Home » Айдарлар » Ұлттық тәрбие (page 5)

Ұлттық тәрбие

Жас келін төркініне сәлем салушы ма еді?

Мисыз бастың қауқары бар ма? Майсыз жіліктің құнары бола ма? Болмаса нұрсыз жанар көрікті ме? Әрине, жоқ. Бүгінгі қоғамдағы қазақы салт-дәстүрдің ахуалын көргенде дәл осылай құлазымасқа амал жоқ. Құр қаңқасы қолымызда қалғаны болмаса, біз көбінің мән-мазмұнын жоғалтып алыппыз. Ең өкініштісі де сол: біздің осы жоғалтуды көрмей,  сезінбей отырғандығымыз. Бір қарағанға, қазақылық қайта жаңғырып жатқан сияқты… Шілдехана, бесіктой, сүндеттой, беташар жасап, ...

Read More »

«Елім менің» отбасылық ойынға айналды

«Елім менің» жобасында өздерінің ел туралы білімдерін көрсеткісі келетін адамдардан қатысуға деген сұраныстар көптеп түсіп жатыр.  Қаншалықты патриот екендіктерін ел алдында сынға салмақ. Тіпті, спортшы Ардақ Назаров жары  журналист Маржан Болатқызына, ал «Ұлытау» тобының қатысушылары Ержан Әлімбетов әріптесі Алуа Махановаға қарама-қарсы топта бағын сынады. Сонымен қатар, олардың  топтарында белгілі журналист Назира Бердалы,  эколог және саясаткер Мэлс Елеусізов тартысты ойын көрсетті. ...

Read More »

Қазақтың «тегі» деген сөзі – бүгінгінің гені немесе заманауи отбасы

Қазақ бар жерде – қазақтың отбасы да болады. Немесе бүгінгі отбасы мәселесі туралы айтқанда, шүкірімізден «қауіпіміздің» басым болатыны қалай? Ағайын арасының суй бастауы, туыстықтың жып-жылы қарым-қатынасы үзілудің алдында тұруы нені көрсетеді? Әулеттік, туыстық сезімдерге не себепті селкеу түсе бастаған? Ер мен әйелдің арасындағы көрінбес жіптің жіңішкере түсуі – бүгінгі қоғамның кемшілігі ме, отбасы ұғымының арзандауынан ба? Отбасы деген ұғымды ер ...

Read More »

Оқушы қыздарға қос бұрым қою міндеттелді

Өзбекстанда мектеп оқушыларының киімі мен сыртқы келбетіне қатысты талаптар бекітілді. Бұдан былай сабаққа келген қыз балалардың шашы міндетті түрде қос бұрым болып өрілуі керек. Vesti.uz-дың хабарлауынша, мұндай бұйрықты республиканың халыққа білім беру министрлігі шығарды. Бұл құжатқа сәйкес, енді оқушылар әшекей бұйымдары мен косметиканы қолданбауға тиіс. Қыз балалар тым қысқа да, тым ұзын да, тым кең де емес көйлек киюі қажет. ...

Read More »

Сән беріп сәукелесі хас сұлуға…

Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Тігілген матасы, ою-өрнегі мен ондағы әшекей тастарының өзі көп нәрседен хабар беріп, киім иесінің кім екенін елге танытып тұрады. Үлкен талғампаздықпен, әрі аса тапқырлықпен тігілген ұлттық киімдеріміздің бірі – сәукеле. Сәукеле – ұзатылар қыздың бас киімі. Қалыңдық болғанда бір-ақ рет киетін оны қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін ...

Read More »

Келін

Бәріміз келіннің «аяғымен» дүниеге ендік. Сонда келін деген кім? Келін деген келген кісі. Қа­зақ солай бола тұра келінді қонақ де­мей­ді. Керісінше, қыз баланы қонақ деу дәстүрі қалып­­тасқан. Келін қонақ емес, ол отбасы­ңыз­ға енген бақ, береке. Келін дүниеге ұрпақ әкелуші, демек, ол отбасының ырысы мен өрісі. Бұл деген керемет мағына. «Қыз өссе елдің көркі», деген мәтел  осындай мәнге орай ай­тылса керек. ...

Read More »

Жар-жар айтылып, бата берілді

Қазақ үйлену тойына ерекше қырағылықпен қараған. Жаңадан қосылған жас жұбайларға бата беріп, «Жар — Жар» айтып, қос ғашықтың ақ некесінің адал болуын тілеу,қазақтың салт-санасында әлімсақтан бар дәстүр. Ұлыстың ұлы күнінің қарсаңында оңтүстік астанамыздың орталық неке сарайында қос ғашық ата-бабаның салтымен ақ некесін қидырды. Қос жүректің лүпілінің қатар соғылып, екі жастың өмір атты теңізге қол ұстасып, қадам басу салтанатына біз де ...

Read More »

«Әлди, әлди, ақ бөпем…»

Кез келген өркениетті қоғамда тәрбие тұрақты сипатқа ие болып, әртүрлі институттардың: отбасы, білім беру, БАҚ іс-әрекеті арқылы жүзеге асатыны көпшілікке белгілі. Оның ішінде жас ұрпақ мәдениетінің қалыптасуында отбасылық тәрбие басты рөл атқаратыны сөзсіз. Қай халықты алсақ та шаңырақ көтерген жас отбасы баласы болуын арман етеді. Себебі бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі- зайыптылардың тіреу-діңгегі. Сондықтан, қазақ халқы ...

Read More »

Қазақтың келіндері-ай!..

«Қызым – келіннен, ұлым елімнен ғибрат алып өседі» деп ұрпағынан жақсылық күтетін халықпыз. «Қыз бала – жатжұрттық» дегенді де атам қазақ бекерге айтпаған. Жас қыз ертең-ақ бойжетіп, балиғатқа толып, бір үйдің табалдырығын келін болып аттары сөзсіз. «Келіннің аяғынан…» деп барған жері жас келінге сын көзбен қарайды. Отбасындағы әже, аналарынан тәлімді тәрбие алған қыз бала барған жеріне «судай сіңіп, тастай батып», ...

Read More »