Кахабер Габелашвили, «Сомониен» тәжік этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Иноятуло Валиев, «Ахыска» халықаралық газетінің жауапты хатшысы Айнагүл Төлеутаева қатсып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді.

    Read More »