• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Ұлттық тағам (page 3)

    Ұлттық тағам

    Шұбат антибактериялық және антивирустық қасиетке ие

    Күнде жейтін ас-ауқатымыз химиялық, синтетикалық жасанды дүниелерден жасалғалы бері адамзат денсаулығына зор қауіп төнді. Аллергия, псориаз, қант диабеті, холлецистит, гастрит т.б. көптеген дерттер ушығып шыға келді. Дерт атаулының өршу себептерінің бірі азық түлігіміздің ластануында болып отыр. Қазақ атамыз: «Асы саудың – дені сау» деп бекер айтпаған. Сондықтан да қазақтың денсаулығы мықты болсын десек, дүниеге аяқ қолы балғадай сау ұрпақ әкелеміз ...

    Read More »

    Қымыз қырық түрлі дертке ем, алайда оның қадір-қасиетін ұмытып барамыз

    Жалы желкенше желбіреп, жер тарпып, оқырына шапқан қылқұйрықтыларды жек көретін қазақ баласы бар ма? “Ер серігі – ат” деген ғой халқымыз.Алғаш рет атқа мінуді анама ілесіп “Ермен” ауылында тұратын жездем Башен Байдошовтың үйіне пішен шабуға барғанда үйренген едім. “Торы ат” деген жұп-жуас сүйкімді торы тақымыма тигенде қуанғаным есімде қалыпты. Маған бірден ұнады. Қазіргі шаруа қожалығының басшысы, сол кездегі бала, бөлем ...

    Read More »

    Қымыз бен шұбатқа сусын деп ғана емес, дәрі деп те қараған мақұл

      Мемлекет басшысы бір Жолдауында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Елге әкелінетін медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсенді түрде отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға инвестиция тарту қажеттігін атап өткен болатын. «Ілкі жоба ретінде Қазақстанға дәрі жасап, шығаратын фабрикалар салу қажет. Жүздеген миллион долларға дәріні сырт елдерден тасимыз. Қазақстанның өз ішінде дәрі-дәрмек жасайтын мүмкіндіктер мол, бұған әсіресе шөп ...

    Read More »

    Ұлттық тағамдарымыз ұлықтауға лайық

    Тамақтың бабын қазақтай жасаған халық жоқ шығар сірә?! Сол тамақтың бабы мен дәмін келтіріп, тағамның жасалу технологиясын  қатаң сақтай білгендіктен халқымыздың ұлттық тағамдарының қай қайсысы болмасын аса дәмді, денсаулыққа пайдалы. Әдетте төрт түліктің еті де, сүті де сақтауға қолайсыз. Алайда тоңазытқышы мен мұздатқышы жоқ заманның өзінде ірі қараның етін бұзбай сақтау, сүтін сақтап қана қоймай сан түрлі ұлттық тағамдар жасау ...

    Read More »

    Ас беру

    Ғұрыптық қана емес, саяси-әлеуметтік институт ретінде де ас беру дәстүрі қазіргі кезде бұрынғы мәртебесін сақтап қала алды ма? Шынтуайтында, отар¬лау саясаты тәрізді түрлі саяси-әлеуметтік факторлардың тегеурінді әсеріне байланысты ас беру ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ сұйыла бастаған-ды. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезеңдегі ас беру деп атап жүргеніміз бұрынғы өткен батыр бабалар мен аталардың есімін ардақтап, дәріптейтін шара деңгейінде ...

    Read More »