• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Ұлттық тәрбие

    Ұлттық тәрбие

    Ауған соғысы тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

    Жақында Алматыдағы Орталық кітапханада Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің “Азаматтық борыш” жобасының аясында Ауған соғысы ардагерлері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға жастар мен қоғам қайраткерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Ардагерлер өз кезегінде Ауған соғысының себептері мен өздерінің басынан кешкен оқиғаларды баяндап берді. Бір ардагер ұшқыш болса, екіншісі әскерге қару-жарақ пен дәрі-дәрмек жеткізуге міндетті машина жүргізуші, ...

    Read More »

    Шортанбайдың «Зар заманы» жастарға ой салады

    Шортанбай Қанайұлы – XIX ғасырдағы  қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз. Туған елінің тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарс айрыла жырлаған өз дәуірінің тамаша жырау-ақыны. Ақынның сырлы толғауларының ішіндегі ең айтулысы «Зар заман» өлеңі қай заман үшін де маңызды саналатын түйіткілді мәселелерге толы. Әсіресе, өлеңнен  бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты аса өзекті ойларды көптеп ...

    Read More »

    «Жақсының аты өлмейді…»

    (Жәкім ата Қоңқайұлының рухына арналады) Жәкім ата Қоңқайұлы ғұмыр бойы педагогика саласында қызмет еттті. Ұстаздық ұлы жолды өзіне мұрат тұтқан ол ғылым-білім жинап қана қоймай, онысын жас шәкірттерімен бөлісуді өмірінің мәні деп білгендей. Ол кісінің өз қызметіне берілген тұлға екені әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен, мінез-құлқынан да оп-оңай аңғарылып тұратын. Иә, расында да ұстаз кісі ақыл-кеңес айтумен ғана емес, өз болмысымен ...

    Read More »

    Әке бейнесі

    (Жәкім Қоңқайұлының рухына) Асқар тау Әке, ардақты ата, ел ықыласына бөленген құрметті азамат, өмірден түйгені мол ақылгөй ақсақал, білімдар әрі ізденімпаз тұлға, өмірінің 40 жылдан астам уақытын шәкірт тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, оқу-ағарту ісінің үздігі, адамгершілік пен ізгіліктің биік тұғырына көтеріле білген асыл жан, Жәкім Қоңқайұлының дүниеден озғанына бір жыл болып қалыпты… Бұл жыл оның жақындары үшін оңайға түспеді… Отбасының ...

    Read More »

    Қазақ тыйымдары не үшін керек?

    Ұлы далада өмір кешкен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің қыр-сыры өте көп болған. Тыйымдардың дәл қай заманда пайда бола бастағаны белгісіз. Бірақ өте ертеде пайда болғандығын елімізде болған шетелдіктердің жазғандары куәландырады. Мысалы ХІІІ ғасырда Орталық Азияға келген итальяндық Плано Крапини сол кездегі далалықтардың тыйымдары туралы былай деп жазғаны белгілі: «…олар көп нәрсені күнә деп санайды, пышақты отқа салуға болмайды, етті пышақпен қазаннан ...

    Read More »

    Дархан Калетаев: Более 50% молодежи Казахстана никогда не были в музеях и театрах

    На прошедшем в Шымкенте выездном заседании Совета по молодежной политике при Президенте РК участники выразили обеспокоенность состоянием здоровья и видами досуга молодежи, передает корреспондент МИА «Казинформ». «На протяжении ряда лет в области (ЮКО – прим. авт.) наблюдается уровень безработицы, который по итогам 4 квартала прошлого года превышает на 1,8 процентных пункта общереспубликанский показатель. Если доля по стране составляет 8,3%, то ...

    Read More »

    “Махаббаттың ғұмыры өлшеусіз”. Отбасын сақтап қалу үшін не істеу керек?

    Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Ал ол Отанды сақтап қалу үшін не істеу керек? Отбасында әйел адам мен ер адамның орны қандай болу қажет? Бүгін, отау тіккендеріне 3 жыл, 17 жыл, 30 жыл болған ерлі-зайыпты кейіпкерлеріміз бақытты отбасы болудың қарапайым принциптерімен бөлісті. Серікбол мен Жанар, некеде 3 жыл: Материалдық жағдайдың дұрыс болмауы ажырасуға әкеліп соғады Данышбаев Серікбол ...

    Read More »

    Қыз туралы 100 мақал-мәтел

    1. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі. 2. Астың дәмін келтірер түз емес пе, елмен жерді қосатын қыз емес пе. 3. Қызға қырық кісі сөйлейді. 4. Қызға қырық үйден тиым. 5. Қыз көрейік, қыз көретын жігітті біз көрейік. 6. Қызы жақсыны қыдыр қорыйды, қызы жаманды сайтан торыйды. 7. Қызың жақсы болса суда жүзген үйрек, қызың жаман болса ішіңе тиген ...

    Read More »

    Ұл-қызын орысша оқытқан адамның ұлт атынан сөйлеуге қақысы жоқ

    Әкенің сөзіне келіспесе де, ұл да қыз да оның сөзінен шықпайды. Қазыбек Тауасарұлының кітабын бірнеше рет оқыдым. Сонда отбасының тәрбиесі, қазақтың тегі жақсы жазылған. Қазір отбасылық тәрбие құрыды. Кеңес үкіметі бізге әке-шешені тыңдамауға үйретті. Содан әлі ретке келе алмадық. Алдымен, тіліміз бұзылды. Одан кейін атадан балаға дейінгі тәрбие бұзылды. Атасы тұрып, баласы сөйлейтін болдық. Әкесі тұрып, қызы бірінші болып дастарханнан ...

    Read More »